Сабақ жоспары
1.Пән аты: Қазақ әдебиеті
2.Сыныбы: 8
3.Күні, айы, жылы:
4.Тоқсан: ІV
5.Мұғалім: Сүлейменова Г.
Сабақтың тақырыбы: Төлен Әбдіков «Қонақтар хикаяты»
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларға белгілі жазушы Төлен Әбдіковтің өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім беру, «Қонақтар» хикаятының сюжетін меңгерту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды ізгілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: Төлен Әбдіковтің портреті,шығармалар жинағы.
Пәнаралық байланыс: тіл, әдебиет тарихы
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
1. Қарауылбек Қазиевтің өмірі мен шығармашылығы
2. «Менің шешем» әңгімесі
ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру.
1. Төлен Әбдіковтің өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім беру.
Төлен Әбдіков (04.09.1942 жылы туған, Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Еңбек кеңшары) – жазушы. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік ұлттық университетін бітірген. (1965). 1965-1970 жылдары «Қазақстан пионері» (қазіргі «ұлан») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1970-1977 жылдары «Жалын» альманағында бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, 1977-1979 жылдары «Қазақфильм» киностудиясында бас редактор. 1979-1990 жылдары Қазақстан КП ОК-нде жауапты қызметте. 1990-1992 жылдары «Қазақ әдебиеті газетінің бас редакторы. 1993 жылдан ҚР Президенті әкімшілігінің қызметінде. Шығармалары 1964 жылдан жариялана бастады. Т.Әбдіков «Көкжиек» (1969), «Күзгі жапырақ» (1971), «Ақиқат» (1974), «Айтылмаған ақиқат» (1979) әңгіме-повестер жинағын, республикадағы тарихи оқиғаларды суреттейтін «Өліара» (1985), «Ақшоқыда қыс қатты» (1987) романдарын жариялады. Әңгіме, повестері орыс тілінде «Истина» (1980, 1981) деген атпен шықты. Республикада «Біз үшеу едік» (1985) пьесасы қойылды. Грек аңыздарын – «Эллада ерлерін» (1977) қазақ тіліне аударылды.
«Қонақтар» атты хикаятында жазушы оқыған, қалада тұратын Сапабектің қарт әке-шешесіне салқын, жасанды қарым-қатынасын суреттеу арқылы әлпештеп өсірген ата-ана алдындағы баланың мәңгілік перзенттік парызы туралы ой қозғайды.
Алыстағы ауылда тұратын, өзін сағына күтетін қарт әке-шешесіне жылына бір рет, онда да курорттан қайтар жолда бір-ақ күнге соғатын, ертеңіне қалаға асығатын Сапабек ұлтымыздың дәстүр-салтынан қол үзіп қалған, перзенттік борыш-парызды жеңіл түсінетін жан ретінде танылады. Жылына бір рет келгенін, азын-аулақ сәлем-сауқат әкелгенін ол өзінің ата-ана алдындағы борышын өтеу деп түсінеді. Қарияларға керегі – Сапабектің сыйлығы емес, жалғыз ұлдың амандығы, оның өздері қартайған мына мазасыз шақта қастарында болып, қамқорлық жасауы, жан жылуын төгуі. Ал бір күнге келген Сапабектің қариялардың халін сұрауға да уақыты жоқ, әңгімесі де басқа, геология, асыл тастар сыры, шетел сапарлары т.б.
ІV.Жаңа сабақты бекіту.
Оқулықпен жұмыс
1. Әңгімені рөлге бөліп оқу, талдау.
2. Сұрақтарға жауап беру.
1) Ерекеңнің арманы не еді?
2) Ерекең мен оның кемпірінің баласын күтуі, оған деген сағыныштары қалай суреттелген?
3) Ұлына Ерекеңнің не себепті көңілі толмады?
Кейіпкерлерге мінездеме жазу.
Ерғабыл Кемпірі Сапабек
V.Үй тапсырмасын беру:
1. Төлен Әбдіковтің өмірі мен шығармашылығы
2. «Қонақтар» хикаяты.
VІ.Оқушылардың жауаптарын бағалау.
VІІ.Сабақтың аяқталуы.
Достарыңызбен бөлісу: |