|
№15-тапсырма:
Өлең жолдарындағы көркемдегіш құралдарды анықтап, өлеңнің идеясын ашудағы маңызына талдау жасаңыз.
|
Ақыры ұлыққа түк қыла алмастан,
Не боларын бұл істің біле алмастан,
Күш жинамай, қарусыз ұрыс қылып,
Бозбаланы бітірді кек алмастан.
...Шулайды абақтыға қамалған көп,
Сырттағы жүр: «Біз енді қайтеміз?» - деп,
Губернатор жандарал жауапқа алды:
«Жайлауда ту көтеріп шапқан кім?» - деп.
Ешқайсысы айтпаған соң, айғай сап кеп,
Өзі айтты жандаралдың «Бекболат!» деп.
Бекболат бола қалса ту көтерген,
Бұйрық қылды: «Дараға асып, тарт!» деп.
Қалиқұлды бірге жазды дарасына,
Байбосын қоса кетті арасында.
Абақтыда қалғандар естен танды,
Көзінің қамшы тиіп қарасына.
|