Дидактикалық материалдар оқыту қазақ тілді емес жалпы



бет2/7
Дата15.09.2017
өлшемі0,6 Mb.
#33522
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

Мақсаты: оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілін сезімдерін ояту; өз халқын, тілін, туған жерін сүюге, қадірлеуге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу; мақал-мәтелдер, синонимдер, антонимдер арқылы оқушылардың тілдерін байыту; сөйлеу әрекетін, есте сақтау, қазақша ойлау, қабылдау, сауатты жазу қабілеттерін дамыту;

  1. 1) Туған жердің күні де ыстық,

Түні де ыстық.

2) Туған жерге туын тік.

3) Отан оттан да ыстық.

4) Көз – көңілдің айнасы.

5) Тіл – көңілдің кілті.

6) Піл көтермегенді – тіл көтереді.



Тапсырма: берілген слайдтардағы суреттерді сөзбен атау.

Мақалдың мағынасына сай жағдаят табу.

Ел-елдің бәрі – жақсы,

Өз елің бәрінен – жақсы.

Жер шарында бес құрлығында көптеген елдер орналасқан. Қазіргі таңда

көпшілік шет елдерге жұмыс бабымен болсын, демалып қайтуға болсын жиі

баратын болып жүр. Бірақ сол шет елдерде жүргенде барлығы жақсы, барлығы

қызық, дегенмен өз туған жеріңнің табиғатына, мөлдір, салқын бұлақ суына,

шексіз көк аспанына тең келмейді екен деп қайтатындар көп. Өйткені қай

жақта жүрсең де, туған қалаңды, ауылыңды, аулаңды, үйіңді тіпті төсегіңді



сағынасың.

  1. Туған жердің қадірін

Шетте жүрсең білерсің.

  1. Жері байдың елі бай.

  2. Отанға опасыздық еткенің,

Өз түбіңе өзің жеткенің.

Тапсырма: жоғарыда көрсетілгендей әр мақалға жағдаят тауып, дәлелдеу.

  1. «Мақалдың басы бізден, жалғасы сізден» ойынын сабақтың бекіту бөлімінде өткізген қолайлы, себебі балалар сабақ бойы көптеген мақал-мәтелдермен танысып, кейбіреулерін естеріне түсіріп, жаттығып отырады. Бекіту кезеңінде өткізілген бұл ойын оқушылардың сабақтан алған әсерін күшейте түседі.

  1. Ер елінде, ... .

  2. Кісі елінде сұлтан болғанша, ... .

  3. Ат айналып қазығын табар, ... .

  4. Өз елім - ... .

  5. Өз елімнің басы болмам да, ... .

Тапсырма: дайын флипчарттағы мақалдардың жалғасын жазу.


  1. Сабақтың тақырыбы: Туыстық қатынастыр.

Мақсаты: оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын арттырып, салалас құрмалас сөйлемдерді, олардың тыныс белгілеріне назар аудару; Қазақстан жерінде тұратын халықтардың салт-дәстүрлері, туыстық атаулары туралы әңгімелеп, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.

  1. Интерактивті отбасыы мүшелерінің суреттері беріледі.

Тапсырма: туыстық атауларды суреттердің жанына жазу.

  1. Жамбыл Жабаевтың өлеңімен грамматикалық тапсырма орындап, өлеңнің мазмұнына тоқталу жұмысы да туыстық, бауырмалдық, жауға бірге қарсы тұрушылық қасиеттерін нығайта түседі.

«Біз Алатаудай ел едік, -

Теңемек болды ойға жау;

Біз тасыған теңіз сел едік, -

Теңемек болды шөлге жау;


Біз атып тболған таң едік,

Түн етпекші болды жау;

Біз әлемге жарық күн едік, -

Өшірмекші болды жау!


Жау ма бізді бөгейтін,

Жау ма бізді жеңетін?

Қозғалып еді Алатау –

Табанында қалды жау.» [6]



Тапсырма: көшіріп жазып, салаластарға қойылған тыныс белгілерінің себептерін түсіндіріңдер.

  1. Мәтінді тыңдалым бөлімінде пайдалануға болады.

Туыстық қарым-қатынас

Ата-бабаларымыз «адам адаммен бай», «кісі болар баланың кісіменен ісі бар, кісі болмас баланың кісіменен несі бар» деп адам арасындағы қарым-қатынасқа зор мән берген.

Қоғамдық қарым-қатынастың бір бөлшегі – туыстық қарым-қатынас.

Жігіттің үш жұрты болады: «өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты» деген сөз туыстық қарым-қатынастың бағытын, орнын көрсетеді.

Қазақта қандас туыстық еркек тарапынан ғана жүргізіледі.

Қандас туыстыққа байланысты атаулар: өз елі, бойынша – баба, ана, ата, әже, шеше, аға, іні, апа, қарындас, ұл, қыз, немере, шөбере, шөпшек, немене, немере апа, немере аға, немере қарындыс, немере іні, шөбере аға, шөбере апа, шөбере қарындас.

Жігіттің екінші жұрты – шешесінің елі жағынан, яғни нағашы жұрты. Нағашы жұртына қатысты туыстық атаулар: нағашы ата, нағашы әже, нағашы аға, нағашы апа, нағашы іні, нағашы қарындас, жиен, жиеншар, туажат.

Жігіттің үшінші жұрты – әйелінің туыстары – қайын жұрты.

Екі елдің арасында қыз алысса, құдалық қарым-қатынас, күйеуі мен қайын жұрт арасындағы қарым-қатынас пайда болады.

Құда болған ауылдың әйелінің барлығы құдағи, қыздарының барлығы құдаша деп аталуы – қазақ халқының ат тергеу дәстүрінің бір көрінісі. [12]



Тапсырма: мәтінде кездесетін қиын сөздерді оқушылар тыңдау барысында дәптерлеріне жазып отырып, сол сөздермен сөздік жұмысын жүргізу.


  1. Сабақтың тақырыбы: Мен ата-анама көмектесемін.

Мақсаты: тақырып бойынша жаңа сөздердің мағынасын түсіндіріп, ырықсыз етіс ережесін меңгерту барысында практикалық тапсырмалар орындау. Отбасында ата-анаға құрмет көрсетуге, үй тіршілігінде оларға қолғанат болуға тәрбиелеу.

  1. Бізді тәрбиелеп өсірген Отанға көп алғыс айтамыз. Ата-анам жұыстан келмей тұрып, ыдыстарды жудым, үй жинадым, аула сыпдым, бақша суардым. Барлық киімді үтіктеп, орындарына жайғастырдық. Түскі тамақ дайныдауға апама көмектестім. Үй ауласында жүре берсең, көп жұмыс табуға болады.

Тапсырма: берілген сөйлемдердің етістіктерін ырықсыз етіс түріне айналдыру.

Жауап мынадай болуы мүмкін: Бізді тәрбиелеп өсірген Отанға көп алғыс айтылды. Ата-анам жұмыстан келмей тұрып, ыдыстар жуылды, үй жиналды, аула сыпырылды, бақша суарылды. [8]



  1. Етістіктің тағы бір категориясының түрі шартты райды қайталау мақсатымен Қазыбек бидің:

«Тату болса, ағайын жақын,

Бауырмал болса, інің жақын,

Инабатты болса, келінің жақын» - деген сөздерін шартты райлы етістікке мысал ретінде алып, Қазақстанда тұратын ұлттарды татулыққа, инабаттылыққа шақыра отырып, осы тақырыпқа сәйкес келетін мақалдарды еске түсіреміз: Татулық – табылмас бақыт. Бірлік болмаса, тірлік болмайды. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау ала болса, ауыздағы кетеді. т.б.


  1. Сабақтың тақырыбы: Жеті ата.

Мақсаты: отбасы тәрбиесін дәріптеу,оқушыларды жеті атасын, жалпы шығу тегін білуге тәрбиелеу. Қазақ халқының әдет-ғұрпы, салт-санасымен таныстыра отырып, халық мұрасына, тіліне, жеріне, тарихына, табиғатына деген аялау көзқарасын қалыптастыру, тақырып бойынша сөздік қорларын жетілдіру.

  1. Сабақтың кіріспе бөлімінде қазақ халқында жеті санын ерекше қадір тұтатынын айта келе, қасиетті жеті санымен байланысты мысалдар келтіру. Осы орайда сабақтың тақырыбын хабарламай тұрып, жеті жарғы, жеті ғашық, жеті қазына, жеті ғалам, жеті күн, жеті жұт, жеті жоқ, жеті амал, жеті жетім ұғымдарын айтып, жеті атаға тоқталу.

  2. Сабақтың эпиграфы ретінде слайдтардың біріне жеті жетімді жазып көрсетуге болады.

«Тыңдамаған сөз жетім

Киюсіз тозған бөз жетім

Иесіз қалған жер жетім

Басшысы жоқ ел жетім.

Замандасы қалмаса –

Бәрінен де сол жетім.»



( Сейіт Кенжахметұлы «Жеті қазына» кітабы.)

  1. Қазақ халқында туыстық қарым-қатынас жеті атаға. Яғни жеті ұрпаққа созылады. Әр буынның өзіндік аты бар. Олар: әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат. Жеті атаны бөлектеп алудың мәнісі – қазақ ұлтында нағыз жақын туыстықтың шегі – жеті атамен аяқталады. Жетінші ұрпақты қазақтар «немене», я «туажат» деп атайды. Мұның өзіндік мәні бар. «Немене» деген атаудың өзі беймәлім, түсініксіз деп сұрақ қойып тұрған сияқты. Ал «шөпшек» шөбереден кейін. Шөпшек деп қазақтар ағаштың қурап сынып түскен жіңішке бұтақтарын айтады. Осыған қарағанда, жеті атаға толғанда сегізінші ұрпақтың туыстық мәні жойылып, туажат (бөтен) елге саналады да, қыз алысуға жол ашылады.

Әдет-ғұрыпты сақтау үшін кейінгі ұрпаққа жеті атасын білу міндет етілген. [12]

Тапсырма: ұжымдық жолмен оқушылар мәтінді оқып, өз беттерінше сөздік құрастырады.

  1. «Қысқа да, нұсқа жауап» ойыны. Оқушылар екі топқа бөлініп, викторина сұрақтарына жауап береді. Қай топ қысқа да, нұсқа және нақты болса, сол топ жеңімпаз атанады.

  1. Қазақ халқында туыстық қарым-қатынас неше ұрпаққа созылады?

  2. Қандас туыстық кімнен ғана жүргізіледі?

  3. Қандас туыстыққа қандай атаулар жатады?

  4. Шешесі жағынан туыстар қалай аталады?

  5. Қайын жұртқа қандай туыстар жатады?

  6. Жеті атасын білуді неге міндет еткен?

  7. «Отбасы – шағын мемлекет» дегенді қалай түсінесіңдер?

  8. Ата-ананы ардақтау неге біздің парызымыз?

  9. Отан мен отбасы туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

  10. Қазақтың киелі санын ата.




  1. Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының салт-дәстүрлері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет