Сабақтың тақырыбы: Толқындық қозғалыс



Дата18.03.2017
өлшемі51,72 Kb.
#11974
түріСабақ
Алматы қаласы

Алатау ауданы

169 мектеп-лицей



Физика пәнінің мұғалімі : Бекбанова Лила

Сабақтың тақырыбы: Толқындық қозғалыс

Сабақтың мақсаты: Білімділік:Оқушыларға механикалық толқын және толқынның түрлері,жылдамдығы,ұзындығы туралы түсінік беру . Дамытушылық: –Оқушының сабақ барысында пәнге қызығушылығын арттыру және танымдық ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік: –Оқушыны зеректікке, тиянақтылыққа және өз бетінше ізденуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, үлестірме материалдар, графиктер.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымтастыру кезеңі

  2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Жоспар:

  1. Үй тапсырмасын сұрау;

  2. Нашар оқушымен жұмыс;

  3. Дарынды оқушымен жұмыс;


Физикалық шама

Тербеліс жиілігі



Формуласы

Өлшем бірлігі
1 оқушы:


Анықтамасы,Белгіленуі

Белгілену




2 оқушы:


Тербеліс периоды

Анықтамасы

ББББББББББББ

ббб

АНЫҚ Белгілену



Белгіленуі Өлшем бірлігі

Формуласы



Мағынасы

Формуласы
3 оқушы:


Томсон формуласы

Физикалық шама


4 оқушы:


Математикалықмаятник

Анықтамасы

Белгілену

Формуласы




  1. Жаңа сабақ:

Физиканың барлық саласында біз қарастырған қозғалыстардан басқа тағы бір қозғалыс түрі кездеседі,ол толқындар.Толқын дегеніміз тербелістердің кеңістікте таралуы. Тербелістердің серпімді ортаның бір бөлшегінен екінші бөлшегіне таралу процесі механикалық толқын деп аталады. Толқын тербелістегі бөлшектерді тасымалдамайды , тек энергияны ғана тасымалдайды. Толқын ұзындығыТ периодқа тең уақыт аралығында толқын таралатын арақашықтық. λ толқын ұзындығының бөлшектердің Т тербеліс периодына қатынасы арқылы анықталатын физикалық шама толқын жылдамдығы деп аталады.Бөлшектерінің тербелісі толқынның таралу бағытына перпендикуляр бағытта жүзеге асатын толқынды көлденең толқын деп атайды. Бөлшектерінің тербелісі толқынның таралуы бойында жүзеге асатын толқынды қума толқын деп атайды. Көлденең толқын қатты ортада таралады. Қума толқын газ тәрізді, сұйық, қатты орталарда пайда болып, таралады.

Жаңа сабақты Шаталовтың тірек –сызбасы арқылы түсіндірдім.



Толқындық құбылыстар




Механикалақ толқын

Толқын жылдамдығы

Толқын ұзындығы

λ =ϑ*T

Қума

Көлденең

ϑ =λxν

Энергия тасымалдайды

Сұйықта, қатты денеде, газда

Қатты дене


Сабақты бекіту:

  1. Жиілігі 740 Гц дыбыс толқынының суда таралу жылдамдығы 1480 м/с. Толқын ұзындығы неге тең?

Жауабы: (2 м)

  1. Болаттағы толқынның ең жақын нүктелерінің арақашықтығы 1,54 м болса, дыбыс тербелісінің жиілігі неге тең? Болатта дыбыс толқынының жылдамдығы 5000 м/с.

  2. Қозғалмай тұрған бақылаушының жанынан 4 толқын жалы өтті. Бөлшектердің тербеліс периоды қандай?

Нашар оқушыларға / тірек сызба арқылы / карточка берілді.

Дарынды оқушыға берілетін жұмыс.

Толқын жағаға келіп соғады. Әрі 10 с сайын жағалаудың жиек сызығын 4 толқын кесіп өтеді. Толқын жолдарының ара қашықтығы 8 м болса, толқын жылдамдығы қандай?



Сабақты қорытындылау.

  1. Толқын дегеніміз не?

  2. Көлденең толқын қандай ортада пайда болып таралады?

  3. Толқын ұзындығы дегеніміз не?

  4. Толқын жылдамдығы деп нені түсінесіңдер?

  5. Толқын энергияны тасымалдайтынын қалай дәлелдеуге болады?

Үйге тапсырма беру. §30 оқу, формуланы жаттау, 25 жаттығу №2,№3.

Оқушыларды бағалау. Оқушылардың сабаққа дайындығын, белсенділігін ескере отырып,дұрыс жауап беріп, есеп шығарғандарына қарап бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет