)Әр адамның бойында ары-таза,намысы-берік,ұяты-күшті болуы керек.Егер осы үшеуі де адам бойында қалыптасқан болса, онда нағыз тәрбиелі де тәртіпті адам
3)Әр адамның бойында ары-таза,намысы-берік,ұяты-күшті болуы керек.Егер осы үшеуі де адам бойында қалыптасқан болса, онда нағыз тәрбиелі де тәртіпті адам.
«Қатты тәртіп көрсе бала күнінде, өнерімен қуантады түбінде».(слайд)
Құрметті оқушылар! Біздің отарба «Мәдениеттілер» ауылына келіп тоқтады. Олар бізге не айтар екен?
Еркебұлан:Мәдениеттілік-адамның айнасы іспетті. Мәдениетті болу айналаңдағы адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу.
Ситора: Адам тумысынан жамандыққа үйір емес.Ол жылдар өте келе өніп шығады.Жақсылық өнімнің шыққаны немесе оны жамандықтың арам шөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады. Ізеттілік пен сыпайылық сияқты мәдениеттілік түрлері отбасынан басталады.
Айдана: Адам қандай лауазымды қызметте жүрсе де ізеттілікті жоғалтпауы тиіс.Үлкен адамдарға қоғамдық көліктерде орын беру, сұрақтарына дұрыс жауап беруқажет.
Арман: Кешірімді болу, рұқсат сұрау, кешікпеу,ізеттілік көрсету – адамды мәдениетті болуға жетелейді.
Мұқасан:Рұқсат сұрау- адамдар қарым-қатынасындағы ішкі мәдениетті айғақтайтын этикалық қағидалардың бірі. Адамның меншік құқығын құрметтеу және оған қол сұқпау.
Айдос: Кешікпеу- бұл дағдыны адам өзіне бала жастан дарытқаны жөн.Кешігу адамдарды сыйламау. Жұмысқа немесе туған күнге, кештерге кешігіп бару барып тұрған мәдениетсіздік.Уәделі жерге ерте бару керек, кешіккен жағдайда кешірім сұрау керек.
Мұғалім: Ал, балалар, мәдениетті болу – өзіңді сыйлы ету екенін түсіндік. Енді сұрақтар қояйық.
1)Адамгершілік қасиеттерді қаншалықты бағалаймыз?
2)Сен өзің жіберген қателіктеріңді мойындай аласың ба?
3)Адам адамнан несімен ерекшеленеді?
Жауап:
1)Адамгершілік қасиеттерді дұрыс бағалай білуіміз керек. Адамгершілікке барлық қасиеттер саяды. Адамгершілік – адам бойындағы ең асыл қасиет. 2)Өзіңнің жіберген қателігіңді мойындау – ол үлкен ерлікпен тең қасиет. Қателігіңді мойындау ешкімге зияныңды тигізбеу, ешкімнің обалына қалмау.