Сабақтың тақырыбы: Тіркес тұқым қуалау. Жыныстық хромосома және оның гендері. Сабақтың білімділік мақсаты


ІІ Үй тапсырмасын тексеру (5 мин.)



бет2/5
Дата09.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#131252
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
sinip-ashi-saba-zhmis-zhospari

ІІ Үй тапсырмасын тексеру (5 мин.)
1.Моногибридті будандастыру?
Тұқым қуалауға талдау жасағанда 1-будан ұрпағы бірдей пішінді, бір типтес болғандықтан бұл құбылыс Мендельдіңбіріншізаңы деп аталады.

Доминантты және рецессивті белгілері бар тұқымдардың F2-де сандық арақатынасы 3:1 болады. Бір жұп белгілердің осындай арақатынаста ажырауы Мендельдіңекінші заңы немесе ажыраузаңы деп аталады.
2.Дигибридті будандастыру?
Мендельдіңүшіншізаңы баламалы белгілердің әр жұбы ұрпақтарға бір-біріне тәуелсіз тарайды, сондықтан 2-ұрпақта белгілі бір сандық қатынастықта белгілердің жаңа комбинациялары бар дарабастар пайда болады деген тұжырымдама жасайды.



3.Викториналық сұрақтар.
1) Генетика дегеніміз не?
Генетика – белгілердің тұқым қуалау заңдылықтарын және олардың өзгергіштіктерін зерттейтін ғылым.
2) Мендель өз тәжірибелерінде асбұршақты алудың себебтерін атап шығыңыз?
І. бірнеше белгілері бойынша бір-бірінен айқын ажыратылатын көптеген іріктемелері бар;
ІІ. Өсіруге қолайлы;
ІІІ. Өсімдік өздігінен тозаңданады;
3) Ген деп нені айтады?
Ген – дегеніміз бір нәруыз туралы ақпарат жазылған ДНҚ үлескісі.
4) Мендель ата – ене формаларын қалай атады?
Таза тармақ
5) Мендельдің қанша заңы бар? Оларды атап шық.
Мендельдің үш заңы бар: Басымдық заңы, Ажырау заңы, Тәуелсіз тұқым қуалау заңы.
6) К.Э. Коренс, Г. Де Фриз, Э.Чермак тарихқа қандай атаумен енді?
Мендель заңдылығын жаңадан ашушы адамдар деген атаумен.
7) Өзара әрекеттесу кезінде жаңа белгі беретін гендердің бірлесіп басымдық жасау құбылысы қалай аталады?
Қос басымды болу немесе қос басымдылық
8) Тіркес гендер терминіне анықтама беріңіз?
Тіркес гендер – бұл бір хромосома шегінде болатын гендер.
9) 46 хромосоманың ішінде қанша хромосома Мендель заңына толық бағынады?
44 хромосома Мендель заңына толық бағынады.
10) Моногибридті будандастыру деп нені айтады?
Моногибридті будандастыру – бұл ата-енелер формалары тек бір жұп белгілері бойынша ғана ерекшеленетін шағылыстыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет