Онлайн сабақтың жоспары (синхронды оқыту)
Сабақтың тақырыбы
|
Термодинамика негіздері. Термодинамиканың бірінші және екінші заңы
|
Педагог
|
Ақбалаева Лаура
|
Курс
|
1-курс
|
Тобы
|
ИБ 20 9
|
|
|
|
|
Сабақтың өткізілетін күні
|
20.10.2020ж
|
|
|
|
|
Сабақтың түрі
|
Аралас
|
Сабақтың мақсаты
|
Техникалық термодинамиканың негізгі анықтамаларын, заңдарын, теңдеулерін қайталау, тексеру, жалпылау және бекіту; термодинамика заңдары туралы білімді жетілдіру.
|
Оқу - әдістемелік құралдар, әдебиеттер
|
Н.Нұрманов «Электро схемалар»
Н. Закирова, Р. Аширов. Физика. Оқулық+ СD. Арман-ПВ. 2019
Р. Башарұлы, Г. Байжасарова, У. Тоқбергенова.
|
Техникалық құралдар, материалдар
|
АКТ, ZOOM, Whatsapp
|
Сабақ барысы
|
Сабақ кезеңдері
|
|
1 Ұйымдастыру кезеңі:
|
-Студенттерге платонус платформасы арқылы тапсырма жүктеу.
-Whatsapp желісі арқылы кері байланыс орнатып,сабақ барысын түсіндіру
|
2.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Практикалық /зертханалық жұмысқа орындау кезеңі
(Сабақтың мазмұны қоса тіркеледі)
|
Термодинамиканың І және II заңдары
|
4. Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру кезеңі
|
Жартылай өткізгіш диодтарды оқып үйрену
|
Бөлім меңгерушісі :
Термодинамиканың І және II заңдары
Термодинамиканың бiрiншi заңы. Көптеген деректердi жинақтаудың негiзiнде энергияның сақталуының жалпылама заңы тұжырымдалды: табиғатта энергия U жоқтан пайда болмайды және жоғалмайды, ол тек бiр түрден екiншi түрге ауысады.
Жылу құбылыстарында таралған энергияның сақталу және айналу заңы термодинамиканың бiрiншi заңы деп аталады.
Жалпы жағдайда, жүйенiң бiрiншi U1 күйден екiншi U2 күйге ауысуы кезiнде, iшкi энергия атқарылған жұмыстың есебiнен қалай өзгерсе, жүйеге сырттан берiлген жылудың әсерiнен де солай өзгере алады. Термодинамиканың бiрiншi заңы нақ осылай тұжырымдалады: iшкi энергияның өзгерiсi жүйегце берiлген жылу мөлшерi мен сыртқы күштердiң жұмысының қосындысына тең:
ΔU = A + Q.
Егер жүйе жылу өткiзбейтiн болса (Q = 0) және ол механикалық жұмыс атқармаса (А=0), онда ΔU = 0, немесе U1=U2: тұйық жүйенiң iшкi энергиясы өзгермейдi (сақталады). Бұл дерек жылулық баланс теңдеуiн қорытқанда қолданылған болатын.
Термодинамиканың бiрiншi заңынан, ешқандай энергетикалық шығынсыз шексiз мөлшерде жұмыс жасай алатын қондырғыны – мәңгiлiк двигательдi жасап шығару мүмкiндiгiнiң терiстiгi шығады. Шын мәнiнде, егер жүйеге жылу берiлмесе (Q = 0 ), онда жұмыс A iшкi энергияның азаюы есебiнен ғана жүзеге асар едi: A = ΔU. Двигатель, энергия қоры таусылғаннан кейiн, жұмысын тоқтатады
Достарыңызбен бөлісу: |