Сабақтың тақырыбы: Терме диктант Сабақтың мақсаты



бет2/9
Дата25.01.2017
өлшемі2,35 Mb.
#7775
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Үкінің айтқан сөздері:
Жалау демалыс киік тиін орман сазан сиыр

Сабақ жаңғақ әңгіме оқу мысық қырық жүйрік


  1. Негізгі бөлім

Қоянға көмектесуді одан әрі жалғастырып, тапсырмаларды орындау.

Терме диктант

1. Әріп санынан, дыбыс саны көп сөздерді теріп жаз.



Қоян, қоңыр, шіл, аю, таулы, жібек, тоқымашы, аяз, мая, қобыз, торғай, достар, шаян, таяқ, қаһарман, хат, құрмет, мереке, көпір, Бақтияр, қою, монтер, уақыт, мезгіл, тайыз, жақын, шыдам, қиқар, сыйлық,азаю, хайуан.

Сергіту сәті. «Сұр қоян»
2. Тасымалданбайтын сөздерді теріп жаз.

Ана, бата, бота, көжек, тірлік, гүл, ыдыс, Отан, итүлкі, көбелек, орта, қою, еңбек, береке, киік, жаяу, жауқазын, қиық, қию, топ, қорап, шөп.
3. «Артығын тап». Сөз құрамына қарап, артығын теріп жаз.

1) таяқ, қоян, жаяу, сыйлық, сая.

2) кітап, қалам, қасық, тай, жарық.

3) қарлығаш, құмырсқа, сандуғаш, аялдама,автобус.


ІV. Қорытындылау
- Міне, балалар, сендер берілген тапсырмаларды дұрыс орындағасын қоңыр қоян өз достарына аман есен жетіп, сендерге рақметін айтып, риза болды..

Пәні: қазақ тілі (факультатив)

Сыныбы: 1

Сабақтың тақырыбы: «Әдемі сөздер әлемі»

Сабақтың мақсаты:

-Әдемі сөздер туралы ұғым қалыптастыру.

-Баланың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту;

-Баланы ұйымшылдыққа ,адамгершілікке ,ер жүрек,батыр болуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілік: суреттер

Түрі: танымдық

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Кіріспе бөлім

«Буыннан сөз шығар» ойыны

нек жи


ян те

рек өр


һаз қо


  1. Негізгі бөлім

Мақалдарды оқып, түсіндіремін, ішіндегі балаларға ұнаған сөздерді жазғызамын.

Әдептілік, ар-ұят –

Адамдықтың белгісі.
Еңбек түбі – береке,

Көптің түбі – мереке.


«Сіз» деген - әдеп,

«Біз» деген – көмек.


Сурет бойынша әңгіме құрастыр.

«Ізетті бала» өлеңін оқып, «әдемі сөздерді» тапқызу

Ерлан қандай елгезек,

Берді ағайға жол кезек.



  • Ағай, ғапу етіңіз!

Алға қарай өтіңіз!

  • Оқасы жоқ, ұланым,

Ізетіңмен ұнадың! –

Деп, ағай да Ерланды

Жақсы көріп, нұрланды.

(Ә.Табылдиев)

Сөздік сынақсөз

Рақмет, сәлем, армысыз, қалайсың, кешіріңіз, әдептілік, ұят, төрге шығыңыз, сау болыңыз, рұқсат, көмек, мейрімді, жақсы, әдепті, достық.

ІҮ. Қорытындылау



Пәні: қазақ тілі (факультатив)

Сыныбы: 1

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар

Сабақтың мақсаты:

-Окушыларға Дауыссыз дыбыстарды меңгерту

-Баланын сөздік қорын молайту, өздігінен сөйлем құруға дағдыландырып, тіл байлығын, сөздік корын дамыту;

-Кітап сүйіп оқуға, кітапқұмарлықка тәрбиелеу;

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, көрнекілік,

Көрнекілігі: суреттер ,

Типі: аралас сабак

Сабақтың барысы:



  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Кіріспе бөлім

Жұмбақ шешу

Тік жардай түсі,

Шұбатылған, тұмсығы күшті.

Таситын жүкті,

Бұл қандай мықты? (Піл)

«Піл» өлеңін көшіріп жазып, дауыссыз дыбыстардың астын сызу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет