Сабақтың тақырыбы: Тіршілік үшін күрес, оның себептері мен түрлері Сабақтың мақсаты



Дата05.07.2018
өлшемі36,5 Kb.
#47229
түріСабақ
Оңтүстік Қазақстан облысы

Шардара ауданы, Шардара қаласы

№1 М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі

Биология пән мұғалімі



Асыкбекова Гулнар Жумахановна
Сабақтың тақырыбы: Тіршілік үшін күрес, оның себептері мен түрлері

Сабақтың мақсаты: оқушыларға тіршілік үшін күрестің үш түрін, оның ішінде ең бастысы - түрішілік күрестің ерекшелігі мен маңызын мысал келтіру арқылы түсіндіру;
дамытушылық: оқушылардың жеке тұлғасын жан - жақты дамыту, өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыра отырып, ойлау қабілетін арттыру, оқушылардың шығармашылық ізденісін жетілдіру, пәнге қызығушылығын арттыру; Өз - өзіне сенімділікке, ізденімпаздыққа, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау технологиясы стратегиялары, түсіндірмелі – иллюстративті, баяндау, тірек - сызба әдісі, көрнекілік әдіс, әңгімелесу, озық тапсырма беру.
Көрнекіліктері: интерактивті тақта, слайд - суреттер, тірек - сызба
Пән аралық байланыс: әдебиет, эволюция негіздері, жаратылыстану.

Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылармен амандасып, түгелдеп, сынып оқушыларын сабаққа
психологиялық дайындау.
б) мақсат қоя отырып, сабақтың эпиграфымен таныстыру
Сабақтың мақсаты: оқушыларға тіршілік үшін күрестің үш түрін және оның ішіндегі ең бастысы - түрішілік күрес деп, қалған екеуін соны күшейте түсетіндігін мысал келтіру арқылы түсіндіру.

ІІ. Үй жұмысын тексеру
«Жан қиналмай жұмыс бітпес,
талап қылмай мұратқа жетпес» сұрақ - жауап әдісі.

ІІІ. Үй жұмысын бекіту
«Сен білесің бе?» танымдық ойын көмегімен үй тапсырмасын бекіту

IV. Жаңа сабақты түсіндіру
«Білгенге маржан» баяндау, сипаттау, салыстыру, түйіндеу.
Төмендегі слайдтардың көмегімен сабақ түсіндірілді
Тіршілік үшін күрес
Ч. Дарвин тіршілік үшін күрес өзара бірін - бірі ығыстыратын екі себеп деп есептеді, ол себептер:
1. Тірі ағзалардың көбеюге шексіз бейімділігі;
2. Екінші тараптан табиғи ресурстардың шектеулілігі.
«Күрес» ұғымы бірін - бірі ығыстыратын дарақтардың тікелей соқтығысуы ғана емес. Мұны тірі ағзалардың өзара жәрдемдесуі, селқос бәсекелестіктің және бүкіл селбестік жиынтығының күрделі өзара қатынасы деп түсінген жөн. Дәстүр бойынша тіршілік үшін күрес 3 түрге бөлінеді. Олар: түрішілік, түраралық күрес және абиоздық факторлармен немесе әлі табиғатпен күрес.
1 слайд
2 слайд
Түрішілік күрес
Күрестің бұл формасы бір түр дарақтарының арасында өтеді. Мұндай күреске бұғылардың немесе өзге жануарлардың күйлеу бәсекелестігі; қарағайлы немесе шыршалы ормандардағы өсімдіктердің бір түрінің жарық үшін бәсекелестігі мысал бола алады. Күрестің бұл түрі өте шиеленіскен форма, оның барысында көбінесе дарақтар өледі.
3 слайд
Шынында да көптеген сүтқоректілерде күрестің бұл түрі тууға дейін басталып кетеді. Көп ұрпақ беретін андардың (тышқандар, иттер) бір ұяласында салмағы мен мөлшері біркелкі емес күшіктері болады. Бұл ұрықтық деңгейден - ақ туыстас еркек және ұрғашы күшіктер қағанақ арқылы анасының ағзасынан түсетін қоректік заттар үшін бәсекеге түсетінін дәлелдейді. Сөйтіп қоректік заттарды мол пайдаланатын, дамуы тезірек жүретін күшіктердің дені сау, күштірек болады да бірінші болып тууға мүмкіндігі көбірек болады. Туу соңынан бәсекелестік үдерісі күшейе түседі.
4 слайд
Бір ұядағы балапандар ата - енесі әкелген қорек үшін бәсекелеседі. Жануарлардың бір жұбында бір маусымда ұрпақтары неғұрлым көп болса, олардың арасында тіршілік үшін түрішілік күрес соғұрлым күштірек болады. Мәселен, теңіз шошқасының ұяластарындағы елім - жітім мөлшерінің өте кеп болуы туған күшіктер санының көптігіне төуелді болатыны байқалған. Дамудың мұндай тетігі ұрпақ тығыздығын тежейді.
5 слайд
Туған дарақтар саны 2 3 4 5 6
Өлім - жітім %- ы ----22% 27% 38% 45% 70%
Мұндай жағдай жануарларда ғана емес, өсімдіктерде де бар.
Мәселен, өсімдіктің бір түрінің тұқымын бірдей мөлшерлі үлескіде өсіруге сынақ тәжірибе қойылған. Егілген тұқымның саны мен сапасы (өнгіштігі) бірдей, бірақ топырақ типтерінде айырмашылық болған. Тыңайтылған топырақтағылардың өлім - жітімі 16, 5% болған. Ал құнарлы заттарға байытылмаған, тыңайтылмаған топырақтағылардың өлім - жітімі 36%-ға жеткен. Өскіндер биіктігінде де айырмашылық байқалған. Тыңайтылған топырақта өскін биіктігі орташа мөлшерден 40 - 50% жоғары болды. Осындай сынақ тәжірибеден түрішілік бәсекелестік қатал болады деп қорытынды жасауға болады. Дәл сол аумақта бір түрдің дарақтар саны көбірек болса, күрес күштірек және өлім - жітім соғұрлым жоғары болады.
Түрішілік күрес негізгі үш бағытта іске асады. Олар:
1. қорек үшін,
2. жыныстас әріптесі үшін,
3. аумақ үшін күрес.
6 слайд
Өсімдіктерде жыныстас әріптесі үшін күрес, әсіресе өздігінен тозаңданатын түрлерде шартты сипатта болады.
Бұдан басқа бүкіл түрішілік және тұраралық күресті тура және жанама деп бөлуге болады. Тура күрес кезінде дарақтар ашық соқтығысады. Мысалы, көптеген түрлердің аталықтары (әтештер, қоңыздар, иттер, мысықтар, морждар) аналықты иелену үшін қақтығыс жарысқа түседі. Жануарлардың көпшілігі (қоңыр аю, арыстандар) аумақ үшін жұлқысады. Қорек жетіспесе (шортандар) немесе өзге себептер әрекетінен (арыстандар тұрақты топ жетекшісі ауысқан кезде) ересек дарақтар өз түріне жататын шабақтар мен күшіктерді жейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет