Сабақ жоспары 4аә сынып
Сабақтың тақырыбы: Тоғызқұмалақ ойыны. Мақсаты мен міндеті: Ұлттық төл ойнымызды насихаттау.
Жетілдіру: Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру.
Оқыту.үйрету: Тоғызқұмалақтың жүру жолдарын,ережесін үйрету.
Өтілетін орны, күні: Спорт ғимараты . 02.03.15.
Көрнекілігі: Сағат, тоғызқұмалақ тақтасы, құмалақтары,компьютер.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
а) Топқа бөлу.(төрт топ)
б) Шаттық шеңберін құру.
Негізгі бөлім.
Тоғызқұмалақ ойыны. Тоғызқұмалақ ойыны туралы түсінік.Тоғызқұмалақ тақтасы, отаулары,құмалақтары.
1.Арт /Таңдық/
2.Тектұрмас
3.Ат өтпес
4.Атсыратар
5.Бел
6.Белбасар
7.Қандықақпан
8.Көкмойын
9.Маңдай
[Укажите здесь источник.]
Тоғызқұмалақтың 1+1
ден 2 қазандығы,
9+9 дан 18 отауы,
81+81 ден 162 құмалағы
бар.
[Ак
Жұптық жұмыс .
Жұптық жұмыста оқушылар тоғызқұмалақ тақтасымен ,отауларымен, құмалақ санымен және жүру жолдарымен танысады.
Ойында жүру сол жақтан оңға қарай жүріледі.
Әр отауда тоғыздан құмалақ болады.Жүргенде орнында бір құмалақ тастап ортада
отау қалдырмай құмалақтарды салып шығамыз.Соңғы құмалақ түскен отаудағы
құмалақ саны жұп болса сол отаудағы құмалақтарды өз қазандығыңа салып аласың.
Қорытынды бөлім.
Жеке жұмыс.
1.Тоғызқұмалақ отаулары қанша?
2.Тоғызқұмалақта қанша қазандық бар?
3.Ойындағы құмалақтар саны қанша? Оқушылардың сабақтағы түсінулерін байқау.
Рефлекция кезеңі. Сабақ туралы: Не білдім? Не үйрендім? Не қызықты болды?
Ойларын тыңдау.
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма
Достарыңызбен бөлісу: |