Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 2
Жолың болсын, жолаушы! М.Мақатаева «Ертең біз жол жүреміз»
|
Мектеп: №17 орта мектеп
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні: Бекешова Г.М
|
Сынып: 9 Т.2
|
Қатыспағандар саны:
Қатысқандар саны :
|
|
Сабақтың тақырыбы
|
Теміржол бекетінде
|
|
|
Оқу мақсаттары:
|
9.4.1.1 мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, нұсқаулық жазу;
9.5.1.1 өзгелік етістің қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану
|
Сабақтың мақсаты
|
Мәтін мазмұнын түсінеді, талқылайды.
2 . Мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтайды;
3. Мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, нұсқаулық жазады.
|
Бағалау критерийлері
|
түрлі стильдегі мәтіндер құрауда мәліметтерді жинақтап, дереккөздеріне сілтеме көрсетіп жазады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Көшірме, нұсқа
|
Пәнаралық байланыс
|
Әдебиет, тарих. Оқушылар сабақ барысында көне ескерткіштер туралы тарих пәнінен алған ақпараттарды пайдаланады
|
Алдыңғы оқу
|
«Күлтегін» жыры
|
Сабақтың барысы
|
Сабақ кезеңдері
|
Жоспарланған әрекеттер
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 минут
|
Қызығушылықты ояту. Оқылымалды тапсырма.
|
|
Сабақтың ортасы
10 мин
10 мин
5 мин
5мин
3 мин
Сабақтың соңы
2 минут
|
Мағынаны тану
Білгенге маржан!
Жанр түрлері:
Мақала, репортаж, очерк, рецензия, интервью, комментарий
Әңгіме, повесть, роман, өлең, драма, ертегі, трагедия, комедия
Лекция, монография, оқулық
Ғылыми журнал, диссертация
Бұйрық, арыз, қызметтік хат
Хат, имейл, блог-пост, үндеу мәтіні
Өмірбаян, күнделік, жол жазбалары
Жарнама, хабарландыру, нұсқаулық
Дау тудыру, әңгімелесу, хабарлама, баяндама, мінберсөз
Сәлемдесу, үндеу тастау, сұхбат
Қазақ тіліндегі стиль түрлері:
Ғылыми стиль
Ресми іс- қағаздар стилі
Публицистика- лық стиль
Көркем әдебиет стилі
Ауызекі сөйлеу стилі.
«Мақалдың сөздерін тап» ойыны.
Қолы ашықтың- несі ашық? (жолы)
Жол азабы-көр азабы.
Әңгіме не қысқартады? (жол)
Жолаушыны не сынайды? (жол)
Жол қадірін кім біледі? (жүрген)
1-тапсырма.
Екі мәтіннің тілдік ерекшеліктеріндегі айырмашылықтары мен ұқсастықтарын зерттеп талдау жасаңыз. Мақаланың жанрлық ерекшелігін анықтаңыз.
1-мәтін
Соңғы кезде жолаушы тасымалы мәселесі бірнеше дүркін биік мінберлерден көтеріліп жүр. Жолдағы жиілеп кеткен көлік апаттары, жазықсыз жапа шегіп жатқан жолаушылар – мұның бәріне кім кінәлі, неге тәртіп орнатпасқа, неге кінәлілерді қатаң жазаға тартпасқа, неге жолаушы тасымалын бір жүйеге түсірмеске? Елбасының өзі жол апатының жағдайына қатты алаңдаушылық білдіріп, тиісті құзырлы органдарға нақты тапсырмалар жүктеген болатын.
Ең бастысы, енді жолаушылар қыстың көзі қырауда ашық аспан астында дірдектеп тұрмайды. Диспетчерден баратын елді мекенге көліктің қай уақытта жүретінін сұрап, жол билетін алып, жылы жерде күтуге мүмкіндігі бар. Ал, жолаушылар тасымалының кестесіне келер болсақ, автопункттен Тараз, Алматы қалаларынан бастап, ауданның барлық алыс-жақын ауылдарына шағын автобустар жүргізу қарастырылып отыр. Әрине, әр істің де бастауы қиын болатыны сияқты мұнда да жүргізушілер мен жолаушыларды бір жүйеге түсіру оңай болмаса керек. Дегенмен, жақсы бастама – істің жартысы деген бар. Автобекет жақсы жұмыс істеп кетіп жатса бұл бәріміз үшін де әрі қолайлы, әрі абырой.
2-мәтін
Жолаушының таксиде қалған әмиянын кайтарып беру үшін оны 8 сағат күткен жүргізушіге көлік ұсынылды. Мәскеуде таксиде әмиянын ұмытып кеткен иесін сегіз сағат күткен қырғызстандық жүргізушіге тегін көлік ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі IZ.RU порталына сілтеме беріп. Такси жүргізушісіне «Ситимобил» көлік агерогаторы ерекше ұсыныс жасады. Егер ол аталған компанияда жұмыс істеуге келісімін берсе, одан бір ай бойы комиссия көлемін алмайтындарын мәлімдеді. Компания басшыларының айтуынша, сегіз сағат күткен такси жүргізушісінің оқиғасы оларды қатты тебіренткен.
«Такси тұтынушыларын ойлау – жүргізушінің ең басты міндеті, сондықтан бұл такси жүргізушісінің әрекеті басқа қызметкерлерге үлгі болады», – дейді олар.
|
Достарыңызбен бөлісу: |