Сабақтың тақырыбы: Тізбек бөлігі үшін Ом заңы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Ом заңын қорытып шығару. Тізбек бөлігіндегі Ток күші ол бөліктің кедергісіне тәуелді болатыны тәжірибе жүзінде анықтау.
Дамытушылық мақсаты: Күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, мысалдар құрастырып, есептер шығарып дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Еңбекке баулу, ғылымға қызығушылығын арттыру, өз бетімен ізденуге дағдыландыру.
Сабақтың типі: Бекіту сабағы.
Сабақтың оқу әдістері: Шығармашылықпен зерттеу, оқыту технологияларының түрлері, тез ойлануға үйрету, келелі мәселелер қоя білуге үйрету әдістері.
Сабақтың көрнекілігі: Баға рейтингісі, баға мониторингі, оқушыға үлестіретін деңгейлік тапсырмалар, жалауша.
Сабақ жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі
а/Шапшаңдық гимнастикасы
Үй тапсырмасын тексеру.
А/ сұрақ – жауап
Қорытындылау
3.Өткен материалды пысықтау.
А/ Логикалық есептер
Қорытындылау
В/ Деңгейлік тапсырмаларды орындау.
Қорытындылау.
4. Қорытындылау, бағалау.
5.Үйге тапсырма
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеп, назарларын сабаққа аудару.
Шапшаңдық гимнастикасы
4 амалға ауызша есептеуге есептер беріледі, дәл болмаса да 2 – 3 санға қателескен жауап та дұрыс саналады.
Үй тапсырмасын тексеру.
Электр тогы дегеніміз не?
Ток күші дегеніміз не?
Кернеу дегеніміз не?
Кедергінің физикалық мағынасын айт.
Деңгейлік тапсырмалар.
1 – деңгей.
Қалта фонары қыл сымының кедергісі 15 Ом болса және ол керенуі 4,5 В батареяға қосылса, онда қалта фонарының электр шамынан өтетін ток күші неге тең болар еді?
Кернеуі 120 В , ток күші 0,5 А электр шамының кедергісін анықта.
Кедергісі 0,25 Ом өткізгішке ондағы токтың күші 30 А болу үшін қандай кернеу түсу керек?
2 – деңгей.
1. Көлденең қимасының ауданы 0,1 мм2 никелин сымынан жасалған электр қыздырғыштың спираліндегі керенеу 220 В ток күші 4А. Сымның ұзындығы неге тең?
2.Ұзындығы 150 см және көлденең қимасының ауданы 0,025 мм2 болатын ток күші 250мА темір өткізгіш ұштарындағы керенуді анықтаңдар.
3– деңгей.
1. Ұзындығы 2 км және кедергісі 8,5 Ом мыс сымның массасы қандай?
4– деңгей.
1. Қолда бір текті екі өткізгіш бар, бірі екіншісінен 8 есе ұзын, ал екіншісінің көлденең қимасының ауданы біріншісінікінен екі есе үлкен. Осы өткізгіштердің қайсысының кедергісі үлкен және неше есе үлкен?
Қорытындылау.
Оқушылардың білімін бағалау.
Үйге тапсырма.
Сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттыратын негізгі тәсіл – оқушыларға осы деңгейлік тапсырмалар беру.
Сұхбат бөлімінің 4 – ші сабағында биоақпараттық технологияның «тридалогика» - сы негізінде жасалған сабақ жоспары ретінде.
Технологиялық картаның негізгі ерекшелігі:
Биоақпарттық технологиялық прогресс үшін пәндердің логикалық және құрылымдық тиімділігін анықтауда технологиялық картаның маңызы зор. Бұл орайда сынып оқушылары үш – үштікке бөлініп отырады.Әр үштік өз дәрежесіне қарай қызмет атқарады.
«Рухтандырушы» - ол есеп шығару кезінде басты идеяларды айтушы. «Практик» - есептің берілуі мен шығару жолдарын бақылайды. «Сыншы» - шығарылған есептің қате, дұрыстығын қадағалайды. Мұғалім тақырыпты түсіндіру барысында уақыт үнемдеуі керек. Белгіленген уақыт бойынша әр үштік өзіндік жұмыстар орындайды.Орындалған жұмысгрек алфавитінің әрпімен белгіленеді.Тапсырманы бірінші біткен үштік тақтаға шығып, өзінің есебінің дұрыс шығару жолдарын көрсетеді. Осы уақытта сарапшылар қалған үштіктердің жұмыс процесі кезіндегі қателіктерін бақылайды. Егер тақтадағы түсіндіру қанағатталынбаса, келесі үштік шақырылады. Түсіндірудің соңында басқа сыншылар сөз алып үштіктің жіберген қатесін тауып, байқаған қателері бойынша өз ойларын айтады. Орта есеппен кестеге тапсырманың қанша пайызға орындалғандығын және қателерін жазып, мұғалім қорытындылайды, келесі тапсырманы береді. Үштіктер әр уақытта сыныптың «жұмысшы ұяшығы» болып табылады және оқушылардың еркімен , сондвй – ақ мұғалімнің айтуы бойынша тек белгілі мақсатпен ғана ауыса алады. Үштіктердің қайта – қайта ауысуына жол берілмеуі керек, себебі мұндай жағдай процестің тиімділігін және білім деңгейін төмендетеді.
Күні
|
Сыныбы
|
Пәні
|
Оқушы саны
|
|
Тақырыбы
|
|
|
|
|
Үштіктер саны
|
Сарапшылар
|
|
|
|
Құрылымы
|
Шығарылу уақыты
|
Түсіндіру уақыты
|
Қатесі
|
Білім сапасы
|
1 - деңгей
|
|
|
|
|
2 - деңгей
|
|
|
|
|
3- деңгей
|
|
|
|
|
4- деңгей
|
|
|
|
|
Қорытынды бөлімінде тест тапсырмаларын аламын.
Тест 1.
Кедергісі 20 Ом, ток күші 5 А қыл сымды 100 секундта қнша жылу мөлшері бөлінді?
А./50000 Дж Б./2500 Дж С./2000 Дж Д./500 Дж Е./ 200 Дж
Кедергісі 200 Ом болатын резистордың паспорт бойынша бөлінетін қуаты 0,5 Вт. Резисторға берілетін максимал керену қандай?
А./100 В Б./20 В С./10 В Д./5В Е./ 40 В
Өткізгіштің ұштарындағы кернеу 6 В, кедергісі 2 Ом. Ток күші неге тең?
А./12 А . Б./ 6 А С./ 3 А Д./ 3/1 А Е./10 А
Өткізгіштерді тізбектей қосқанда барлық өткізгіштерде қай шама бірдей болады?
А./ Ток күші Б./ Кернеу С./ И*Ш көбейтіндісі Д./ Ш/И қатынасы
Ток қуаты қандай өлшем бірлікпен өлшенеді?
А./ Волт Б./ Ампер С./ Ватт Д./ Джоуль Е./Ом
Жаңа педагогикалық технологияларды физика сабағында қолдана отырып, оқушыларды бағалаймын.
Үйге тапсырма берілді.
Достарыңызбен бөлісу: |