Дидактикалық материалдар оқыту қазақ тілді емес жалпы


Сабақтың тақырыбы: Алматы қаласына саяхат



бет5/7
Дата15.09.2017
өлшемі0,6 Mb.
#33522
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

Сабақтың тақырыбы: Алматы қаласына саяхат.

Мақсаты:Алматы қаласыжайлы деректер беру: таным белсенділіктерін дамыту; Қазақстанның оңтүстік астанасының көрікті жерлерін көрсетіп, оқушылардың еліне, туған халқына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.

  1. Тақырыпқа қатысты бейне көрнекілік көрсетіледі. [21]

  2. Мәтінмен жұмыс.

Біз Алматы қаласында тұрамыз. Алматы қаласы – ең әдемі қалалардың бірі. Қаланың көшелері неше түрлі ағаштармен көмкерілген. Көшелердің екі жағынан мөлдір бұлақтар ағып жатады. Қаланың оңтүстігін ақ бас Алатау қоршаған. Тау беттерін жап-жасыл болып тұратын шыршалар, қарағайлар, ақ қайыңдар жапқан. Тау етегінде атақты «Медеу» мұз айдыны, көптеген демалыс орындары бар. Қалада тарихи орындар, мұражайлар, көрікті жерлер, саябақтар өте көп. Қаланың батысы мен шығысынан Үлкен Алматы, Кіші Алматы өзендері ағып жатады. Алматы қаласының табиғаты – сирек кездесетін тамаша табиғат. [6]

Тапсырма: қаласында, көшелері, көмкерілген, оңтүстігін, орындары, кездесетін сөздеріне морфологиялық талдау жасау.

  1. Мәтінді пайдалана отырып диалаог құрастыру.




  1. Сабақтың тақырыбы:

Ұлы Жібек жолы.

Мақсаты:өз елдерінің тарихын, тарихи деректерін білуге, оның терең мәнін оқушылар санасына жеткізу; грамматикалық тапсырмалар орындай отырып, коммуникативті дағды мен білігін қалыптастыру; ізденушілік қабілетті дамыту.

Бұл сабақты Қазақстан тарихы пәнімен бірлесе отырып, интеграцияланған сабақ ретінде өткізудің тиімділігі зор. Сабақ көбіне ұжымдық жұмыс түрінде өтеді. Ұжым: оқушылар, қазақ тілі пәнінің мұғалім, Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі.



  1. Тақырыпқа қатысты бейне көрнекілік көрсетіледі. [22]

  2. Қазақстан тарихы мұғалімі карталар арқылы Ұлы Жібек жолының өткен жерін тарихи деректерге сүйене отырып, айтып өтеді.

  3. Оқушылар өздері сабақта берілген деректерге сүйене отырып, тірек сызба жасайды.

Сызбаның модулі мынадай болуы мүмкін.

Ұлы жібек жолы



Қай ғасырларда болған?




Неліктен «Жібек жолы» деп аталған?




Қай қалалар арқылы өткен?




Жалпы ұзындығы қандай болған?




Оның экономикалық маңыздылығы неде болған?




Қазақстан тарихында және жалпы Қазақстан мемлекетінде алатын орны.





Тапсырма: кестенің екінші бағанасын толтыру.
Патриотизмнiң қалыптасуына сонымен қатар тарихи орындарға туристiк бағыттар ұйымдастыру да ықпал етедi. Бұл үшiн оқушылардың жас ерекшелiктерiн ескере отырып, сабақтарымда кешендi экскурсиялық бағдарламалар әзiрлеу өте қолайлы екенін байқап жүрмін; оны қазіргі заманауи бейне көрнекіліктер арқылы жүзеге асырамын. Мұндай көрнекіліктер оқушылардың сабақтан алған әсерлерін күшейте түседі де, оқушылар бейне материалдан көрген көріністерін біраз уақытқа дейін ұмытпайды. Сонымен қатар, уақытты үнемдеуге ықпал етеді.



  1. Сабақтың тақырыбы: Қасиетті Түркістан қаласы.

Мақсаты:тіркескен сөздердің жасалуын ескере отырып, тақырыпқа байланысты өз ойын айта білуге үйрету. Халықтың мәдени мұрасын насихаттай отырып, ата-баба рухын қастерлеуге, қасиеттілік ұғымды терең түсіне білуге, өз Отандарында осындай тарихи-көрнекті жерлердің барын мақтан тұтып, бас июге тәрбиелеу.

  1. Тақырыпқа қатысты бейне көрнекілік көрсетіледі. [23]

  2. М. Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңі бойынша терме диктантын өткізу, оқушыларды грамматикалық және лексикалық бірізділікте жұмыс жасауына ықпалын тигізеді.

Түркістан – екі дүние есігі ғой,

Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.

Тамаша Түркістандай жерде туған

Түріктің тәңірі берген несібі ғой.
Ертеде түркістанды Тұран дескен,

Тұранда ер түрігім туып-өскен.

Тұранның тағдыры бар толқымалы,

Басынан көп тамаша күндер кешкен...


Тұранның теңіз дерлік көлдері бар,

Шалқыған кегі-шетсіз Теңіз, Арал.

Бір шетте қасиетті Ыстықкөлдің

Бауырында дүние көрген түрік көкжал.


Ертеде Оқыс, Яқсарт – Жейхун, Сейхун;

Түріктер бұл екеуін дария дейтін.

Киелі сол екі су жағасында

Табасың қасиетті бабаң бейтін. [14]



Тапсырма: өлең жолдарынан тіркескен сөздерді тауып, дәптерлеріне жазу.

Мысалы: екі дүние есігі, ер түріктің бесігі, Түркістандай жерде туған, түріктің тәңірі, Тұран дескен т.б.



  1. Мазмұнды сөйлемдермен жұмыс жасау.

Әр халықтың қадір тұтар, бүкіл түркі халықтарының рухани орталығы.

Біздің қазақ халқының сондай тікелей ықпал етті.

қасиетті жері -

Түркістан - тек қазақ халқының бас иер мекені бар.

емес

Түркістан қазақ хандығының Түркістан қаласы



мемлекет болып қалыптасуына

Тапсырма: сөйлемдердің басқы бөлігі мен аяқталу бөлігін сәйкестендіру.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет