Жылулық Т-S диаграммасы. Меншікті энтропияны процесстердің графикалық суреті үшін негізгі параметрлерінің бірі ретінде қолдануға болады. Температура өзгеруіне байланысты көлемнің өзгеруін құрағандай, сәйкесінше энтропия мен температураның өзгеру процессін Т-S координатасында суреттеуге болады. Бұл жағдайда графикалық жазықтықтың кез келген нүктесі жұмыс денесінің белгілі бір күйіне сәйкес келеді, ал 1 нүктеден 2 нүктеге дейінгі сызық термодинамикалық процессті көрсетеді. Т-S координатасының ерекшелігі процесс сызығының астындағы аудан жұмыс денесімен берілген немесе алынған энергия мөлшеріне сәйкес келеді.