Сабақтың тақырыбы: Тілге құрмет – елге құрмет. Мақсаты



Дата08.06.2018
өлшемі16,76 Kb.
#41316
Сабақтың тақырыбы: Тілге құрмет – елге құрмет.
Мақсаты: Ана тілі туралы кең түсінік бере отырып, оқушыларды елжандылыққа, туған тілін қастерлеуге, Отанды сүюге, ата - баба дәстүріне, адалдыққа тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ - жауап, баяндау, әңгімелеу, ситуациялық сұраұтар, сайысу, ізденіс.
Көрнекіліктер: бүктемелер, қанатты сөздер
Барысы: 1. Ұйымдастыру
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- Құрметті қонақтар, оқушылар. Мектебімізде тіл мерекесі қарсаңңында 10 - күндік өтуде. Осы біздің шарамыз 22 - қыркүйек күнгі Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне қосатын кішкене ғана үлесіміз. Біз ана тілімізге деген сезімімізді тапқырлық өнеріміз арқылы білдіретіндігімізді қуанышпен айтамыз.
Қазақ тілі талай тарихи сыннан сүрінбей өтті. Дүние жүзіндегі ең бай, бейнелі, таза, өткір, терең, күшті кең тіл ретінде талайды тамсандырады.
Сүйемін туған тілді анам тілін,
Бесікте жатұанымда - ақ берген білім
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнін - деп ақын Сұлтанмахмұт жырлағандай, сол ана тілімізге деген қошеметімізді сайыс арқылы көрсетелік.
Сәлем бердік ұландарға талапкер,
Дос көңілден, адал аппақ ниетпен.
Ойынымызға қатысатын екі топты ортаға шақырамыз 1 - ші топ «Береке», 2 - ші топ «Ынтымақ». Әр оқушыны жеке - жеке таныстырып шығу
1 - ші айналым. «Кім жылдам?»
22 - сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауапқа 10ұпай беріледі, қай топтың оқушысы бірінші боп қол көтерсе, сол жауап береді.
Сұрақтар:
1. Қазақстанның тұңғыш Президенті кім?Н. Назарбаев
2. Бес нәрсеге асық бол,
Бес нәрседен қашық бол,
Адам болам десеңіз... өлең жолдарының авторы кім? Абай
3. Қазақта тұңғыш шешен кім?Жиренше
4. Тіл мерекесі қай күні? 22 қыркүйек
5. Екі кісінің сөйлесуі диалог
7. Үш арыс Сәкен, Ілияс, Бейімбет
8. Алтын адам табылған жер Есік обасы, Алматы обл.
15. Әдебиет нешеге бөлінеді? Ауыз әдебиеті же жазба әдебиеті
16. Бөбек қорының президенті С. Назарбаева
17. Бір жылда неше мезгіл бар? 4 мезгіл
18. Күні түні дем алмай жүретін не?ай мен күн
19. Бұл дүниеде де, о дүниеде де өсетін ағаш құрма
2 – тур. «Кім есті?»
Жұмбақтың шешуін шапшаң тауып, қазақша, орысша тілде айту,
1. Қарап тұрсаң өзіне,
Сурет түсер көзіңе.
Ол суретің ұқсайды,
Дәл қазіргі өзіңе.айна – зеркало
2. Бетін адам ашады,
Білім нұрын шашады.кітап - книга
3. Ойды аяқтап,
Қорытынды соңында доп тұрады.сөйлем - предложения
4. Сағат сайын қозғалады, тек мектептен табылады.қоңырау - звонок
5. Табаныма байладым,
Қос аяқпен айдадым.шаңғы - лижа
6. Ти десем тимейді,
Тиме десем тиеді.ерін – губи
3 - тур. «Өнер алды - қызыл тіл»
Тіл туралы мақал - мәтелдер айту.
Қай топ көп айтса, сонша ұпай жинайды, әр жауапқа - 10ұпай
4 - тур. «Жас суретші» шығармашылық тапсырма.
Берілген суретті әдемі етіп бояп, тақырып қойып, шағын мәтін құрастыру
5 - тур. Қорытындылау: Қазылар алқасына сөз беріледі, құттықтау, марапаттау.

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

Зеренді аудандық әкімшілігінің «Пухальск негізгі мектебі» КММ



«Тілге құрмет – елге құрмет»

7 - 8 сыныптар

Орындағандар: Оразова Гульден Жайлаубаевна

Қазақ тілі қазақ әдебиеті мұғалімі

2016-2017оқу жылы
Каталог: B9A63E078CCEA9AE
B9A63E078CCEA9AE -> Тақырыбы: «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы». Мақсаты
B9A63E078CCEA9AE -> Қазақ әдебиеті сабақтарында оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру
B9A63E078CCEA9AE -> Бекітемін Мектеп директорының м а. Сатанова Д. К. «Үздік мұғалім 2016» мектепішілік сайысты өткізу ережесі
B9A63E078CCEA9AE -> Сабақ Мақсаты: Республикамыздың қалай аталатыны қазіргі орталығы бас қаласы туралы мағлұмат беру
B9A63E078CCEA9AE -> Сабақ Тақырыбы: «Мәтінді теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту»
B9A63E078CCEA9AE -> Сабақтың тақырыбы: Астана Сабақтың мақсаты
B9A63E078CCEA9AE -> Бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігінің
B9A63E078CCEA9AE -> Сыныптан тыс іс шара «Зейінділер мен зерделілер»
B9A63E078CCEA9AE -> Зеренді ауданы әкімдігінің «Пухальск негізгі мектебі» кмм


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет