Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Ресурстар
|
1-кезең. Ұйымдастырушылық-мотивациялық:
|
Сабақтың басы
жаңа сабақ
|
Мұғалім оқушылармен амандасады , үй тапсырмасын сұрайды.
«Сандар сөйлейді» әдісін қолдану арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды.
Сабақтың негізгі ойларының бірі-кез-келген жағдайда қолдануға болатын бір әмбебап түйіндеме жоқ екенін түсіндіру.
Қаншалықты қарапайым нәрсе болып көрінгенімен, Қазақстанның қазіргі жұмыскерлерінің бір қиындығы — сауатты түйіндеме жаза алмау. Бос орындар мен үміткерлерді іздеумен айналысатын жұртшылыққа танымал HR порталда құжатты түсінікті түрге келтіру бойынша ұсыныстар ұсынатын тіпті ақылы қосымша қызметтер бар. Біз осы және келесі сабақтарда қарапайым сауатты мәтін құра білуге, сонымен бірге өз түйіндемесінің прототипін құруға мүмкіндік береміз. Сабақтың ең басты ойларының бірі — кез келген жағдайда пайдалануға болатын бір де бір әмбебап түйіндеме болмайды. Әрбір бөлек бос орынға арнап ізденушіге қойылатын талаптарға басты назар аудартылатын жеке түйіндеме құру маңызды. Видео
|
Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді
|
Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 11-сыныпқа арналған оқулық. 2- бөлім/ Е. С. Дүйсенханов, С. А. Щеглов, Д. Ханин, Н. Е. Жұлдызбаев. — Алматы: Көкжиек-Горизонт, 2020., 75-80 бет
|
2-кезең. Теория-практикалық:
|
Сабақтың ортасы
|
«Спиннер» әдісі.
Түйіндеме жазу.
Жағдаяттар
|
Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді: түйіндемені қалай дұрыс жазу керек?
1-тапсырма оқушылар сыныпта ауызша талқылайды. Бұл сабақтың негізгі идеясын жақсы түсінуге көмектеседі - әр түрлі позициялар үшін бір түйіндеме жасауға болмайды.
Оқушылар 2-тапсырманы орындау кезінде оқулықтағы сұрақтарға жауап береді
|
Әдістемелік құрал: Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 11-сыныпқа арналған /Е. С. Дүйсенханов, Н.Е. Жұлдызбаев, С. А. Щеглов — Алматы: Көкжиек-Горизонт, 2020. —297 бет.
Оқулық
|
3- кезең. Рефлексивті-қорытындылаушы:
|
Сабақтың соңы
|
Сабақты қорытындылап, оқушылардың осы сабақтан не үйренгендерін, бұл білімді олар өзін-өзі ұсынған кезде немесе өз стартапына қызметкерлерді қабылдаған кезде қалай пайдаланатындарын мұғалім сұрайды.
Егер уақыт қалса, мұғалім пікірталас өткізеді, кері байланыс береді
Рефлексия
Quizz платформасын қолдану.
Смс әдісі.
|
Оқушылар кері байланыс береді
|
Оқулық
Atameken Akademy білім беру онлайн-платформасының материалдары, бейнесабақтар (atameken.co).
|
Бағалау
|
Сабақ барысында өзін-өзі бағалауды және өзара бағалауды ұйымдастыру.
Мұғалім оқушыларды бағалайды және кері байланыс жасайды.
Дескрипторлар:
• Резюмесін жасаудың дағдыларын қолданады.
• Оқу-ойын жағдайында жұмысқа орналасуда өзін-өзі жылжыту дағдыларын қолданады.
|