V. Есептер шығару. «Қызыл кітап» ойыны
Бұл ойынның мақсаты Қызыл кітапқа енген жануарлардың астында есептер жасырылған, осы есептерді шығару арқылы жануарлардың санын көбейтіп, Қызыл кітаптан алып тастау.
Ақбөкен, киік - №1
Тік бұрышты үшбұрыштың бір сүйір бұрышы 600-қа тең, ал оның гипотенузасы мен кіші катетінің қосындысы 15 см. Гипотенузаның ұзындығын табыңдар.
Жауабы: 10 см
Қарақұйрық - №255 (А)
табаны бар тең бүйірлі үшбұрыштың биіктігі жүргізілген. Егер болса, неге тең?
Жауабы:
Қызыл қасқыр - №256 (А)
Тік бұрышты үшбұрыштың бір бұрышы 600-қа тең, ал оның гипотенузасы мен қысқа катетінің қосындысы 26,4 см. Гипотенузаның ұзындығын табыңдар.
Жауабы: 17,6 см
Үкі - №258 (А)
Тең қабырғалы ABC үшбұрышының BC қабырғасының D ортасынан AC түзуіне DN перпендикуляры жүргізілген, AB=12 см болғанда, AN неге тең?
Жауабы: 9 см
Тасбақа - №259 (А)
Тең бүйірлі үшбұрыштың табанына қарсы жатқан бұрышы 1200-қа тең. Бүйір қабырғасына жүргізілген биіктік 9 см-ге тең. Үшбұрыштың табанын тап.
Жауабы: 18 см
VІ. Жаңа сабақты бекіту. «Ия немесе жоқ» ойыны
Мұғалім сөйлемдер оқиды, сол айтылған сөйлем дұрыс болса, қолымызды жоғары көтереміз, ал бұрыс болса, алдымызға созамыз.
Тік бұрышты тең бүйірлі үшбұрыштың бұрыштары 900; 600; 300 болуы мүмкін.
Бір бұрышы 300-қа тең тік бұрышты үшбұрыштың осы бұрышқа қарсы жатқан катеті гипотенузаның жартысына тең.
Тік бұрышты үшбұрыштың сүйір бұрыштарының қосындысы 1800-қа тең.
Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 1800-қа тең.
|
VІІ. Үйге тапсырма
|
Оқулықтан №152, №166 (1)
|
Бағалау (сабаққа белсенді араласқан оқушыларды бағалау)
|