Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 7-сынып
Сабақтың тақырыбы : Қатемен жұмыс
Сабақтың мақсаты :
а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру.
ә) Мұқият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.
б) Өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : қайталау
Сабақтың әдісі: талдау,түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі : деңгейлік тапсырмалар
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын тексеру:
Жіберілген қателер бойынша тақтаға шығып қатемен жұмыс жүргізеді.
Орфографиялық сөздікпен жұмыс жүргіземін
Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөздерді жазып буынға бөліп, фонетикалық талдау жүргізеді.
Білімді бекіту : Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоя отырып түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау : Оқушылардың ынтасына,сұраққа жауап бергеніне қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : Ережелерді жаттап келуге беремін
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Сан есімнің түрленуі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: сан есімнің түрленуінен алған білімдерін кеңейтіп,сөз қолданыста пайдалана білуге үйрету,мәтін ішінен тауып,талдауға баулу.
Тәрбиелігі: оқушылардың бойына ұлттық өнеге,шешендік нақыл сөздердің мән-мағынасын ұғындыра отырып,адамгершілікке,имандылыққа тәрбиелеу,эстетикалық,өнегелік ортасын қалыптастыру.
Дамытушылық: өтілген материалды тиянақты меңгеруге,жүйелі ойлау,ойын әсерлі жеткізуге,шығармашылық ізденістерін арттыруға ықпал жасау;сатылай кешенді талдау арқылы сан есімнің түрленуінен алған теориялық білімдерін іс жүзіне асыру,грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге төселдіру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: қайталау,сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: схема-таблицалар,қима қағаздар
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың барысы.
а)Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
ә)Үй тапсырмасын сұрау.
Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.
1.Сын есімдер сөйлемде қандай сөйлем мүшесін атқарады?
2. Қандай жағдайда баяндауыштың қызметін атқарады?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Сан есімдердің түрлену жүйесі біркелкі емес,әркелкі болып келеді. Мысалы,есептік, жинақтық сан есімдер сан атаулары ретінде заттық ұғымда қолданылатын сөздер болғандықтан ,олар септік, тәуелдік,жіктік жалғауларын қабылдай алады.
Жаттығумен жұмыс: 88-жаттығу. Мәтіндердегі заттық ұғымда жұмсалып тұрған сан есімдерді табыңдар. Қалай түрленіп тұрғанын түсіндіріңдер.
Шығармашылық жұмыс: Құрамында сан есімі бар мақалдар айтып,синтаксистік талдау жасаңдар. Мысалы: Білекті бірді жығар
. Білімді мыңды жағар
Топпен жұмыс: 1-топ 90-жаттығу. Цифрмен берілген сан есімдерді сөзбен жазыңдар және құрамына қарай талдаңдар.
2-топ. 91-жаттығу Сан есімдерді құрамына,мағынасына қарай талдап, оларды қатыстырып сөйлем құраңдар.
Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?
Сан есім қалай түрленеді?
Күрделі сан есімдер қалай жазылады?
Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 92 -жаттығу.
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 7-сынып
Сабақтың тақрыбы: Сан есімнің сөйлемдегі қызметі
Сабақтың мақсаты : а) білімділік – сан есімніңсөйлемдегі қызметі туралы түсіндіру, сан есім тақырыбы бойынша білімін жетілдіру;
ә) дамытушылық – сөйлеу тілдерін жетілдіру,шығармашылық қабілетін даытуға ықпал жасау;
б) тәрбиелік – тілге байланысты мысалдар ала отырып туған тлін сүюге,қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: ой қозғау,топтастыру,сұрақ-жауап,деңгейлік тапсырма,топтық жұмыстар.
Сабақтың көрнекілігі: плакат-сызбалар,үлестірмелі қағаздар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың барысы.
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
ә)Үй тапсырмасын сұрау.
Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.
Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?
Сан есім қалай түрленеді?
Күрделі сан есімдер қалай жазылады?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
1 Сан есім заттың санын, мөлшерін, ретін білдіретіндіктен,әдетте сөйлемде анықтауыш болады.
2. Сан есім жіктеліп келіп немес көмекші етістіктермен тіркесіп келіп,баяндауыш болады.
3. Сан есім атау септікте тұрып бастауыш болады.
4Сан есімдер септік тұлғасында да, септелмей де етістіктің алдында келіп, пысықтауыш болады.
Сан есім барыс,табыс,жатыс, шығыс,көмектес септіктердің бірінде келіп,толықтауыш қызметін атқарады.
Жаттығумен жұмыс: 93-жаттығу. Құрамындағы сан есімдерге сұрақ қойып,қай мүше екенін талдаңдар.
Топтастыру стратегиясы.
Бастауыш баяндауыш
Толықтауыш, пысықтауыш анықтауыш
Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: 95-жаттығу.
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Есімдік туралы түсінік
Сабақтың мақсаты: а) оқушыларға есімдіктің ерекшелігі мен жіктеу есімдігі туралы түсінікті тілмен оқушыларды қатыстыра отырып жан-жақты мәлімет беру; ә) есімдіктің морфологиялық заңдылықтарын түсіндіре отырып ұжымдық,деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың адамдық қасиеттерін дамыту; б) оқушылардың белсенді ойлау қабілеттерін жандандырып,ОҮӨӘЖПТ арқылы сауатты жазу,оқу дағдыларын жетілдіру.
Сабақтың әдісі: оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесінің педагогикалық технологиясы,сын тұрғысынан ойлау.
Сабақтың түрі: ұжымдық,талдау.
Сабақтың көрнекілігі: кітап,суреттер,үлестірме кәртішкелер т.б.
Сабақтың жүрісі. І.Ұйымдастыру. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
І кезең.
а) Өткен тақырып бойынша деңгейлік тапсырмалардың орындалуын оқушы ассистенттер арқылы тексеру.
ә) Өткен тақырыптағы кемшін тұстары бойынша сұрақтар қою,жауаптарын тыңдау.
б) Проблемалық сұрақ
1. Есім сөздердің орнына қолданылатын сөз табының ерекшелігі неде? 2.есімдік сөзінің мәні.
в) Сабақты қорытындылап,оқушыладың (ассистент) көмегімен оқушыны қатыстыра отырып жұмыс нәтижесі бағалау бетшесіне қойылады.
ІІ кезең.Жаңа сабақ.
а) Проблемалық сұрақтар қою. ә) Кітаппен жұмыс,ереже оқыту(үздік оқушының көмегімен).
б) Ауызша мысал ойлату (мен,сен,ол).
ІІІ кезең. Жаңа сабақты бекіту.
1-деңгей «Іске асыр» (жаттығулар жұмысы)
а) Кітаппен жұмыс.
Жеке және топтық жұмыс (деңгей бойынша): 192,193-жатығу.
ә) Тақтамен жұмыс.
Есімдікті қатыстырып,есімдікті құрау..
б) Үлестірмелі кәртішкемен жұмыс. в) Суретпен жұмыс (жұмыс дәптеріне).
2-дегей (Алгоритмдік)
1.Венн диаграммасы бойынша салыстыру.
Есімдік
|
Ортақ
|
Етістік
|
Есім сөздерінің орнына жүреді
Түрлері бар.
Түрленеді .
|
1.Сөз табы.
2.Екеуі де түрленеді.
|
1.Іс-қимылды білдіреді.
2.Түрлері бар.
3.Шақ,рай категориясы.
|
2. «Есіңе түсір» (әдебиетпен байланыс).
Ақындардың өлеңінен үзінді келтіріп,есімдіктерді табу (Жұмыс дәптерімен жұмыс).
3.Мақалдардың жалғасын тап,орнын ауыстырып қолдан.
Ата балаға ...(сыншы)
Ерлік білекте ...(емес,жүректе)
Ақыл – тозбайтын тон ...
(Білім – таусылмайтын кен)
3-деңгей.
1.Сатылай кешенді талдау.
2.Тест жұмысы
Е
|
С
|
І
|
М
|
|
С
|
А
|
Р
|
А
|
|
І
|
Л
|
І
|
К
|
|
М
|
А
|
Х
|
А
|
М
|
Б
|
Е
|
Т
|
|
Д
|
И
|
Қ
|
А
|
Н
|
|
І
|
Р
|
І
|
М
|
Ш
|
І
|
К
|
|
К
|
Ө
|
М
|
Е
|
К
|
Т
|
Е
|
С
| 3.Сөзжұмбақ.
1. Ханның аты
2.Айтыс ақыны
3.Септік аты
4.Ақын,батыр
5.Астық өсіруші
6.Ұлттық тағам
7.Септік аты
4 –деңгей.Шығармашылық кезең.
1. Ойолғау жазу. 2. 4 жол өлең жазу.
Қорытындылау.
Бағалау.
Үйге тапсырма.
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Есімдіктерден өткенді қайталау.
Сабақтың мақсаты. а) Білімділік: Есімдік туралы алған теориялық білімдерін практикада қолдану; ауызша,жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып,білімдерін бекіту. ә) дамытушылқ: ойлау қабілеттерін,қиялдарын дамыту; ой қорытып,нақты шешім жасауға үйретіп,өздеріне сенімдерін арттыру. б) тәрбиелік: сауатты жазуға,ұқыптылыққа баулу;топпен жұмыс жасап,бір-бірін тыңдай білуге үйрету;сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: жинақтау,талдау,сын тұрғысынан ойлау,сатылай кешенді талдау,т.б.
Пәнаралық байланыс: әдебиет,математикаорыс тілі,ағылшыннеміс тілі,биология.
Сабақтың көрнекілігі. Есімдіктің жасалу жолына арналған кестелер,ашық формалы тест,сөзжұмбақ,бейнефильм, компьютер,бағалау парақшалары,т.б.
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі: а) сәлемдесу, ә) түгелдеу; б) сыныпты сабаққа даярлау.
(Топ жетекшілеріне бағалау парақтарын таратамын)
2. Үй тапсырмасын тексеру
а) Қызығушылығын ояту
Математикалық ойын «Ғажайып алаң»
Таңбларды әр түрлі сандарға амалдар қолдану арқылы мына есептерді шығарып,төмендегі үшаяқтардағы жасырын сөзді табайық.
Е/33
С/11
1/25
М/9
Д/51
І/37
К/2
І топ ІІ топ ІІІ топ
11,5+(-2,5) =9 -12,5х(-2) =25 -10,2+2,2=2
20,2 х 2 +(-3,4) =37 -153 : (-3) =51 -44 х (-2) : 8 = 11
Жеңіпазға:
99 : (-9) х (-3) = 33
ә) Жұмбақ сұрақтар «Бұл қай есімдіктер?»
1.Етікші аспабының бірімен ұқсас есімдік есімдіктің қай түрі? (Біз – жіктеу есімдігі)
2.Басқаның бәрін өзі сұрайды,өзінен ешкім сұрамайды. (Сұрау есімдіктері)
3.Жақтас жалғауға жіктеле қояды,жақтас емесіне жоламай қояды. (Мен,сен)
4.Көпшіл және көңілшек,
Ештемені бөліп жармайды.
Көптік ұғым беріп,
Көпшілікті қармайды (Жалпылау есімдіктері)
5. Құрамындағы сөздің көбін көршісінен сұрап алыпты.Алдына бір буын қосыпты да,есімдіктің бір түрі боп тұра қалыпты. (Болымсыздық есімдіктері)
Жаңа сабақ.
а) Сөзжұмбақ «Бұл да қызық»
Тапсырма. Есімдік деген сөздің құрамында қанша дыбыс болса,есімдіктердің түрлері де сонша.Енді сіздер тапсырманы орындаңыздар.шақпаққа мынаны жазсаңыздар,ерекше тордағы сөзді оқисыздар.
-
Сілтеу есімдігі
Сұрау есімдігі
Өздік есімдігі (І жақ,көпше түрі,тәуелденіп тұр)
Белгісіздік есімдігі
Жалпылау есімдігі
(ережесін бірден сұрап отырамын)
ә) Сатылай кешенді талдау.
Бұл жерде ешкім сырмды білмейді.
Бүкіл ауыл Қазының төрт қанат киіз үйіне жиналды.
Бұл Ешкім Бүкіл
негізгі негізгі негізгі
дара күрделі дара
есімдік есімдік есімдік
сілтеу болымсыздық жалпылау
сұрағы : қай сұрағы : кім сұрағы : қай
анықтауыш бастауыш анықтауыш
б) Мәтінмен жұмыс.(Акула жайлы бейнефильм қойылады)
116-жаттығу. Акула.
Мәтіндегі есімдіктерді мағынасына,сұрағына,тұлғасына қарай жазбаша талдатамын.
в) Полиглот (асты сызылған сөздерді орыс,ағылшын,неміс тілдеріне аудару керек)
І топ
Тарих қана,халық қана туатын
Алыптардың арқа тұтпас кім атын?
Ұлы арманын жырлау үшін қазаққа
Керек болды Абай сынды ұлы ақын!
ІІ топ
Өзіңе сен,өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап.
ІІІ топ
Әркімді адам сүйремек,
Заманды қай жан билемек?
Заманға жаман күйлемек,
Заманы оны илемек.
Бекіту
а) Көру диктанты. (Жатқа жазып,есімдіктерді талдау)
Басқа жұрт балалары оқу қуған,
Біліммен өз жұртының бетін жуған.
Ішіп-жеп жүрсе егер жайған малдай
Адамзат жер жүзіне не үшін туған?!
ә) Тест (компьютер арқылы көрсетіледі) Ашық формалы тест. Нұсқау: толықтырыңдар
1.Үлкенді сен сыйласаң, 2.Жаманның ... (өзі) бола алмайды, 3.Балапан ұяда ... (не) көрсе,
Кіші . . . (сені) сыйлайды. Болғанды көре алмайды. Ұшқанда соны іледі.
4.Не ексең, ... (соны) орасың. 5.Біреу тойып секіреді,
... (Біреу) тоңып секіреді.
Қорытынды
а) Бекіту (Дәстүрлі сұрағымыз)
- Екі көз не үшін керек?
- Жақсыларды көру үшін.
- Екі қолың не үшін керек?
- Елге көмек беру үшін.
- Құлақ деген не үшін керек?
- Ақыл-кеңес тыңдау үшін.
- Тіл мен жағың не үшін керек?
- Ақиқатты айту үшін.
- Ал аяғың ше?
- Шетте жүрсем,туған жерге қайту үшін.
- Ал, есімдік не үшін қажет?
- Ия,туған жерге жету шін екі аяғың қандай қажет болса,қазақ тілінің дәрежесі жоғары болуына есімдік сынды сөз табының қосар үлесі зор.Жүйелі ойлау мен ой-өріс кеңістігінің кеңеюіне есімдік те үлкен ықпал етеді.
ә) Кластер немесе топтастыру әдісі
Сонымен,есімдік жайлы білдік?
б) Бағалау (бағалау парақшаларын жинап аламын)
Үйге тапсырма
І топ ІІ топ ІІІ топ
Ой толғау Сыр толғау Жыр толғау
«Достық – татулық белгісі» «Ауылым – алтын бесігім» «Ұрпағы ардақ тұтып,бас иеді рухына»
(Шағын шығарма,өлең,ой толғау жазу. Есімдіктерді тауып,талдап келіңіздер).
в) Менің алған әсерім.
(Сабақтан алған әсерлерін оқушылар алдарындағы парақшаларға түсіреді.Соңынан жинап аламын)
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Өздік есімдігінің түрленуі.
Сабақтың мақсаты: а) білімділік - өздік есімдігінің түрленуін түсіндіру; ә) дамытушылық - әр түрлі жаттығу жұмыстары арқылы оқушылардың есте сақтау,логикалық ойлауын дамыту; б) тәрбиелік – оқушы ларды тілін сүюге,елжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,слайдтар,кестелер.
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау стратегиялары элементтерін пайдалану,сұрақ-жауап,жаттығу т.б.
Сабақтың барысы.Ұйымдастыру бөлімі.
Үй тапсырмасын сұрау.
Жіктеу
септеледі
жіктеледі
Белгісіздік
көптеледі
Болымсыздық
Есімдіктің
мағыналық
түрлері
сілтеу
тәуелденеді
септеледі
Жалпылау
көптеледі
сұрау
тәуелденеді
Өздік
септеледі
жіктеледі
көптеледі
септеледі жіктеледі тәуелденеді көптеледі.
102-жаттығу.Берілген сұрау есімдігін қатыстырып сөйлем құрап жазу.
Кімнің,қайсымыз,нешеуі,кімдермен,нешеуден,кімсіздер,қандаймыз.
Мысалы : Сен кімнің баласысың?
103-жаттығу.Нешінші,қайсысы деген сұрау есімдіктерін жіктеп және тәуелдеп жазып,мағыналық,тұлғалық жағынан салыстырыңдар.
Жіктеу: І нешіншімін,қайсысымын
ІІ нешіншісің,қайсысысың
Нешіншісіз,қайсысысыз
ІІІ нешінші,қайсысы
Тәуелдеу: І нешіншім,қайсысым
ІІ нешіншің,қайсысың
Нешіншіңіз,қайсысыңыз
ІІІ нешіншісі,қайсысы.
Достарыңызбен бөлісу: |