Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар үшін: Мәтінді есептерді теңдеу құру арқылы шешу алгоритмін іс жүзінде қолдана білу



Дата20.03.2020
өлшемі44,01 Kb.
#60403
түріСабақ
Байланысты:
алгебра-16.03


Тақырып:

Мәтінді есептерді шығару.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

7.5.3.1

Есеп шарты бойынша математикалық модель құру;





Сабақ мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Мәтінді есептерді теңдеу құру арқылы шешу алгоритмін іс жүзінде қолдана білу.



Оқушылардың басым бөлігі үшін:

Топта жұмыс істеу арқылы іздену,білу, түсіну және мәтінмен жұмыс істеу.



Кейбір оқушылар үшін:

Күрделі есеп шарты бойынша математикалық модель құру.



Бағалау критерийі:

-Есеп шарты бойынша теңдеу (өрнек) құрады.

-Мәтінді есептерді шығарады.




Конспект/теориялық бөлім

Мәтінді есептерді алгебралық тәсілмен шығару барысында мына алгоритм қолданылады:



  1. Ізделінді шаманы немесе бірнеше шамаларды х,у,z... әріптермен белгілейді;

  2. Берілген шамалар мен ізделінді шамалар арасындағы байланыс орнатылады;

  3. Теңдеу немесе теңсіздік, немесе теңдеулер жүйесі, немесе теңсіздіктер жүйесі (математикалық модель) құрастырылады ;

  4. Құрастырылған теңдеу немесе теңсіздік, немесе теңдеулер жүйесі, немесе теңсіздіктер жүйесі шығарылады;

  5. Шыққан нәтиже есеп шартымен салыстырылады;

  6. Жауабы жазылады.

Есептің шарты бойынша математикалық модельді қалай құрастыруға болады?

Математикалық модель теңдеу немесе теңсіздік, теңдеулер жүйесі немесе теңсіздіктер жүйесі, кесте, сызба түрінде берілуі мүмкін.



Мысал.

Көкөніс базарында қияр мен қызанақ бар. Қызанақ салынған жәшіктер саны қиярлар салынған жәшіктер санынан екі есе артық. Егер базадан қызанақ салынған бес жәшік жіберіліп, базаға қияр салынған бес жәшік әкелінсе, қызанақ салынған жәшіктер саны қиярлар салынған жәшіктер санынан 5-ке артық болады. Базада қияр мен қызанақ салынған барлығы қанша жәшік бар?



Шешуі. Қияр салынған жәшіктер саны х болсын, онда қызанақ салынған жәшіктер саны 2х болады. Демек, базадағы барлық көгөніс салынған жәшіктер саны х+2x=3x. Егер базадан қызанақ салынған бес жәшік жіберілсе, онда қызанақ салынған жәшіктер саны (2х-3х). Егер базаға қияр салынған бес жәшік әкелінсе, онда қияр салынған жәшіктер (х+5). Есептің шарты бойынша қызанақ салынған жәшіктер саны қиярлар салынған жәшіктер санынан 5-ке артық. Математика тілінде былай жазылады:

(2х-5)-(х+5)=5 (х>0).

Құрастырылған теңдеу берілген мәтінді есептің математикалық моделі болады. 2х-5-х-5=5 теңдеуін шешіп,х =15 аламыз.

Демек, базада қияр салынған жәшіктер саны 15, ал қызанақ салынған жәшіктер саны 30. Есептің шығарылғанын дұрыс шарты бойынша тексереміз.

Қызанақ салынған 5 жәшік жіберілді, онда 30-5=25.

Қияр салынған 5 жәшік әкелінді, онда 15+5=20.

Демек, қызанақ салынған жәшіктер саны қиярлар салынған жәшіктер санынан 5-ке артық (25-20=5). Ал базада барлығы 3*15=45.

Жауабы: 45 жәшік.

Видеотүсіндіруге сілтеме: https://bilimland.kz/kk/subject/algebra/7-synyp/matin-esepterdi-tengdeuler-quru-arqyly-shyharu?mid=fc995c30-9d59-11e9-be78-49d30a05e051
Практикалық бөлім:

І-тапсырма (А)

Есепті теңдеу құру арқылы шығарамыз:

Шахматтан жарысқа 6-7 сыныптардан 20 оқушы қатысты.7-сынып оқушылары 6-сынып оқушыларынан 1,5 есе артық. Жарысқа әр сыныптан қанша оқушыдан қатысқан?
Дескриптор: Білім алушы:

-Есеп шарты бойынша теңдеу құрады;

-Теңдеудің түбірін табады;

-Есептің жауабын жазады.



ІІ-тапсырма (В)

Есепті теңдеу құру арқылы шығарамыз:

Гүлзар қабырғаларының ұзындықтары 3:4 қатынасындай тіктөртбұрыш пішінді болып келген. Егер гүлзардың ауданы 4800 кв. дм болса, онда тіктөртбұрыштың өлшемдерін табыңдар?
Дескриптор: Білім алушы:

-Тіктөртбұрыш ауданын жазады;

-Есеп шарты бойынша теңдеу құрады;

-Теңдеудің түбірін табады;

-Есептің жауабын жазады.

ІІІ-тапсырма (С)

Есепті теңдеу құру арқылы шығарамыз:

Екі санның айырымы 34-ке, ал квадраттарының айырымы 408-ге тең. Осы екі санды табыңыз?
Дескриптор: Білім алушы:

-Есеп шарты бойынша теңдеулер жүйесін құрады;

-Теңдеулер жүйесін шешу әдісін анықтайды;

-Қысқаша көбейту формулаларын пайдаланады;

-Теңдеудің түбірін табады;

-Есептің жауабын жазады.



Тест тапсырмалары:

1.Дұрыс емес теңдікті анықтаңдар.

А. (3b-c)(3b+c)=9b2-c2 B. (x+4)(4-x)=16-x2

C. 36n2-49=(6n+7)(7-6n) D.y2-25=(y-5)(y+5)

2.х-ті қандай бірмүшемен алмастырғанда n +x+0,04 өрнегі екімүшенің квадраты болады?

А.0,2п немесе -0,2п В. 4п немесе -4п

С. 2п немесе -2п D. 0,4п немесе -0,4п

3. Дұрыс теңдікті анықтаңдар.

А.(3+a2 ) 2 =9+3a+a2 B. (k-5) 2 =k 2-10k+10

C. (x+2y2 ) 2 = x2 +4xy2 +4y4 D. 16a4 -24a2 b+9b2 =(8a2 -3b) 2

4. a4 b6 -16c8 өрнегін көбейткіштерге жіктеңдер.

A. (a2 b3 -4c4) 2 B. (a2 b3 +4c 4) 2

C. (a2 b3 -4c4 )(a2 b3+4c4 ) D.(a2 b3 +4c4 )(4c4–a 2b3 )

5. 4x2 -25=0 теңдеуін шешіңдер.



А.2,5 В.-2,5 С.-2,5; 2,5 D.-10; 10


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет