Сабақтың тақырыбы: Тіл және сөйлеу. Сабақтың мақсаты



бет6/9
Дата05.02.2022
өлшемі421,88 Kb.
#14140
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
ІІ Мақсат қою кезеңі.
Бүгінгі сабақта біз диктант жазамыз. Диктант жазуға дайынбыз ба? Ондай болса жұмысты бастамас бұрын есімізге бірнеше ережелерді түсіріп алайық: Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады? Сөйлем қандай әріптен басталады? Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады?
ІІІ. Білімдерін тексеру:
Диктант мәтінін мұғалім 2 рет дауыстап оқып, қиын сөзді тақтаға жазады.
Жылан мен кірпі.
Таңертең бір нәрсе ысқырғандай жат дыбыс Қабидың құлағына естілді. Қаби оянып кетті. Төсектен басын көтерді. Ол Есеннің кереуетінің жанында ұстасып жатқан жылан мен кірпіні көрді. Жылан басын көтерді. Аузын ашып, тілін шығарып ысылдап тұр. Қаби мұны көргенде, қорқып, Есенді оятты. Есен де басын көтерді.
Жылан айыр тілімен кірпіні шақпақ болды. Бірақ шаға алмады. Кірпінің тікенектері үрпиіп тұр. Кірпі жыланның құйрығынан тістеп, кеміріп жатыр. (63 сөз)

Тапсырма: 1. Жай, құрмалас сөйлемдерді тап, сана.


2. Кірпі мен жылан жайында бір жай сөйлем, бір құрмалас сөйлем жаз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет