Сабақтың тақырыбы: Тәрбие отбасынан басталады. Мақсаты



Дата25.12.2016
өлшемі38,68 Kb.
#4416
түріСабақ
9 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Тәрбие отбасынан басталады.
Мақсаты:

1.Мәтін мазмұнымен танысып, бекіту. Жаңа синонимдік қатардағы сөздерді үйрене отырып, сөздік қорларын молайту.

2.Өздіктерінен жұмыс жасай білуге дағдыландыру, ойлау қабілеттерін жетілдіру.

3.Отбасылық әдет-ғұрыпты сақтай білуге, тәрбие құндылығын сақтауға тәрбиелеу.


Сабақ түрі: жаңа сабақ.

Сабақ көрнекіліктері: интерактивті тақта, үлестірмелі карточкалар, оқушылардың сабаққа қажетті құрал-жабдықтары.
Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды жаңа сабақ өтуге әзірлеу, икемдеу.

Таңдап алу әдісі бойынша топтарға бөліп отырғызу.

Мұғалімнің сөзі: Балалар, берілген мақал-мәтелдерді оқып, мағынасын аша отырып тақырыпты анықтаңдар.

Мақал-мәтелдер
1.Әкеге қарап ұл өсер

Анаға қарап қыз өсер.

2.Шешесін көріп қызын ал

Ыдысын көріп асын аш.

3.Әдепті бала-арлы бала

Әдепсіз бала-сорлы бала.

4.Әке көрген оқ жонар

Шеше көрген тон пішер.


Дұрыс айтасындар, бұл мақал-мәтелдер отбасы, тәрбие туралы. Ендеше тақырып- «Тәрбие отбасынан басталады» деп аталады.

  1. Жаңа сабақ. Сөздік жұмысы.

Синоним сөздерді оқытып, аударту. Олармен сөйлем құрату.

Үлкен адам-егде кісі-жасы үлкен адам

Есейген бала-ержеткен бала

Қамқоршы-көмекші

Ардақтау-қадірлеу-сыйлау

Тәрбие-өнеге-үлгі

Салт-дәстүр

Парыз-борыш-міндет


Мәтінмен жұмыс түрлері: оқу, жоспар құру. Құрған жоспарларын оқу.

3. Бекіту: а/.Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңдар.

Ата-анаға (қамқоршы болу, хабарласу, ақылдасу) – әр баланың міндеті. Өз отбасын сыйламайтын ұл мен қыз басқа адамдарды да (қадірлейді, сыйлай алмайды). Ата-ананың (тәжірибесі, жинаған мүлкі, істеген ісі) – баласына үлгі-өнеге. Біз үлкендерден көп нәрсені (үйренеміз, бөлісеміз, әңгімелесеміз).


ә/. Сөйлемдерден сабақтас құрмаластарды тап, түрін анықта. (ауызша)

Бұлағы таудан арта ақса,теңіз болар аяғы. Сонда я жүрегім жеңер, я білегім жеңер.

Өзен біресе төмен ағып жатқандай, біресе сай-салаға бұрылып кеткендей. Істің аяғы тәтті болу үшін, басы қатты болу керек.

б/. Тест сұрақтарына жауап бер, өзіңді тексер, бағала.


  1. Құрмалас сөйлемнің неше түрі бар?

а/2 ә/6 б/3

  1. Құрмалас сөйлем нені білдіреді?

а/күрделі ойды ә/тиянақты ойды б/айтылған ойды

3.Үндестік заңына бағынбайтын сөзді тап.

а/сабақ ә/мұғалім б/ғаламтор

4.Мақалды аяқта: Дос жылатып айтады .................

а/ дұшпан таңдандырып айтады

ә/дұшпан күлдіріп айтады

б/дұшпан сендіріп айтады

5. Қатыстық сын есімді тап.

а/ойлы ә/әдемі б/қызыл

6.Қандай салалас құрмалас жалғаулықсыз қолданылады?

а/қарсылықты ә/түсіндірмелі б/қимыл-сын

7.Мына шылаулар қай сабақтас құрмаласқа жатады? сондықтан, өйткені

а/шартты ә/себеп б/қимыл-сын

8.Үндестік заңының неше түрін білесің?

а/5 ә/7 б/2 в/6

9.Салыстырмалы шырайдағы сын есім қайсы?

а/қызыл ә/қызылырақ б/қып-қызыл

10. Синоним сөздерді тап.

а/ұзын-қысқа ә/шыбын-шіркей б/әдемі-сұлу
Жауаптары:
1-б. 2-а. 3-ә. 4-ә. 5-а. 6-ә. 7-ә. 8-б. 9-ә. 10-б.
Бағалау:

«5» - қатесіз не бір қатеге

«4» - екі не үш қатеге

«3» - үш не төрт қатеге

«2» - одан да көп қатеге қойылады.
в/. Тұрақты сөз тіркестерінің мәнін аш, аудар.

Көзді ашып жұмғанша-

Қас пен көздің арасы-

Ит өлген жер-

Он саусағынан өнер тамған-

Қой аузынан шөп алмас

Көргеннен көзақы алу.

Толғаныс: Бүгінгі сабақтан не түсіндің?

Тәрбие неден басталады?

Сенің отбасыңдағы сыйластық қандай?



Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып немесе салып, тақтаға іледі.
4.Үйге тапсырма: 7-тапсырма 62 бет.-сурет боынша әңгіме құру.

Пайдаланған құрмалас сөйлемдерді көшіріп жазып, түрлерін анықтау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет