Сабақтың тақырыбы: Томсон формуласы. Контурдағы меншікті тербелістер жиілігі Сабақтың мақсаты



бет1/8
Дата06.10.2022
өлшемі386,5 Kb.
#151906
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
sabaktar-jynagy-fizika-52f0ae24d900b



Сабақтың тақырыбы: Томсон формуласы. Контурдағы меншікті тербелістер жиілігі
Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Электромагниттік тербелістермен таныстырып солар жайлы түсінік қалыптастыру.

  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.

  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс, есептер шығару
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.
ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру.
ІV. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.
Серіппелі маятник тербелістері мен контурдағы электромагниттік тербелістер арасындағы ұқсастықты ескере отырып, контурдағы тербеліс периодын табуға болады. Серіппелі маятниктің тербеліс периоды , ал маятниктің тербеліс жиілігі . Циклдік немесе дөңгелектік жиілік шамасы дененің 1 с ішіндегі емес, 2П с ішіндегі тербеліс саны. Ол немесе өрнектерімен анықталады. Еркін тербелістің жиілігін тербелмелі жүйенің меншікті жиілігі деп атайды.
Онда серіппелі маятниктің меншікті жиілігі:
Осыған өрнегін әкеліп қойсақ, онда немесе
немесе
Онда контурдағы еркін электромагниттік тербелістер периоды үшін мына өрнекті жазамыз:

Бұл формуланы оны алғаш қорытып шығарған ағылшын физигінің құрметіне Томсон формуласы деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет