Тұйық етістік туралы оқушылардың түсініктері қалыптасады, заттық, қимылдық мағынасын ажырата біледі, жасалу жолымен танысады.
Негізгі идея
Сөз мағыналы болғанда, ой жүйелі болады.
Ресурстар
Қазақ тілі 7-сынып оқулығы, дидактикалық материалдар
Жабдықталуы
Флипчарт, үлестірмелі материал, кеңсе заттары,т.б
Пәні
қазақ тілі
Сыныбы
7
Пән мұғалімі
Утеулиева Ж
Мерзімі
Сабақ кезеңдері
Уақыт
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Дерек көздер, көрнекі құралдар
Ұйымдас
тыру. Сергіту
1 мин
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.
А 4 форм қағаз, маркер
Топқа бөлу
1 мин
Топтастыру стратегиясы.
«Тау» тобы
«Орман» тобы
Мозайкалық әдіспен топқа бөлу. Түрлі-түсті суреттердің қиындыларын құрастыру арқылы топқа бөлінеді.
«Тау», «Орман» көркем суреті
Үй тапсырмасы
5 мин
«Веер» әдісі
Әр топ бір-біріне веер парақшасына сұрақтар жазу арқылы үй тапсырмасы сұралады.
А 4 форм қағаз, маркер
«Миға шабуыл» әдісі
2 мин
- Балалар, тұйық етістік туралы не білеміз? заттық, қимылдық мағына дегенді қалай түсінеміз?
Жеке жұмыс
Оқушылар өз ойларын ізденгендері бойынша айтады.
Слайд, оқулық
«Ой қозғау» стратегия
2 мин
Бейнежазба
Бейнежазбаны тамашалап, өз ойларын ортаға салады.
Слайд, оқулық
Жаңа сабақ.
10 мин
Ережемен таныстыру
Жақтық, шақтық мағынаға тәуелді емес, алайда зат есімдерше түрленіп, қимылдың, іс-әрекеттің атын білдіретін етістіктің ерекше түрін тұйық етістік дейміз.
Оқушылар ережемен танысады.
Ол бір ғана-у жұрнағы арқылы жасалады. Әрі заттық, қимылдық мағынада қолданылады.Мыс: Көсеуді әперші-заттық, Отты көсеу керек-қимылдық мағ.
слайд
«Бір айналым сөз»
5 мин
210-жаттығу. Мәтінді талдау. «Джигсо» әдісі
Екі топ мүшелері берілген мәтіннің бөлімдеріне «Джигсо» әдісі бойынша талдау жүргізеді.
А4 форматты қағаз,
маркер
Сергіту сәті
1 мин
Бейнеролик «Қос қарлығаш»
Оқушылар бейнероликтегі қимылдарды қайталайды
бейнеролик
Топтық зерттеу
2 мин
Тақтамен жұмыс
Әр топтан 2 оқушы тақтаға тұйық етістікті сөзді тәуелдейді, септейді.
Дәптермен жұмыс
5 мин
211-жаттығу. Сызба кестемен жұмыс
Кестені толтырады.
Сызба кесте
Постер қорғау
5 мин
«Үмітін үзбек-қайратсыздық»
«Үмітін үзбек-қайратсыздық»
тақырыбына постер қорғау.
А4 форматты қағаз,маркер,
стикер,қайшы
«Нақты жауап айдары»
2 мин
«Аялдама» әдісі.
Осы әдіс бойынша оқушылар жаңа сабақты өздері қорытады.