Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.
|
Ұйымдастыру кезеңі:
(Ұ) Оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.
|
Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
|
Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері
ДК экраны
|
Жаңа сабаққа кіріспе
|
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
|
Қате берілген тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазып, мәтін құрастырыңдар. Жай сөйлем түрлерін ажыратыңдар.
Түркү қаһанаты, арап жазуы, тамыры терен тарих, насиқаттау, Орхон-енесей, евразия, Ахмет Байтұрсынұлының әліббиі, руқани жаңғыру, рунна жазуы, таиница әліпбиі, мәдениет мен өркениет.
|
|