Сабақтың тақырыбы: Толғауы тоқсан қызыл тіл. Шортанбай Қанайұлы. Анафора. Эпифора. №1-сабақ. Бөлім


Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. Тиімділігі



бет37/55
Дата18.05.2023
өлшемі6,31 Mb.
#177092
түріСабақ
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   55
Байланысты:
7 сынып әдебиет 2-тоқсан

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.


7-тапсырма.
Ж. Жабаевтың «Зілді бұйрық» өлеңінен берілген үзінділерді топта талдаңыз. «Әдеби шеңберге» қатысыңыз.

1. «Верныйдан» жандаралдар бұйрық қылды,
Құйрығы бұйрығының тіпті зілді.
«Отыз бір - он тоғызды алад» деген
Суық хабар халықты бұлқындырды.
Жылады сорлы халық, малын айтып,
«Кеткен соң қолдан шығып, келмес қайтып», -
Дейді де еңірейді, егіледі,
Қайғының күні-түні күйін тартып.
«Верныйдың» қадам баспай қаласына,
Кемпір, шал жылап жатыр баласына.
Ешбір ем табылмады іздесе де
Халықтың жүректегі жарасына.
Пристав келіп қалды бала сұрап,
Ел жатыр бермейміз деп қойдай шулап.
«Қырсаң да баламызды бермейміз» деп,
Тайсалмай әке-шеше жатыр сұлап.
Пристав ашуланды «аламыз» деп,
Жігіттер тұр: «Бармаймыз, қаламыз, - деп. -
Егер де бұл түріңді өзгертпесең,
Басыңа бір ойранды саламыз!» - деп.
Ел-ел боп жиылды кеп әрбір сайға,
Ал әлеумет, қараңдар мына жайға.
Сеңдей болып соғылып толқындады,
Бір сая бола ма деп шыбын жанға.
Жиылды бозбалалар бір кезеңге,
Қарғалы деген тасқын бір өзенге.
Пристав кетті: «Еріксіз аламын, - деп, -
Көресің бұл істі! - деп, - кезегінде!».
Бәрін де ол пристав жаттап алды,
Басшыларын қағазға хаттап алды.
Аттандырып бұл елге солдаттарын,
Басты-басты кісіні саптап алды.

2. Тауға шығып өрмелеп, тасқа бұғып,
Елдің бәрі жанынан түңілді енді.
Ертеңінде ел-елге әскер барды,
«Шапшаң түсіп, келсін» деп хабар салды.
«Қашқандарды атады» дегеннен соң,
Таудағылар кірер жер таба алмады.
Аттандық ұлығының қонысына,
Елді сорған борсықтай болысына.
Көп ерлер қаза тапты жауға аттанып
Көксеген азаттықтың соғысында.

«Әдеби шеңбер»
1. Баяндаушы. Өлең жолдары бойынша түсінгенін баяндау.
2. Байланыстырушы. Тарихи оқиғамен байланыстырып талдау.
3. Талқылаушы. Өлең жолдары бойынша сұрақтар құрастыру.
4. Белгілеуші. Өлең жолдарынан түйінді ойды баяндап тұрған маңызды тұстарын анықтау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет