Сабақтың мақсаты :
а) Етістіктің шақтары туралы түсінік беру,оның ішінде ауыспалы келер шақтың жасалу жолдарын түсіндіру;
ә) өз ұлтының тілін,рухани байлығын құрметтеу,тапқырлыққа баулу,адамгершілік,эстетикалық тәрбие беру;
б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі : дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,түсіндіру,талдау
Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар,таблицалар
Пәнаралық байланыс : әдебиет
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Ауыспалы келер шақ та ауыспалы осы шақ сияқты көсемшенің –а,-е,-й, жұрнақтарының жіктелуі арқылы жасалады. Сондықтан ауыспалы келер шақ пен ауыспалы осы шақ бір-бірінен сөйлемдегі мағынасы жағынан ажыратылады.
Осы шақ Келер шақ
Ол мектепте оқиды Ол сабағын кешке оқиды
Бұл жерде ағаш өседі. Бұл жерде күтсе ғана өседі
Мен ылғи ерте тұрамын. Мен ертең ерте тұрамын.
Ол өлең жазады. Өлеңді ол есейгенде жазады.
Жаттығумен жұмыс: 143-жаттығу. Болжалды келер шақты ауыспалы келер шаққа, ауыспалы келер шақты болжалды келер шаққа айналдырып жазыңдар.
Жеке оқушылармен жұмыс: баяндаймын,баяндамақпын, баяндармын деген сөздерді жекеше,көпше түрде жіктеп жазыңдар.
Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1.Етістіктің шақтары нешеге бөлінеді?
2.Келер шақ нешеге бөлінеді?
3.Болжалды келер шақ қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
4. Мақсатты келер шақ қандай жолдармен жасалады?
5. Ауыспалы осы шақ пен ауыспалы келер шақты қалай ажыратамыз?
Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 146 -жаттығу. Ауыспалы келер шақта тұрған етістіктерді тауып, құрамына қарай талдау жасайды.
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 7-сынып
Сабақтың тақырыбы : Өткен шақ
Сабақтың мақсаты :
а) Етістіктің шақтары туралы түсінік беру,оның ішінде өткен шақтың жасалу жолдарын түсіндіру;
ә) өз ұлтының тілін,рухани байлығын құрметтеу,тапқырлыққа баулу,адамгершілік,эстетикалық тәрбие беру;
б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі : дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,түсіндіру,талдау
Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар,таблицалар
Пәнаралық байланыс : әдебиет
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.
1. Мақсатты келер шақ қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
2.Ауыспалы осы шақ пен ауыспалы келер шақты қалай ажыратамыз?
Б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Өткен шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып,істеліп кеткенін білдіреді. Мысалы: Ол оқуды бітірді. Мен бұл кітапты оқыдым. Ол кезде сен оннан асқансың.
Берілген мысалдардағы бітірді,оқыдым,асқансың деген етістіктер бітіру,оқу,асу қимылдарының болып кеткенін білдіріп, өткен шақ мағынасын беріп тұр.
Өткен шақ
Бұрынғы өткен шақ
Ауыспалы өткен шақ
Жедел өткен шақ
Жаттығумен жұмыс: 143-жаттығу. Өткен шақ мағынасын білдіріп тұрған етістіктерді табыңдар.
Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1.Етістіктің шақтары нешеге бөлінеді?
2.Келер шақ нешеге бөлінеді?
3.Болжалды келер шақ қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
4. Мақсатты келер шақ қандай жолдармен жасалады?
5. Ауыспалы осы шақ пен ауыспалы келер шақты қалай ажыратамыз?
Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : Өткен шаққа бірнеше мысалдар жазу
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 7-сынып
Сабақтың тақырыбы : Жедел өткен шақ
Сабақтың мақсаты :
а) Етістіктің шақтары туралы түсінік беру,оның ішінде жедел өткен шақтың жасалу жолдарын түсіндіру;
ә) өз ұлтының тілін,рухани байлығын құрметтеу,тапқырлыққа баулу,адамгершілік,эстетикалық тәрбие беру;
б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,түсіндіру,талдау
Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар,таблицалар
Пәнаралық байланыс : әдебиет
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.
1.Етістіктің шақтары нешеге бөлінеді?
2.Келер шақ нешеге бөлінеді?
3. Өткен шақ нешеге бөлінеді?
Б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Жедел өткен шақ қимылдың, іс-әрекеттің таяу уақытта болғанын,орындалғанын білдіреді.
Жедел өткен шақ етістіктің түбіріне –ды,-ді,-ты,-ті жұрнағы қосылу арқылы жасалып, жіктеліп қолданылады. Мысалы: Асан домбыра тарт-ты, мен өлең айт-ты-м.
Жаттығумен жұмыс: 148-жаттығу. Мәтіннен жедел өткен шақты білдіріп тұрған етістіктерді тауып,қалай жасалғанын түсіндіріңдер.
Жеке оқушылармен жұмыс: Мына етістіктерден жедел өткен шақ жасап,жіктеп,әрқайсысына сөйлем құраңдар.
Бар,ойна, жүгір,жарыс, сөйле
Тақтамен жұмыс: тақтаға жедел өткен шақ етістіктеріне бірнеше сөйлем жазып синтаксистік талдау жасайды.
Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1.Етістіктің шақтары нешеге бөлінеді?
2.Келер шақ нешеге бөлінеді?
3.Болжалды келер шақ қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
4. Жедел өткен шақ қалай жасалады?
5. Жедел өткен шақ жұрнақтары мен жіктік жалғауын қалай ажыратамыз?
Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 150-жаттығу.
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 7-сынып
Сабақтың тақырыбы : Бұрынғы өткен шақ
Сабақтың мақсаты :
а) Етістіктің шақтары туралы түсінік беру,оның ішінде бұрынғы өткен шақтың жасалу жолдарын түсіндіру;
ә) оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру;
б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,түсіндіру,талдау
Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар,таблицалар
Пәнаралық байланыс : әдебиет
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.
1. Жедел өткен шақ қалай жасалады?
2.Жедел өткен шақ жұрнақтары мен жіктік жалғауын қалай ажыратамыз?
3. Өткен шақ нешеге бөлінеді?
Б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Бұрынғы өткен шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен салыстырғанда әлдеқайда бұрын болғандығын білдіреді. Мысалы: Сен мектепті бітіргенсің. Ол ауылға барыпты.
А) бұрынғы өткен шақ –ып,-іп,-п тұлғалы көсемшенің жіктеліп келуінен жасалады.
Б) Бұрынғы өткен шақ –ған,-ген, қан,-кен тұлғалы есімшенің жіктеліп келуінен жасалады.
Жаттығумен жұмыс: 152-жаттығу. Мәтіннен бұрынғы өткен шақты білдіріп тұрған етістіктерді тауып,қалай жасалғанын түсіндіріңдер.
Жеке оқушылармен жұмыс: Мына етістіктерден бұрынғы өткен шақ жасап,жіктеп,әрқайсысына сөйлем құраңдар.
Бар,ойна, жүгір,жарыс, сөйле,оқы,жаз, кел, ойла
Тақтамен жұмыс: тақтаға өткен шақ етістіктеріне бірнеше сөйлем жазып синтаксистік талдау жасайды.
Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1.Етістіктің шақтары нешеге бөлінеді?
2.Келер шақ нешеге бөлінеді?
3.Болжалды келер шақ қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
4. Жедел өткен шақ қалай жасалады?
5. Жедел өткен шақ жұрнақтары мен жіктік жалғауын қалай ажыратамыз?
6. Бұрынғы өткен шақ қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 154-жаттығу.
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 7-сынып
Сабақтың тақырыбы : Ауыспалы өткен шақ
Сабақтың мақсаты :
а) Етістіктің шақтары туралы түсінік беру,оның ішінде ауыспалы өткен шақтың жасалу жолдарын түсіндіру;
ә) оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру;
б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,түсіндіру,талдау
Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар,таблицалар
Пәнаралық байланыс : әдебиет
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.
1. Жедел өткен шақ қалай жасалады?
2.Жедел өткен шақ жұрнақтары мен жіктік жалғауын қалай ажыратамыз?
3. Өткен шақ нешеге бөлінеді?
Б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Ауыспалы өткен шақ есімшенің –атын,-етін,-йтын,-йтін жұрнақтары арқылы жасалып, бірде өткен шақ,бірде келер шақтың мағынасында қолданылады.Сондықтан да оны ауыспалы өткен шақ деп атайды. Мысалы: Асан ауылға жиі баратын.
Жаттығумен жұмыс: 155-жаттығу. Мәтіннен ауыспалы өткен шақты білдіріп тұрған етістіктерді тауып,қалай жасалғанын түсіндіріңдер.
Жеке оқушылармен жұмыс: Ауыспалы өткен шақты жіктеп жаз.
Тақтамен жұмыс: тақтаға өткен шақ етістіктеріне бірнеше сөйлем жазып синтаксистік талдау жасайды.
Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1.Етістіктің шақтары нешеге бөлінеді?
2.Келер шақ нешеге бөлінеді?
3.Болжалды келер шақ қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
4. Жедел өткен шақ қалай жасалады?
5. Жедел өткен шақ жұрнақтары мен жіктік жалғауын қалай ажыратамыз?
6. Бұрынғы өткен шақ қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 157-жаттығу.
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 7-сынып
Сабақтың тақырыбы : Диктант
Сабақтың мақсаты :
а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру.
ә) Мұхият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.
б) Өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : қайталау
Сабақтың әдісі: баяндау
Сабақтың көрнекілігі : диктанттар жинағы
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқушылардың зейінін аудару.
Тақтаға бүгінгі күн мен диктанттың тақырыбын жазып қоямын.
ә) Жаңа сабақты түсіндіру;
Аңға шыққанда
Алдымызда бір төбе бар еді. Арғы етегі-ағаш. Соның тұсына барғанда, қасқыр көзімнен ғайып болды. Бір кезде аспанда түйіліп айналған бүркітім төмен қарай сорғалай құлады. Қасқырдың аузына түсіп,жазым бола ма деп қорықтым. Атымды тебініп, шаба жөнелдім. «Түскенжобасы осы-ау!»-деп, мөлшерлеген тұсына келдім. Қалың күртіктің ішіне ат бара алмайды. Жалма-жан атты қаңтарып тастадым. Сыртқы күпімді шештім де, жеңіл киіммен күртікті өрлей, ағаштың ішіне жүгірдім. Мөлшерден қаталасқан жоқ екем. Мен көрген жоқ едім. Бүркітім шақырған жерге ентігіп жүгіріп бардым. Оның бір аяғы құрықтай қайыңға қадалған да, бір аяғы қасқырдың төбесінде тұр. Қасқыр сіресіп тартып тұр. Аяғын қалай үзіп әкетпегенін білмеймін. Жүгіріп келген қалпыммен қасқырдың тірсегінен алдым да, қындағы пышағымен ішін осып жібердім.
(С.Мұқанов.) (123 сөз)
Тапсырма: Етістіктің шақтарын тауып астын сызыңдар.
Үйге тапсырма : Етістіктің түрленуін қайталап келу.
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Тест тапсырмалары
Сабақтың мақсаты:
а) оқушылардың қазақ тілі пәнінен алған білімдерін тиянақтау;
ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;
б) оқушылардың білімін бақылау арқылы сауатты жазуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі: қайталау
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, т.б
Сабақтың көрнекілігі: тест парақшалары т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
1. Күрделі етістікті тап.
А) уәде бер В) айта бар С) келе сал Д) айтып сал Е) барып қал
2. Туынды түбір етістікті тап.
А) қараған В) байымайды С) кеспейді Д) қадалды Е) батырыпты
3. Негізгі түбір етістікті тап.
А) ойлан В) сана С) шақыр Д) тазала Е) басқар
4. Қай етістік табыс септігіндегі сөз арқылы анықталады?
А) салт В) сабақты С) құранды Д) көмекші Е) құранды
5. Жеке тұрып сөйлем мүшесі бола алмайтын етістіктің түрін көрсет.
А) салт В) сабақты С) болымсыз Д) көмекші Е) құранды
6. Болымсыз етістікті тап.
А) қалам бар (ма) В) бұл-шығар(ма) С) Сабақтан қал(ма) Д) қызық жарна(ма) Е) Атым Ал(ма)
7. Етістіктің қай түрі іс әрекеттің жүзеге аспағанын білдіреді.?
А) болымды В) күрделі С) болымсыз Д) негізгі Е) туынды
8. Болымды етістікті тап.
А) Бет қаратар емес В) Жалған айтып суыспа С) Енді топтың ішін көрмек емес
Д) Жүйрік алысқа шабады Е) Енді бұлай істемегейсің.
9. Күрделі етістіктің қатарын белгіле
А) балтала,ойлан ақылдас В) жұлқылады, тарсылдады, ойбайлады С) жүре бер, әуре-сарсаңға түсті
Д) көңілден,ағар Е) жаздыртты,оқытты.
10. Сабақты етістікті тап.
А) Келгеніне қатты қуанып еді. В) Дала тіршілігі басталғалы тұр. С) Қаңтардың қақаған қарлы бораны да келіп жетті. Д) Ғарышкер болғысы келеді. Е) Тәжірибесін үйретумен келеді.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Қайталау
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 7-сынып
і
Сабақтың тақырыбы : Шығармашылық жұмыс
Сабақтың мақсаты :
а) Оқушылардың ойлау қабілетін,сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге асакөңіл бөлуге үйрету.
ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.
б) Оқушылардың білімін бақылау арқылы сауатты жазуға дағдыландыру.
Сабақтың түрі : қайталау
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,талдау
Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар
Халықтық педагогика
элементтерін қолдану : Аттың сыры иесіне мәлім
Пәнаралық байланыс : әдебиет.
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын иексеру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау
Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Оқушыларға өткен сабақтар бойынша сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру :
Өткен сабақтар бойынша шолу жасап,оқушыларды сөйлемдерді фонетикалық морфологиялық синтаксистік талдау жасауға үйретемін.
Бүкіл оқушылармен жұмыс : Тақтаға бір оқушыны шығарып морфологиялық талдау жүргіземін.
З.е з.е\ ш.с ет\ к.ж ет\ е.ж шылау з.е з.е\ б.е з.е ет\ кж\ ж.ө.н
1) Төстік ауыл│дан ұза│п шық│қан соң шалұұйрық ат│қа тіл біт│е│ді.
З.е\ т.с ет \ өе. К.ж з. е \ ж.е з.е ет / к.ж қ. Ет.
Терезе│ні сықырла│т│ып дала│да жел соғ│ып тұр.
з.е к.ж з.е б.е ет к.ж з.е ет кж ет к.ж ет ж.ө.ж.
Қонақ│тар үй│ге кір│іп, қымыз іш│іп, тынығ│ып жат│ты.
2) Отарда жалғыз үй отырған Қамқа баласының хатын күн батарда алды.
▬●▬▬● ▬ ● ▬▬ ● ▬ ● ▬ ● ▬▬▬ ~~~~~~~~~ ~~~~ — •– • – • – • ====
Мінайдар демін жақындата түсіп, Маржанкүлдің бетінен сүйіп алды.
————— – • – • – • – • – • – • – • – • ~~~~~~~~~~~ - - - - - - - ===========
Күн бата бригада ауылға келгенде, Бұзаубақтың үйінің жанында үш-төрт адам тұр еді.
• – • – • – ——— – • – • – • – • – •– ~~~~~~~~~~ • — • — • — • — ~~~~~~~ ——— ======
Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау : Оқушылардың жауптарына,сөйлемді талдағандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : Кез келген көркем шығармадан сөйлемдер алып синтаксистік талдау жасап келуге беремін.
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Тоқсандық қайталау
Сабақтың мақсаты: білімділік –оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы білімдерін бағалау,біліктілік деңгейлерін байқау; дамытушылық – оқушының пәнге қызығушылығын арттыру,білім алуға деген саналы көзқарастарын,танымдық,ізденімпаздық қабілеттерін қалыптастыру,өз бетінше жұмыс жасауға төселдіру; тәрбиелік – іс-әрекет,мақсатқа жету әдіс-тәсілдерін таңдай білуге,өзін-өзі бағалай білуге дағдыландыру,достыққа,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:қайталау сабағы.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: қайталау,дамыта оқыту,тест,сұрақ-жауап,топтастыру.
Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық материалдар,кеспе қағаздар,бағалау парақтары,тапсырмалар жазылған көрнекі плакаттар.
Сабақтың барысы.І.Ұйымдастыру кезеңі: а) кабинет жағдайы(кабинет ауасының тазалығы,бордың болуы); ә) оқушыларды түгелдеу,журналға белгі соғу; б) оқушылар назарын сабаққа аудару.
ІІ.Кіріспе бөлім. «Қазақ тілі» сөзіне топтастыру жасау. (5-сыныпта алған білімдері бойынша)
дауыссыз
дыбыс
дауысты
сөздік қор
мақал-мәтел
Қазақ тілі
екпін
лексика
Тұрақты тіркес
буын
сөзжасам
тіл білімі
тасымал
фонетика
омоним,синоним,
антоним
ІІІ.Негізгі бөлім.
Мұғалім: - Балалар,бүгінгі сабағымызда қазақ тілі пәні бойынша алған білімімізді пысықтап,өз-өзімізді бағалаймыз.Өздерің оқып жатқан қандай пән болмасын тілден,қазақ тілінен бастау алады.Сендер жоғарыда алған білімдеріңді ауызша қысқа да нұсқа еске түсіріңдер.Ендеше,соны іс жүзінде дәлелдейік.Бүгінгі сабағымыз үш кезеңнен тұрады.
Әр кезеңде екеуден 6 тапсырма бар.Тапсырмаларды орындау барысында «білім шыңына» жетесіңдер деген ойдамын.Білімдеріңді алдарыңдағы бағалау парақтарына ұпай арқылы белгілеп отырасыңдар.
Бағалау парағы
І
|
ІІ
|
ІІІ
|
Ұпай саны
|
1 2
|
3 4
|
5 6
|
|
Оқушының аты-жөні
|
|
І деңгей.1-тапсырма.
Сөз тіркесінің құрамындағы сөздерді тура және ауыспалы мағынаны білдіруіне қарай топтап жазу.
а) Жақсы сөз,жақсы адам,жақсы бала,жақсы ат
ә) Терең сай,терең білім,терең құдық,терең сезім
б) Долы ауыл,долы күш,долы жел,долы адам
в) Әкемнің көзі,қазынаның көзі,терезенің көзі,бұлақтың көзі.
2-тапсырма.Сөздерді орфография ережесіне сай жаз.
Бүгін,сөсіз,келемекен,тайақ,Ешшан,жаш шағында,бүрсігүні,жұмышшы.
ІІ деңгей. 3-тапсырма.Тиісті ұ,ү,ы,і әріптерін қою.
Ұз...н, құр...қ, б...рс...г...ні, күн...зг... ыст...қ, ...нт...мақ, сөзін мақ...лдау,үск...р...кт...ң соғу..., б...лай қарай кетті.
4-тапсырма.Қайсысы мақал,қайсысы мәтел? Мақал-мәтелдің жалғасын тап.
1)Кәрі түлкі қақпанға түспес.Еңбек етсең емерсің.Айдағаны бес ешкі,ысқырығы жер жарады.Әке – асқар тау,ана – етегіндегі бұлақ,бала – жағасындағы құрақ.Екі қораз ен қораға сыймас.
2) Мақал-мәтелді жалғастыр. «Жылы –жылы сөйлесең, ...», «Білгенің бір тоғыз ...»
ІІІ деңгей.5-тапсырма.Тұрақты тіркестердің мағынасын тап.
Бетінен оты шығу ...(ұялу), ит терісін басына қаптау ...(ұрысу).
Көз ілмеу ... (ұйықтамау), тас бауыр ...(мейрімсіз), ит өлген жер ...(алыс).
6-тапсырма.Тест тапсырмасы бойынша жұмыс.
(Парақшаларға алдын-ала жазылған тест тапсырмалары таратылады.)
1) Ауа өкпеден кедергісіз шығып,үннен ғана тұратын дыбыстарды ... дыбыстар дейміз.
а) дауыссыз ә) дауысты б) екпін в) буын,дауыссыз
2) Дауыстыдан басталып,дауыссызға аяқталған буынды ... буын деп атаймыз.
а) ашық ә) тұйық б) бітеу в) ашық,бітеу
3) Қайсысы артық?
өнеркәсіп,ата-ана,Айдар,тасбақа
Тасымалдаудың қайсысы дұрыс?
а)а-ра,о-ю,а-лақан ә) еле-уіш,ара-лас,қа-ра б) АҚ-Ш,Б-Ұ-Ұ в) 1995-жыл,ХХ-ғасыр,25-кг
5) Қатаң дауыссыз қайсысы?
а) б,в,г,д ә) р,л,м,н б) п,ф,к,қ в) а,о,ү,ұ.
Достарыңызбен бөлісу: |