Сабақтың тақырыбы: Тәуке хан тұсындағы Қазақ Хандығы Сабақтың мақсаты



Дата14.02.2018
өлшемі81,24 Kb.
#37685
түріСабақ
И.Тайманов атындағы орта мектеп

Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы

Дайындаған:Турсинова Г.У

Сыныбы:7а

Атырау қаласы

Сабақтың тақырыбы: Тәуке хан тұсындағы Қазақ Хандығы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға Тәуке ханның тұлғасын,оның ел басқару жүйесін жетілдіруі, “Жеті жарғы” заңын таныстыру,білгірлікпен жүргізген сыртқы саясатының нәтижесін көрсету.

Дамытушылық: Сабақта оқытудың жаңа технология элементтерін қолданып, оқушы белсенділігін арттыру, оқушылардың іс - әрекетін басқару арқылы ой таласын туғызу, білім – білікітілігін дамыту.

Тәрбиелік:Тәуке хан сияқты талантты саясаткер және дипломаттың халқына сіңірген тарихи еңбегін түсініп,бағалай білуге үйрету.

Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, ой-қозғау,

топтастыру, сын тұрғысынан

ойлау стратегиялары

Оқыту формасы: топтық жұмыс
Көрнекілігі: карта, интерактивті тақта, үлестірмелі материалдар,Хандар портретері

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру (1 мин)

2.Үй тапсырмасын сұрау (5 мин)

3.Пысықтау (5мин)

4.Жаңа тақырып (өзара оқыту) (15 мин)

4. Бекіту(15 мин)

5.Бағалау (2 мин)

6.Үйге тапсырма (2мин)

1.Ұйымдастыру.

Өте жақсы, Жақсы, Орташа

2.Уй тапсырмасын сұрау.

Деңгейлік тапсырмалар:




жақсы

Өте жақсы

Жарайсың!

I деңгей

Қазақ хандығының негізін қалаған хандар?

1465-1466 жылдары құрылған хандық?

Қазақ хандығының бастапқы кездегі алып жатқан территориясы?

II деңгей

Шығай хан Баба сұлтанға неге өшіктіі?

Тәуекел хан болғаннан кейін алдына қандай мақсат қойды?

Тәуекелге Абдоллах хан Баба сұлтанды өлтіргені үшін қай аймақты сыйға тарты?

III деңгей

Есім ханның Тұрсын ханды жазалауы туралы жазған жырау?

Алғашқы қазақ-Бұхар соғысы қай жерде,қай ханның тұсында болды?

Қазақ хандығымен Моғол хандығының одақтық қарым-қатынасын әңгімеле?

Картамен жұмыс

Қазақ хандығының алғашқы территориясы қандай? /Шу- Талас

  • Орта ғасырларда Қазақ хандығының солтүстіктегі көршілес ел қандай хандық? /Сібір хандығы/

  • Есім хан тұсындағы қазақ хандығының астанасы/Түркістан/

  • Тұрсын хан тұсындағы қазақ хандығының астанасы/Ташкент/

  • Қазақ хандығының құрылуы екі мемлекеттің ішкі саяси жағдайына байланысты болды,қай мемлекеттер/Әбілқайырхандығы мен Моғолстан

1.Есім хан тұсында өзін тәуелсіз хан жариялап,Ташкент қаласын астана еткен билеуші:

а) Абақ хан б) Абылай сұлтан

ә) Әбд-ар-Рахым хан в)Тұрсын хан

2. 1611 жылы бұхар әскерін басқарып келген хан?

а)Абдаллах хан

ә) Әбд-ар-Рахым хан

б)Имамқұли

в)Абақ хан

3. 1627 жылы Есім хан кімдерге қарсы соғысқа аттанды?

а) Қалмақтарға б) қытайларға

ә) бұхарлықтарға в) хиуалықтарға

4. Тұрсын ханның бүлігі тарихта қандай атпен қалды?

а)”Қалмақтардың аңырауы”

б) “Мұз қырғыны”

ә)”Отырар апаты”

в)Қатаған қырғыны

5. Есім хан қалмақтарға қарсы соғысқа аттанғанда ,Тұрсын ханның әрекеті?

а) Баласағұнды шабады

б)Түркістанды шабады

ә)Сығанақты шабады

в) Таразды шабады



1

2

3

4

5

в

б

а

в

б

Болжау технологиясы бойынша:

Т- өзбек ханымен жасасқан “ант беріскен шартты” бұзған,1582-1598 жылдары қазақ хандығының ханы болған?

Ә-Ресей бодандығын алғаш қабылдауға ниет білдірген Кіші жүздің ханы? (1693-1748 жылдары)

У-1711 жылы Абылай кімнің шаңырағында дүниеге келеді?

К-Қай ханның тұсында қазақ халқының саны 1млн-ға жетті?(1511-1518 жылдары)

Е-Қай хан Түркістан қаласын өзінің астанасы етіп жариялап , 1598-1628 жылдары хан болды?

