Сабақтың тақырыбы: Толғауы тоқсан қызыл тіл. Шортанбай Қанайұлы. Анафора. Эпифора. №1-сабақ. Бөлім


Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. Тиімділігі



бет10/55
Дата18.05.2023
өлшемі6,31 Mb.
#177092
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   55
Байланысты:
7 сынып әдебиет 2-тоқсан

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.


2-тапсырма:
Зар заман сөзінінң мағынасын ашып айтады

«Зар заман, зар заман,
Зарлап өткен бір заман» - деп, ақын қай заман туралы айтып отыр? Оның «зар заман» деуінің мәні неде?


Дескриптор: Жалпы – 3 балл.
- шығарма сюжеті бойынша өз ойын жеткізеді;

Оқулық, жұмыс дәптерлері, құлаққап.





3-тапсырма.
Шығарманың мына бөлігін талдап көріңіз. Халық қандай күй кешіп отыр деп ойлайсыз?



Байлар ұрлық қылады,
Мал түзіне көрінбей,
Билер жейді параны
Сақтап қойған сүріндей.
Заманың сенің құбылды
Текеметтің түріндей.
Ойлағаны жамандық
Жарадан аққан іріңдей.
Жеті жұрт кеткен қожадан
Сен тұрмайсың бүлінбей.
Қазақ ұлы жиылып,
Құдайыңа сыйынып,
Қондыгерге хат жазып,
Кешіктірмен дат жазып,
Өлместің де қамын қыл
Басың сотқа ілінбей.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет