Дидактикалық материалдар оқыту қазақ тілді емес жалпы



бет1/7
Дата15.09.2017
өлшемі0,6 Mb.
#33522
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7
«Октябрь орта мектебі» ММ

ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР
«Оқыту қазақ тілді емес жалпы

білімберетін мектептің 8-сыныпқа

арналған қазақ тілі сабағына

жаттығулар жинағы»

Орындаған:

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Қожахметова А.М.

2013 жыл



Сабақ үзінділеріне ұсыныстар.


  1. Сабақтың тақырыбы: Отбасы сыйластығы.

Мақсаты:оқушылардың отбасына деген сүйіспеншігін, отбасы тәрбиесінің терең сезімдерін ояту; өз халқын, тілін, туған жерін сүюге, қадірлеуге, бағалап, мақтан етуге тәрбиелеу;

  1. Мәтінмен жұмыс. Мәтінді мәнерлеп, дауыстап оқып, отбасы тақырыбына қатысты тұсаукесер көрсетіп өткен жөн. Мұның негізінде оқушылар тек мәтінді оқып қана қоймай, көздерімен қазақ отбасындағысыйластық үлгілерін, отбасы тақырыбына байланысты мақал-мәтелдер, отбасы мүшелері мен олардың мінездері мен міндеттерін бейнелейтін көріністерін көзбен көріп отырады. Осыдан соң оқушыларға тағы бір рет мәтінді іштей оқып шығу тапсырмасы беріледі. Мәтінді іштей оқып шыққан соң, бірнеше оқушы тақтаға оқылған мәтіннен өздері түсінген және естерінде қалған қарапайым сөйлемдерді жазады. Мысалы: Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер». Жеке тұлға болып қалыптасу – отбасы тәрбиесіне тікелей байланысты. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған алтын ұя. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.

  2. Келесі кезекте мәтіннің әр обзацынан түйін сөздерді табу жұмысы да, оқушылардың мәтін мазмұнын естеріне сақтауға ықпал етеді. Мысалы: адамның алтын діңгегі,әке ұлға, шеше қызға үлгі болады, мәдениеттілікке тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам.

  3. Кез-келген лексикалық тақырыпты өткенде сол тақырыптың сөздік жұмысына көп көңіл бөлемін. «Адасқан сөз» атты сөздік ойынын өткізу қолайлы. Алдын ала дайын флипчарт әкеліп, оқушылар сол флипчарттағы қазақша сөздердің аудармасындұрыс орналастырады. Бір бағанға қазақша сөздер тізіледі де, төменде орысша баламалары тізіледі. Оқушылар кезек-кезек интерактивті тақтаға шығып, сөздердің баламаларын қарама-қарсы орналастырады.

  4. Грамматикалық ойын: «Сөйлемдер, сөйлеңдер!».

Отбасы тәрбиесі, отбасында ержетіп,ата-ана, құрметтеу, әдепті, тату-тәтті, жеке тұлға, берекелі.

Тапсырма: берілген сөздерді қатыстырып, құрмалас сөйлемдер құрастыру керек.
Отбасы сыйластығы тарауын оқытуды Қазақстан Республикасының балалар құқықтары туралы Заңы тақырыбмен ұштастыруға болады. Өйткені бала мен ата-ана ұғымдары - егіз. Осы орайда оқушыларға балалар құқықтары туралы мағлұмат бере отыра, ата-ананың міндеттері мен баланың ата-анасының алдындағы парызы туралы мағлұматты олардың ой-санасына берік орналастыру көзделеді.Мұны іске асырудың бірден-бір жолы – ақпараттық технологиялар мен қатысымдық әдіс формалары.



  1. Сабақтың тақырыбы: Балалардың құқықтары туралыҚазақстан Республикасының Заңы.

Мақсаты: ҚР Конституциясы, 27-бап, ҚР балалар құқықтары туралы заңнанмағлұмат беру, Неке және отбасы туралы ҚР заңыүзінділерінің мазмұн-мағынасын түсіндіру, жай сөйлемнің түрлерін лексикалық тақырыппен ұштарстыра меңгерту. Үлкенді сыйлауға, ата-ананы құрметтеуге тәрбиелеу.

  1. Жылулық шеңберін жасап, ата-ана туралы жылы лебіздерін білдіру. Балалар бір біріне: - Ата-анамыз аман болсын! – Тәуелсіздігіміз жасай берсін! – Қазақстан Республикасының Конституциясы нығая түссін! – деген сияқты жылы лебіздерін білдіреді.

  2. Әр бапқа жеке-жеке тоқталып, олардың мазмұнына байланысты тұсаукесерге қарай отырып, мәнін түсіндіру.

  3. Балалардың құқықтары туралы Заңның мәні туралы әңгімелеп болған соң, топтық жұмыс беріледі. Сыныптағы балалар үш топқа бөлініп, әр бапты сызба арқылы әңгімелейді. Бірінші топ оқушылары ҚР Конституциясының 27 бабы, екінші топ Балалардың құқықтары туралы ҚР Заңының 9-бабы, үшінші топ Неке және отбасы туралы ҚР Заңының 1-бабы жайынды ақпарат дайындайды. Бұл сызбаға заңдардың шыққан жылдары, заңдардың сөзінің мәні, ең есте қаларлық сөзін көрсету арқылы жүзеге асырылады.

  4. «Бұл қандай сөйлем?» грамматикалық ойыны ойнатылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы қай күн? Бала мемлекеттің қорғауында болады. Баланың қандай құқығы бар? Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын, ағайын! Бала – ата-ананың бауыр еті. ҚР Конституциясы қай жылы қабылданды? Балалар әке-шешелері қартайған шағында қамқорлық жасауға міндетті! Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы. Балалар, үлкенді сыйлаңдар! Немере деген кім? Ел болам десең, бесігіңді түзе.

Тапсырма: берілген жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен интонациясына қарай: хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлем бағаналарына орналастыру.
Мақал-мәтелдер – ғасырлар шежіресі. Онда халық тарихы, оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл-өнегісі мол көрініс тапқан. Мақал-мәтелдер ой дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді. Онда өмірдің сан алуан құбылыстарына баға беріліп, үлкен түйін жасалады, халықтың ғасырлар бойғы тәжірибесі қорытылады. Мақал-мәтелдер әр түрлі тақырыпта келеді. Сол тақырыптардың ішінде «Отан, туған жер» тақырыбы ерекше орын алады. Өзім сабақтарымда пайдаланып жүрген біраз әдістеріммен бөліссем деймін.


  1. Сабақтың тақырыбы: Отбасы - шағын мемлекет.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет