Сабақтың тақырыбы Тұманбай Молдағалиев. Гүлдер Жалпы мақсаты



Дата13.02.2020
өлшемі45,5 Kb.
#57894
түріСабақ
Байланысты:
sabaq-kz attachment 4-synyp-debiettk-ou.-t.moldaaliev.-glder





ҚМЖ Әдебиеттік оқу 4-сынып

Сабақтың тақырыбы

Тұманбай Молдағалиев. Гүлдер

Жалпы мақсаты

Оқушыны Тұманбай Молдағалиевтың «Гүлдер» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің көркемдік ерекшелігі мен тәрбиелік мәнін ашу; өлең мәтіні арқылы сөздік қорын байытуға,

Күтілетін нәтиже

Оқушыны Тұманбай Молдағалиевтың «Гүлдер» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйренеді, өлеңнің көркемдік ерекшелігі мен тәрбиелік мәнін ашады; өлең мәтіні арқылы сөздік қорын байиды,

Оқуда қолданылатын әдіс-тәсілдер

«Сұрақтары бар қорап»

Жигсо әдісі Топтық жұмыс Жеке жұмыс



Бағалау

Мадақтау арқылы бағалау, «Бағдаршам» арқылы бағалау,

Топтық бағалау.



Жеке жұмыс

Кестемен жұмыс

Уақыты

Мұғалім іс- әрекеті

Оқушы іс- әрекеті

3 мин

Кіріспе Оқушымен жағымды ахуал туғызу.

Оқушыларды түстер арқылы топтастыру.

Оқушылар түстер арқылы топқа бөлінеді.


5 мин

Үй тапсырмасын сұрау, бекіту.

«Сұрақтары бар қорап» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау.

Мадақтау арқылы бағалау


7 мин

Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық.. Табиғат көрінісі, жайқалған гүлдердің суреті интерактивті тақтадан немесе жай тақтадан дайын пейзаж көрсетіледі.

15 мин

10 минут


Жаңа сабақ: 1. 1. Тұманбай Молдағалиев – қазақтың белгілі ақыны. Ол табиғат сұлулығын суреттеудің аса шебері. Сондай өлеңдердің бірі – «Гүлдер». Өлеңде ақын өз сезімін қалай жеткізгенін байқаңдар. 2. Оқушыларды 3 топқа бөлу. Топқа бөлу үшін мұғалім балаларға гүлдің суретін таратып береді. Қызғалдақтар бір топқа, Түймедақтар екінші топқа, Раушангүлдер үшінші топқа топтасып отырады.

І тапсырма: «Ой қозғау» ойыны. Жасырынған топтың атын табуы тиіс.

1 топтың аты: түбірі «тапты» деген сөзде, жұрнағы «қасқыр» деген сөзде, жалғауы «балалар» деген сөзде кездеседі. (Тапқырлар).

2 топтың аты: түбірі «ойын» деген сөзде, жұрнағы «сыншыл» деген сөзде, жалғауы «қаздар» деген сөзде кездеседі. (Ойшылдар)

3 топтың аты: түбірі «қолөнер» деген сөзде, жұрнағы «аспаз» деген сөзде, жалғауы «қыздар» деген сөзде кездеседі. (Өнерпаздар)

Топ атын анықтап алғаннан кейін әр топқа әр түрлі тапсырма беріледі.

ІІ тапсырма: 1 топ – «Тапқырлар» тобы гүл күлтелеріне гүлге қатысты сипаттау сөздерін тауып жазады. 2 топ – «Ойшылдар» тобы өлең ішінен қайталанып тұрған сөзді тауып, ақын не үшін бұл тәсілді қолданғанын анықтауы керек. 3 топ – «Ойшылдар» тобы гүлдің суретін салып, бір шумақ өлең шығарады.

ІІІ тапсырма: «Шатасқан шумақтар» ойыны. Өлеңжолдарының орны ауысып кеткен екі өлең беріледі. Оқушыға сол өлең жолдарын мағынасына, ұйқасына қарап, қайта жазып шығу тапсырылады. Мұндай тапсырмалар оқушыны байқағыштыққа, сөздің мән-мағынасын, ұйқасу жолдарын түсінуге үйретеді.

Гүлдер, гүлдер не түрлі

Бастады той думанын жазық дала,

Құлпырды да жетілді

Күркіреп жатыр тулап сай мен сала.

Барлық дала өртеніп

Малшылыр өрісінен қозы терсе,

Бара жатқан секілді.

Мәз боп жүр соны тасып бір топ бала.

І. Бастады той думанын жазық дала,

Күркіреп жатыр тулап сай мен сала

Малшылыр өрісінен қозы терсе,

Мәз боп жүр соны тасып бір топ бала. («Көктем жыры» Мәриям Хакімжанова)

ІІ. Гүлдер, гүлдер не түрлі

Құлпырды да жетілді

Барлық дала өртеніп

Бара жатқан секілді. ( «Гүлдер» Тұманбай Молдағалиев)

Тапсырма: ұйқассөздерді пайдаланып, гүл туралы бір шумақ өлең құрастыру.



Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер,

Қызыл гүлдер, көк гүлдер,

Күлімдейді қарап балаға,

Жүгіріп шыққан далаға.

Жұлып алды біреуін,

Сыйлаймын деп анама


3 мин

Рефлексия (смайликтер арқылы)

Барлығы түсінікті

Жартылай түсінікті

Түсінген жоқпын













Сабақ аяқталғаннан кейін күткен нәтижеге жетті ме? Соны жазып, толықтырып, стикерлерін жапсырады.

1 мин

Өлеңді түсініп оқу, сұрақтар дайындау


Оқушылар күнделіктеріне жазады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет