Мұғалім: -Қане, балалар, ұлы данамыз Әл-Фараби тәрбие туралы қандай өсиет айтқан екен?
Шолпан: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы»
Мұғалім: - Иә, балалар, адамға берілген тәрбиенің нәтижесі – тәртіп болса, бүгінгі тәрбие сағатымыздың да тақырыбы «Тәртіп – тәрбие бастауы, тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы» деп аталады.
Біз тәрбие сағаттарымызды тәрбиенің 12 бағыты бойынша өтіп жатырмыз. Айтыңдаршы, қандай бағыттармен жұмыс жасап жатырмыз?
Оқушылар:
І. Азаматтық – патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
ІІ. Рухани – адамгершілік тәрбиесі
ІІІ. Отбасы тәрбиесі
IV. Өзін – өзі тану мен өзін – өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру
V. Әлеуметтік – мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру
VI. Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру
Мұғалім: -Балалар, коммуникативті мәдениетті қалыптастыру бағытын қалай түсінеміз? Тәрбиенің қандай тұстарын анықтайды?
Назиғат: - Тәртіп қағидасын анықтайды.
Шолпан:- Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет көрсетуді дәріптейді. Әдепті болуға, ізетті, кішіпейіл болуға негіздейді.
Еркебұлан: - Сабақтан тыс уақытта көпшілік орындарда өзін-өзі ұстай білуге дағдыландырады. Адамдармен қарым-қатынас жасауды үйретеді.
Мұғалім: - Сонымен, балалар, бұл бағыттың мақсаты қандай?
Мақсаты: Оқушылар мен жастардың бойында жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру арқылы жасампаздық әлеуметін ашу, рухани адамгершілікке тәрбиелеу.
Міне, балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыздың қай бағытта,нені үйрететінін де білдік. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың түрі - саяхат сабағы. Ендеше, мына тақтада көрсетілген карта бойынша ауылдарды аралап саяхатқа шығайық.
І кезең: Ауылдарға саяхат Оқушы: - Құрметті оқушылар! Біздің отарба «Әдептілер» ауылына келіп тоқтады. Тұру уақыты: 5 минут. Кешігіп қалушы болмаңыздар!
Ал, балалар, «Әдептілер» ауылында біз қандай қызықтарға тап болар екенбіз.