|
Сабақтың тақырыбы: (тіл дамыту) "Зообаққа саяхат"
|
Дата | 25.01.2017 | өлшемі | 8,67 Kb. | | #7650 | түрі | Сабақ |
| Сабақтың тақырыбы: (тіл дамыту) Сабақтың тақырыбы: (сауат ашу және жазу негіздері ) Мақсаты: - Балаларға зообақ туралы түсінік беру, жабайы аңдар туралы білімдерін тиянақтау.
Сабақтың міндеттері: - Балаларды зообақта мекендейтін кейбір аңдардың ерекшеліктерін салыстыра айтуға, ажыратуға үйрету.
- Балалардың сөздік қорын молайту және дара логикалық ойлау қабілетін дамыту.
- Жан-жануарларды қорғауға, қамқор болуға, оларға сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақ әдісі: - Суретті плакаттар.
- Аңдар суреттері.
- Ағаш, тоғай, гүлдер.
- Полотно, әріптер
Сабақ барысы: - “Хайуанаттар әлемі” атты әңгімені мәнерлеп оқу.
- Әңгімеде не туралы айтылған?
- Айнұр қайда барды? Кіммен барды?
- Көкесі Айнұрдың басынан сипап не деді? “Ақылыннан айналдым, өйткені олар бізді күтеді ғой”- дегенді қалай түсінесіндер?
- Ал сендер зообаққа бардындар ма?
- Онда не көрдіндер?
- Кім апарды?
- Енді, бізде бүгін бәріміз зообаққа саяхатқа шығайық, ережелерді қайталаймыз.
- Басқа сыныпқа ағаш, гүл, шөптерді орналастырып дайындап қоямыз.
Айналаға қарандаршы: - Айналаға қарандаршы:
- Зообақ қандай әдемі.
- Зообақта ағаштар, түрлі шөптер,гүлдер өседі және жабайы аңдар болады. Бәрі бізді күтіп тұрғандай. Біз оларды жақсы көретімізді сезеді.
- Бұл зообақтағы жабайы аңдарға адамдар қамқорлық жасайды.
- Ол аңдарды атуға, тисуге болмайды. Зообақтағы ағаштарды кесуге, жұлуға болмайды т.с.с.
Балалар мұнда шалынып қалмандар. (діңгек) - Балалар мұнда шалынып қалмандар. (діңгек)
- Мұнда біреудің үйі бар сияқты.
- Бұл не? (кірпі)
- Кірпі қандай болады? Түсі қандай? (Балалардың жауабы) Балалары барғой деймін.
- Олар нені жақсы көреді? (сүт ішкенді)
- Онда кірпілерге сүт берейік.
Балалар, ағаш басында отырған нелер? (тиіндер) - Балалар, ағаш басында отырған нелер? (тиіндер)
- Тиіндер үйлерін қайда жасайды екен? (ағаштың қуысына)
- Қарандаршы! Тиіндердің анасы жылап отырған сияқты.
- Неге, сұрайықшы.
- Балалар, ол бір баласын жоғалтып алдым- дейді. Сендер көрген жоқсындарма? Іздейікші. (тауып, іліп қоямыз)
- Неше баласы бар екен? (үш)
- Тиіндер немен көріктенеді? Олардың ең жақсы көретіні жаңғақ екен. Теріп берейік.
- Жылама, тамақтанып ал.
- Ол сендерге рахмет айтты.
Абайлаңдар, балалар, ана ағаштардың арғы жағында нелер жүр? - Абайлаңдар, балалар, ана ағаштардың арғы жағында нелер жүр?
- Ия, бұл аюлар. Олардың түсі қандай?
- Қасындағы кішкентай баласын не деп атаймыз? (қонжық)
- Аюлар нені жақсы көреді? (бал)
- Онда оларға бал берейік.
- Сергіту сәті.
Ой, мына тоғайдың артында бір нәрсе жасырынып тұр ғой деймін. - Ой, мына тоғайдың артында бір нәрсе жасырынып тұр ғой деймін.
- Не екен көрейікші? (қоян)
- Қоян қандай? (түсін, түрін, мінез-құлқын аңықтау)
- Қоян немен көректенеді?
- Қоянға сәбіз берейік.
Ал, мына үйде кім тұрады екен? - Ал, мына үйде кім тұрады екен?
- Айналасы қандай әдемі, таза, гүлдер егілген.
- Гүлдердің түстері қандай? (қызыл, сары, көк)
- Есігін қағып көрейік. Ашпайды.
- Терезесінен қарайық. Көрінбейді. Бұл не?
- Осы үйде тұратын аң бізге жұмбақ жасырамын дейді. Шешуін табамызба?
- Өзі қу, әрі айлакер,
- Жүрген жері айқай да шу
- Бұл үйде кім тұрады екен? ( түлкі)
- Түлкі қандай? Түлкі туралы қандай ертегілер білеміз.
- “Бауырсақ” ертегісінен көрініс.
- Түлкіге бауырсақ берейік.
- .
Қортындылау: - Балалар,біз қайда бардық?
- Зообақта не көрдік?
- Полотноға аңдардың аттарын әріптермен тердіру, буынға бөлдіру, дауысты, дауыссызын атау
- Сендерге сабақ ұнадыма?
- Зообақта құстар, аңдар өмір сүреді екен.
- Аңдардың маскаларын кигізіп, мінез- құлқын, жүрісін келтіріп, үйге қайтайық.
- Сау болындар! Біз тағы да келеміз!
№ 34 жалпы орта білім беретін мектеп - Мектепалды даярлық топ жетекшісі
- Калиева Бақытгуль Турганқызы
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|