Х-1582 жылы Тәуекел хан Ташкент билеушісі Баба сұлтанды өлтіріп,1538-1580 жылдары ел билеген қай ханның кегін қайтарды?

А-Үйсің Төле бидің түйесін бағып,Сабалақ деген ат берген 1771-1781 жылдары қазақ хандығын билеген хан?

Н-1991 жылы 1 желтоқсанда халықтың қолдауымен сайланған Қазақстанның тұңғыш президенті

«Бәрін білгім келеді!»

Жоспар:

1.Орбұлақ шайқасы;

2.Тәукенің хан тағына отыруы;

3.Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының ішкі жағдайы;

4. Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының сыртқы жағдайы;

5. “Жеті жарғы”;

6.Төле Әлібекұлы;

7.Қаз дауысты Қазыбек би;

8.Әйтеке би;

1.Орбұлақ шайқасы халқымыздың тарихындағы өшпес жарқын беттердің бірі.Жәңгірдің жаужүректігі мен тапқырлығы ,көрегендігі қазақ халқының мерейін үстем етті.Шайқасты ұйымдастырып,басшылық жасаған шапырашты Қарасай,арғын Ағынтай,найман Көксерек,алшын Жиембет,қаңлы Сарпың т.б.батырлар болдыЖоңғарлардың қалың қолы қазақ жеріне 1643 жылы баса көктеп кірді.Жәңгір 600 жауынгермен 50 мыңдық жоңғар әскеріне қарсы шықты.Жаркент қаласынан күншілік жердегі Қосқолаң тауының арасындағы Орбұлаққа бекінген Жәңгірдің санаулы сарбаздары жоңғардың 50 мың әскеріне қасқайып қарсы тұрды.

2.Тәуке хан (1680-1715)- феодалдық талас-тартыс пен бытыраңқылықты жойып,бір орталыққа бағынған қуатты қазақ хандығын құруға күш салды.

3.Ішкі саясаты

1.Ішкі талас-тартыс пен алауыздық өршіді.

2.Хандықтағы саяси жағдайды реттеуге күш салды.

3.Халықты біріктіру үшін шаралар жасады.

4. “Жеті жарғы” деп аталатын заңдар жинағын жасады.

4. Сыртқы саясаты

1.Көрші мемлекеттермен одақтасудың және бейбіт қатынас орнатудың жолдарын іздестірді.

2.Жоңғарларда қарсы күреске қырғыздар мен қарақалпақтарды тартты.

3.1710 жылы Қарақұм маңы.

5. Жарғы-қазақтардың бұрыннан келе жатқан әдеттегі құқық нормалары.

Жаңа сабақты бекіту

Топтық жұмыс

«Хандар»-қазақ хандығындағы хандардың алатын орны

«Билер» -қазақ хандығындағы билердің алатын орны

Екі жақты күнделік

1.Қазақ хандығының алғашқы хандары 1.Есім,Тұрсын

2. “Қатаған қырғыны” 2.Қасым,Есім

3.Билер 3.Хақназар,Жалым

4.Заңдар жазды 4.Тәуке,Жәңгір

5.Жоңғарлармен күресті 5.Төле, Қазыбек

6.Баба сұлтанның жансыздары өлтірді 6.Керей,Жәнібек

«Суретпен жұмыс»

Хандар” “Билер”



«Қатаған қырғыны» «Орбұлақ шайқасы»

Әр суретте қандай оқиға бейнеленген? Әңгімелеп беріңдер.

«Сұрақ бізден- жауап сізден»- сұрақтар қойылады, келесі әріптерден -жауап осы әріптен басталады.

Т- Тәуке хан кезіндегі Қазақ хандығынын астанасы.

Б- қара қылды қақ жарып,әділ шешім айтып,дау-дамайды шешуші.

Қ- Орта жүздің биі

Ә- Қазақша “жарғы” сөзінің мағынасы

Ж-Жоңғарларға қарсы күрестегі ғажайып ерлігі үшін халық атау берген хан

Х- Қазақ мемлекетінде билеушінің лауазымы

Т

Б

Қ

Ә

Ж

Х

Сұрақ-жауап қатынасы

1.Орбұлақ шайқасы туралы не білдік?

2.Қазақ халқы Тәуке ханды қалай бағалаған?

3.Тәуке хан мемлекет басқаруда негізінен кімерге арқа сүйеді?

4.Тәуке хан мемлекетті басқару ісіне қандай жаңалық енгізді?

5.Тәуке хан көрші мемлекеттермен қарым-қатынасты қалай жүргізді?

6.Қазақ тарихында “Жеті Жарғы” заңының маңызы қандай?

Үйге тапсырма:

2-топқа:“Венн диограммасы”

Қазақ хандығын Қазақстан Республикасымен салыстырады

Қазақ хандығының аумағын ҚР территориясымен салыстырады

Бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет