5.4.1.1 қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар орындай алады: қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерімен танысады.
Көпшілік оқушылар орындай алады: Оқылым мәтінінен дыбыстарды тауып жазады.
Кейбір оқушылар орындай алады: Тапсырмаларды толық орындайды,ережені ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазады.
Сабақтың кезеңі/уақыт
Педагогтың әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы :
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушылармен амандасамын.
2. Психологиялық ахуал («Білім шаңырағы» әдісі) Ой қозғау:
Төмендегі жұмбақтарды шешіп қарайық.
Құмайда бар, суда жоқ,
Тұманда бар, буда жоқ.
Биікте бар, ойда жоқ,
Киікте бар, қойда жоқ.
Мұғаліммен амандасады.
Топқа бөлінеді.
Дескриптор:
-жұмбақты шешеді
-сұрақтарға жауап береді.
ҚБ: Сұрақ-жауап қоя отырып, мақтау, мадақтау арқылы бағалаймын.
Сұрақ -жауап
Топқа бөлу
Сабақтың ортасы:
Жаңа сабаққа.
Ережемен таныс болыңыздар.
1-тапсырма: Сөздердегі түсіп қалған әріптерді орнына қойып жаз. Қолдан..лады, қарым-қат...нас, жетк...зеді, күй...ніші, көз...арас, оқу..ық, дыбы...тар, әлі...би.
2-тапсырма.Жазылым. Сөз ішіндегі немесе сөз тіркесіндегі дауысты дыбыстардың айтылу ымен жазылуында айырмашылық бола ма? Қандай жағдайларда орын алатынын кестеде мысалдар арқылы береді.