ІІІ Білімдерін тексеру: Диктант мәтінін мұғалім 2 рет дауыстап оқып, қиын сөзді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді.
Ою Жанар жасынан әсемдікке үйір болды. Әсіресе түрлі оюларға қызықты. Оның әжесі ауылдағы атақты оюшы болатын. Сырмақ, текеметке ою салатын.Әжесі бүкіл ауылдың әйелдерімен бірігіп, сырмақ тігетін. Осындай әдемі өрнектерді әжесінің жасағаны ұнайтын. Жанар әжесі өрнектер салып, ою ойғанда үнемі қасында жүретін. Жанар әжесінен ою оюды үйретуін өтінді. Әжесі келісті. Жанар қуанды. Әжесінің айтқанын бұлжытпай орындап жүрді. Көп кешікпей Жанар бұл өнерді игеріп алды. Ол да атақты оюшы болды. (65 сөз)
Тапсырма:
Алғашқы сөйлемнен тұрлаулы мүшелерді тауып жазу. 2
. Соңғы екі сөйлемнен тұрлаусыз мүшелердің астын сызу.
3. Мәтіннен тасымалданбайтын төрт сөзді теріп жаз.