Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік күні. М. Шаханов «Желтоқсан тағылымы»


Жаңа сабақты меңгерту кезеңі: ДЖИГСО-1



бет2/2
Дата04.07.2018
өлшемі1,01 Mb.
#46278
1   2
Жаңа сабақты меңгерту кезеңі: ДЖИГСО-1

І топ:

Тәуелсіздік күні ( мәтінді жеке оқу, топта талқылау)

Талқылау сұрақтары:

1.Тәуелсіздік пен мәтінде берілген батырлардың есімін қалай байланыстырамыз?

2.Неліктен оларды батыр деуге болады деп ойлайсыздар? Дәлелдеу.

ІІ топ: М.Шаханов өмірі ( жеке оқу, талқылау)

Талқылау сұрағы:

1.Ақын неліктен өлең тақырыбын «Желтоқсан тағылымы»деп атаған ?

2. Ақын мен желтоқсан оқиғасы арасында қандай байланыс бар деп ойлайсыздар?



ІІІ топ: Желтоқсан тағылымы ( І шумағын оқу, талдау)

1.Шумақтың мазмұнынан жастар бойында қандай қасиетті байқадыңыздар?

2. Желтоқсан мен егемендік алу тарихын қалай байланыстыруға болады деп ойлайсыздар?

ІҮ топ: Желтоқсан тағылымы (ІІ шумағын оқу, топта талдау)

1.Осы шумақтағы Желтоқсанның мұзды алауы және жастар намысы деген ойдың түбінде не жатыр деп ойлайсыздар?

2.Қазақ елінің тарихындағы бұл оқиғаның бүгінгі күнмен байланысын қалай сабақтастырасыз?

Әр топтағы оқушылар 1,2,3,4 санына бөлінеді. Жаңа тақырыпты меңгерту мақсатында сандар бойынша жұмысшы тобына барып берілген тапсыраманы жеке оқып, топта талқылап, негізгі мазмұнын - идеясын түсініп шығады. Өз жанұяларына ( топтарына) келгенде жаңа білімдерін ретімен баяндап, ортаға салады.

3.Жаңа сабақты талдау кезеңі: Әр топтан оқушылар үйренген білімдерін ортада айтып шығады.

Топтарға ортақ сөздік жұмысы: 7 слайд.

Империя – ірі мемлекет.

Нарық – заттың кесімді бағасы, құны.

4.Сергіту сәті: 8 слайд.
Басымызда күн біздің,
Бәйтеректей көктеген.
Ұшып көкке самғаған.
Жортқан дала құмында,
Жас ұрпақпыз біз деген.


ІІІ. Ой толғаныс.

Жаңа тақырыпты қорыту кезеңі:

  1. Зерттеу әдісі бойынша оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, жаңа тақырыптан алған білімдерін саралау мақсатында мынадай тапсырмалар беріледі.

1 топ – эссе «Мен Тәуелсіз Қазақстанның болашақ ұрпағымын»

2-топ – сурет салу «Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы - Астана»

3 - топ – өлең шығару «Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ»

4 – топ – көрініс «Ерліктері біздерге үлгі - өнеге»

(талдау жүргізіледі)

Топтар жұмыстарын қорғап шығады.

  1. Үй тапсырмасы:

1.Өлеңді мәнерлеп оқу.

2.Топтық шығармашылық –ізденіс тапсырмасы:

  1. Топ : Желтоқсан көтерілісіне арнап альбом дайындау.

  2. Топ : Желтоқсан көтерілісіне қатысты жастар жайлы деректер жинау

  3. Топ : М. Шаханов жайында деректер жинау.

  4. Топ : Астана жайлы өлең шығару.


3. Бағалау: өзін –өзі бағалау.

Каталог: uploads -> doc -> 11e1
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
11e1 -> Тәрбие сабағының тақырыбы: «Өшпес ерлікке мәңгі тағзым»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет