Сабақтың тақырыбы: Тұйық етістік. Сабақтың типі: білімді меңгерту Сабақтың әдісі: баяндау,сұрақ-жауап



бет20/21
Дата06.07.2018
өлшемі1,97 Mb.
#48017
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

Сабақтың түрі : Қайталау сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,іздену

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар

Халықтық педагогика

элементтерін қолдану : нақыл сөздер

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру,сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1. Мәтін дегеніміз не ?

2. Мәтіндегі ой бөліктері дегенді қалай түсінесіңдер ?

3. Тақырып пен мазмұнның байланысы дегеніміз не ?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

тақтамен жұмыс :

1) Сөздің оң жақта бір бөлігі,солжақта бір бөлігі берілген.Екі бөлікті қосып,күрделі сөз жасау. Сөз мағыналарын түсіндріп беру.


Бел – құлақ кемпір қазық

Қырық қосақ темір басқа

Саңырау аяқ тас беу
2) Оңнан оқыса да, солынан оқыса да өзгермейтін 3 әріптен тұратын 10 сөз ойлап жазу.
Нан шаш кек тұт іні

көк қақ тот сұс құқ


3) Беоілген буындардан сөз құрап жазу.
Най зе ре шың о лау

ба те ғай жа ұр нын

пан ла за дық ше кө
Білімді бекіту : Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Білімді бағалау : Оқушылардың білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма :Оңнан солға қарай оқыса да,соңнан оңға қарай оқыса да өзгермейтін 5 әріптен тұратын сөздер жазып келу.


Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Қайталау
Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың ойын кеңеңйтіп,тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгіліері мол мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрету.

ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.

б) Оқушыларға сабақ барысында сөйлемдерді талдай білуге үйрету.

Сабақтың түрі : қайталау

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар,плакат

Халықтық педагогика Оқусыз білім жоқ

элементтерін қолдану : білімсіз күнің жоқ

Пәнаралық байланыс : әдебиет.

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын иексеру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Сөз құрамына қарай нешеге бөлінеді ? 2.Дар сөздер дегеніміз не ?

3.Күрделі сөздер дегеніміз не ? 4.Қосымша нешеге бөлінеді ?



б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Оқушыларға сөйлем талдатқызамын.


Мысалы : Олар өздері атап отырып,Әйгерімнің рсы жаз бойы Біржаннан үйренген бар әндерін кезек – кезек айтқызды. ( М.Әуезов )
Олар – дара,түбір сөз

өздері – дара,түбір сөз

атап – дара туынды түбір,ат – а,зат есімнен етістік жасаушы –а –жұрнағымен жасалған.

Отырып – дара,түбір сөз.

Әйгерімнің – күрделі,біріккен сөз,Әй және керім сөздерінің бірігуі арқылы жасалған.

осы – дара,түбір сөз.

жаз бойы – күрделі,тіркескен сөз.

Біржаннан – күрделі біріккен сөз.

үйренген – дара,түбір сөз.

бар – дара,түбір сөз

әндерін – дара түбір сөз

кезек – кезек – күрделі,қос сөз

айтқызды – дара.

Білімді бекіту : Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Білімді бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : қайталау.

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып
Сабақтың тақырыбы : Тіл мәдениеті

Сабақтың мақсаты :

а) Тіл мәдениеті туралы түсінік бере отырып балалардың тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін артыру.Сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу. ;

ә) Оқушылардың туған жер тарихына деген патриоттық сезімін ояту,адамгершілікке баулу,,халық даналығы,халық өсиеттерінен нәр алғызу,сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру ; б) Ой еркіндігіне,ізденімпаздыққа баулу,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,тіл дамыту т.б.

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар т.б.

Халықтық педагогика сақтықта қорлық жоқ.

элементтерін қолдану :

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Тіл екі түрде қызмет етеді. Бірі-сөйлеу тілі,екіншісі-жазба тіл.Сөйлеу тіл мен жазба тілдің бір-бірінен үлкен айырмашылықтары бар. Сөйлеу тілі бетпе-бет сөйлеу арқылы жүзеге асады. Сондықтан ол көбіне диалог түрінде өтеді. Алжазба тіл- әр түрлі жазба әдебиеттердің тілі. Ол-қолма-қол оқуға да, келесі ұрпақтардың оқып үйренуіне де ,білуіне де арналатын мәңгілік мұра.
Жаттығумен жұмыс : Мәтінді түсініп оқыңдар. Ақыл-білімді ауыр, оқу-ғылымды терең, адам өмірін ыстық, тәкаппардың көңілін биік деудің мәнісін түсіндіріңдер.
Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

Білімді бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: қайталау


Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып
Сабақтың тақырыбы : Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін сөйлеу мәдениетін арттыру

ә) Оқушылардың оқулықпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіре отырып,логикалық ойын дамыту жолдастық көмекке қашанда әзір болу қасиетіне,ұлттық дәстүрді қатерлеуге үйрету.

б) Оқушыларды тілдерін бұрмаламай ашық, таза сөйлеуге дағдыландыру.



Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,тіл дамыту әдістері

Сабақтың көрнекілігі : плакат,кеспе қағаздар

Халықтық педагогика

элементтерін қолдану : Көз жетпеген жерге сөз жетеді

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру,сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырманы тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Шылау дегеніміз не? 2. Шылау нешеге бөлінеді?

3.Септеулік шылау дегеніміз не? 4. Жалғаулық шылау дегеніміз не

5.Тіл мәдениеті дегеніміз не? 6.Тіл қанша түрде қызмет етеді?



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Жұрт алдында сөйлеуге адам бірте-бірте дағдыланады.Сондықтан сөйлеуге үйренудің жолдарын меңгеру әр адамға қажет нәрсе.Ол үшін,біріншіден,адам сөйлеуге өзін-өзі психологиялық жағынан дайындауы тиіс.Өз бойындағы қорқынышты,сенімсіздікті жоюдың бірден-бір жолы – сол сөздің айтылу қажеттігіне деген сенім,не айтатынды және не үшін айтатыныңды анық түсіну,өз ойыңды қалай жеткізетініңді жоспарлап алу.Екіншіден,жұрт алдында сөйлейтін сөздің мағыналы,жүйелі шығуы үшін,әрине,күнделікті оқып,жинайтын ақпараттардың мәні зор.Атап айтқанда,түрлі ғылыми-көпшілік әдебиеттер,баспасөз материалдары,көркем әдебиеттер саған үлкен көмек береді.Оларды жай оқып қана қоймай,олардан қажетіңді іріктеп жазып алып отыруға,дәйек сөздерді арнайы қойын кітапшаңа түсіріп алуға дағдыланасың,ол қашан да саған сүйеніш болады.Оның үстіне қаламмен қағазға жазғаның ойыңа жазғаның емес пе?! Өзіңнің жеке папкіңде газет-журнал қиындыларын,өзіңе ерекше әсер еткен сұрақтарды,үлкен оқымыстылардан естіген сөздеріңді жинақтаудың да көмегі үлкен.Үшіншіден,сөйлеу техниакасына төселуің қажет.Оңашада айнаға қарап,өзіңнің бет құбылысыңды байқап,дене,қол қимылдарыңды басқаруға үйренуге тырыс.Даусыңды айтатын сөзіңе қарай құбылту – тыңдаушыны еліктірудің бір тәсілі.Сөзің қанша мәнді болса да,оны соған лайық әуенмен,әуезбен айта білмесең,еңбегің еш болатынын жадыңда ұста! Төртіншіден,ауызша сөйлейтін сөзіңді ең әуелі жазбаша құрып ал.Сонда сөзің әрі жүйелі,әрі көркем болып шығады.Бірақ,мүмкіндігінше,қағазға қарамай сөйлеуге дағдылан.Қағаздан оқып сөйлеу сөздің әсерлілігін төмендетеді.Бесіншіден,шешендердің сөзіне үнемі құлақ түріп жүр.Өзің үлгі тұтатын достарыңның,мұғалімдеріңнің,ата-аналарыңның сөзін мұқият бақылап,жақсысын үйренуден,жаманнан жиренуден жалықпа! Егер осы кеңеске құлақ асып,үнемі есте ұстасаң,сен де өзіңнен кейінгілер үлгі алатын шешен боларың анық.Саған табыс тілейміз,оқушым!


Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Білімді бағалау: Оқушылардың ынтасына қарай,сұраққа жауап бергеніне қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: .Өздерің ұнататын өнер түрі туралы шағын шығарма жазыңдар.Мәтіндегі сөздердің мағыналы,жүйелі,әсерлі болуына көңіл бөліңдер.Биылғы өткен грамматикалық тақырыптардың пайдасы тиді ме,өзіңе есеп бер.

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Портрет

Сабақтың мақсаты:

а) әдебиет теориясынан мәлімет бере отырып,оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру;

ә) оқушылардың өз ойын айта білуге,ойлау қабілетін арттыруға,шығармашылық ізденіске жол ашу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б

Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар, суреттер т.б

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Көркем әдебиетте адамның сырт бітімін,кескін-кейпін, жүріс-тұрысын суреттеуді портрет дейді. Оқырман өзі оқып отырған шығармадағы кейіпкердің сыртқы түрін көргісі келеді, сөйтіп оның қандай адам екенін көз алдына елестетеді. Ал жазушы өз оқушысының кейіпкерді тануына жәрдемдесіп отырады. Портрет бір-екі сөйлеммен де ,бірнеше сөйлеммен де беріледі. Мысалы: «Ақын қонақтар» әңгімесінде М.Әуезов он үш жасар Абайдың портретін былай берген:

«Бойы өскен. Қол-аяғы ұзарған. Бұрын мұрны шолақтау болушы еді,биыл біраз ұзарып қалыпты. Бет-бейнесі баладан гөрі іріліңкіреп ,бала- бозбалалық қалпына бейімделген...» -десе, ал Барлас ақынды: «Шоқшалау ғана ақ сақалы бар, келбетті келген , зор дауысты ақсары кісі» деп суреттейді.

Шығармашылық жұмыс: Бір-біріңе қарап отырып портрет жазыңдар.

Білімді бекіту:

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Портрет дегеніміз не?


Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Портретті оқып келу.

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Диктант

Сабақтың мақсаты :

а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру.

ә) Мұхият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.
б) Өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : қайталау

Сабақтың әдісі: баяндау

Сабақтың көрнекілігі : диктанттар жинағы

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқушылардың зейінін аудару.
Тақтағы бүгінгі күн мен диктанттың тақырыбын жазып қоямын.

ә) Жаңа сабақты түсіндіру;

Ата көрген оқ жонар

Ата-бабамыз ұлды өздеріндей еңбексүйгіш, малсақ,жауынгер,әнші, күйші,аңшы,құсбегі-бесаспап азамат етіп тәрбиелеуді мақсат еткен. Жігіттің бойына өнер мен еңбекті,ізгі адамгершілік қасиеттерді қатар сіңірген. Ер баланы бес жасынан бастап ат жалын тартып азамат болғанға дейін мал бағу мен аң аулауға ,отын шабуға, қора салуға, ағаштан, теріден, темірден түрлі тұрмысқа қажетті бұйымдар жасауға, яғни, қолөнер шеберлігіне баулыған. Әкелері мен аталары ұлдарға мал жаюдан бастап шаруаның алуан тәсілдерін үйретіп баққан.

Ежелден мал бағып,айға қарап,жұлдыз санап күн кешкен қазақ халқы өз ұрпағын өсімдіктің түр-түсін ажырата білуге,қараңғы түнде жұлдызды аспанға қарап бағыт-бағдар белгілеп, қоныс суды дәл табуға үйреткен.

Қонақ күту,үлкенге иіліп сәлем беру,ән айтқызу, домбыра тартып,күй шерткізу, өлең-жыр жаттату,жаңылтпаш, жұмбақ үйрету немесе теңге алу,жамбы ату, аударыспақ, сайыс,көкпар, күрес сияқты ұлт ойындарын үйрету-тәрбиенің басты шарты болып есептелген.
Мәтінді оқып беремін,оқушылар тыныс белгілерін қояды

Үйге тапсырма : қайталау

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып
Сабақтың тақырыбы : Қатемен жұмыс
Сабақтың мақсаты :

а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру.

ә) Мұқият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.

б) Өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : қайталау

Сабақтың әдісі: талдау,түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі : деңгейлік тапсырмалар

Халықтық педагогика мақал-мәтелдер.

элемен н қолдану ттері:

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын тексеру:

Жіберілген қателер бойынша тақтаға шығып қатемен жұмыс жүргізеді.

Орфографиялық сөздікпен жұмыс жүргіземін
Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөздерді жазып морфологиялық,, фонетикалық талдау жүргізеді.
Білімді бекіту : Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоя отырып түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау : Оқушылардың ынтасына,сұраққа жауап бергеніне қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : Ережелерді жаттап келуге беремін


Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып


Сабақтың тақырыбы : Қатемен жұмыс
Сабақтың мақсаты :

а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру.

ә) Мұқият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.

б) Өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : қайталау

Сабақтың әдісі: талдау,түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі : деңгейлік тапсырмалар

Халықтық педагогика мақал-мәтелдер.

элемен н қолдану ттері:

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын тексеру:

Жіберілген қателер бойынша тақтаға шығып қатемен жұмыс жүргізеді.

Орфографиялық сөздікпен жұмыс жүргіземін
Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөздерді жазып синтаксистік, морфологиялық, фонетикалық талдау жүргізеді.
Білімді бекіту : Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоя отырып түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау : Оқушылардың ынтасына,сұраққа жауап бергеніне қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : Ережелерді жаттап келуге беремін


Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Диалог

Сабақтың мақсаты :

а) Диалог туралы түсінік беру және тыныс белгілерін меңгерту;

ә) оқушылардың ой-өрісін,сана-сезімін,белсенді ойлау дағдыларын жандандырып,сыни тұрғысынан ойлау материалдарын қолдана отырып қызығушылығын арттыру,білімін дамыту,сауаттылыққа баулу,сабаққа ынталандыру;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,түсіндіру,талдау,топтастыру

Сабақтың көрнекілігі :үлестірмелі кеспе қағаздар,таблицалар,деңгейлік тапсырмалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Диаолг-сөйлеу, әңгімелесу деген сөз.

Көркем шығармаларда екі я одан да көп адамдардың бір-бірімен тікелей сөйлескен сөздері беріледі. Екі кісінің осындай бір-бірімен тікелей сөйлескен сөзін диалог деп атайды. Диалог көркем шығармада ғана емес,ауызекі сөйлеу тілінде де қолданылады.

Диалогте әрбір кісінің сөзі жаңа жолдан басталып,алдына сызықша қойылып жазылады.



Жаттығумен жұмыс: 307-жаттығу Төмендегі диалогті рөлге бөліп мәнерлеп оқыңдар.

-Екі көзің не үшін керек?

-Жақсыларды көру үшін.

-Екі қолың не үшін керек?

-Елге көмек беру үшін.

-Құлақ деген не үшін керек?

-Ақыл-кеңес тыңдау үшін.

-Тіл мен жағың не үшін керек?



-Ақиқатты айту үшін.
Шығармашылық жұмыс: Мақал-мәтелді қатыстыра отырып диалог құрастырады.

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 308-жаттығу.

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы Монолог

Сабақтың мақсаты :

а) Монолог туралы түсінік беру;

ә) оқушылардың ой-өрісін,сана-сезімін,белсенді ойлау дағдыларын жандандырып,сыни тұрғысынан ойлау материалдарын қолдана отырып қызығушылығын арттыру,білімін дамыту,сауаттылыққа баулу,сабаққа ынталандыру;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,түсіндіру,талдау,топтастыру

Сабақтың көрнекілігі : таблицалар,деңгейлік тапсырмалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Монолог-бір кісінің сөйлеуі немесе ойы. Монологте белгілі бір тақырыпты баяндап,сипаттап, әңгімелеп айтып беру мақсаты көзделеді. Онда адамның ойы,пікірі, көңіл-күйі,психологиялық ішкі толғанысы,саяси, ғылыми көзқарасы,дүниетанымы-бәрі анық байқалады. Белгілі тақырыпқа көпшіліктің алдында жасалған лекция , баяндамалар да монологке жатады. Монолог күрделі ойға құрылады.,әдеби сөйлеу үлгісіне жатады.
Жаттығумен жұмыс: 309-жаттығу Қожаның монологін мәнерле оқып, мәтінге ат қойыңдар. Диалогпен салыстырыңдар.
Топпен жұмыс: «Сөйлей білу- үлкен өнер» деген тақырыпта пікір сайыс өткізеді.

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 310-жаттығу.

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің түрленуі.Көптік жалғау

Сабақтың мақсаты: білімділік – оқушылардың зат есім тақырыбынан алған білімдерін еске түсіре зат есімнің түрленуі туралы ұғымдарын,сөз таптары жайлы білімдерін жетілдіре түсу; дамытушылық – зат есім туралы түсініктерін дамыту,сөздік қорын молайту,ойлау,қабылдау,меңгеру қабілеттерін қалыптастыру; тәрбиелік - елжанды,жан-жақты білімді,қоғамға лайықты жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Пайдаланылған әдебиет: Қазақ тілі (жоғары оқу орындарына түсушілеріне арналған тест).А., «Шың кітап»,2008.

Көрнекілік: интерактивті тақта,демонстрациялық құралдар,сызбалар,даналық сөздер.

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру: оқушылармен сәлемдесу,түгелдеу;сынып бөлмесіндегі ауаның таза болуына көңіл аудару.

ІІ.Өткен сабақ бойынша оқушылардың білімдерін тексеру.

  1. Морфология нені зерттейді?

  2. Сөз таптары дегеніміз не? Тілімізде сөз таптары нешеу?

  3. Зат есім дегеніміз не? Сұрақтары нендей?

  4. Зат есім тұлғасына қарай нешеге бөлінеді? Ережелерін айт.

  5. Зат есім құрамына қарай нешеге бөлінеді? Ережелерін айт.

  6. Жалпылай,жекелей атауына қарай зат есім қалай бөлінеді? Ерекшеліктерін айт.

  7. Зат есімнің мағынасына қарай түрлерін ата,түсіндір.

  8. Зат есім тудырушы жұрнақтарды да атап өтейік.

Жауаптарды қорытындылау,толықтыру,оқушылар зейінін интерактивті тақтадағы алдын ала жазылған мысалдарға аудару.

- Балалар,қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қабылданғанына 20 жыл толуына байланысты тіліміз туралы ұлағатты сөздерге көңіл аударайық.



Қазақ тілі – бай тіл.Оралымды,ырғақты,теңеу-бейнелеулері ерте туған тіл.

Ғабит Мүсірепов.



Қазақ тілінің мәртебесін көтерсек,ұлттық мемлекет құрудың негізін қалыптастырамыз.

Елбасы жолдауынан.

- Тіліміз туралы кім мақал-мәтелдер,даналық сөздер біледі екен?

ІІІ. – Балалар,ана тілімізді терең меңгеруден жалықпайық.Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Зат есімнің түрленуі.Көптік жалғау.

Сабақтың мақсаты айтылып,зат есімнің түрленуі туралы түсінік беріледі.

1.Зат есімді түрлендіретін оның жалғаулары болып табылады.

2.Көптік ұғымды білдіретін көптік жалғаулар зат есімге үндестік заңы бойынша жалғанады.

3.Лексикалық мағынасы көптік ұғымды білдіретін зат есімдерге көптік жалғауы жалғанбайды: бидай,шаш,су,ақша,қымыз,көмір,ұн,күріш,т.б.

Оқушылармен біріге отырып,зат есімнің тірек сызбасын сызамыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет