Сабақтың тақырыбы: Топырақ,топырақтың түрлері Сабақтың мақсаты


Еуразия материгінің ішкі сулары



бет2/2
Дата02.04.2018
өлшемі0,52 Mb.
#40047
түріСабақ
1   2

Еуразия материгінің ішкі сулары


Сабақтың  мақсаты:

Білімділік:   Материк ішкі суларының жер бедері мен климатка байланыстылыгын көрсете отырып, Еуразия өзендерінің жалпы ерекшеліктерін, сондай–ақ Солтүстік Мұзды, Атлант, Тынық және Үнді мұхиттарының су алаптарының ерекшеліктерін көрсету.

 ДамытушылықОқыту барысында әр түрлі әдіс тәсілдерді қолдана отырып,оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру және логикалық ойлау қабілетін дамыту,ой өрісін кеңейту.                



Тәрбиелік:   Оқушыларды табиғатты сүйе білуге,оны қорғауға өзара сыйластыққа,үнемі сабаққа дайын келуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі:  Жаңа сабақты меңгерту.

Cабақтың әдісіАралас сабақ: түсіндірмелі сұрақ жауап, тест жұмысы, ойындар.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі:

II. Үй тапсырмасын сұрау:

1-5 топқа Берген, Лиссабон, Абасири, Калькутта, Ұланбатыр қалаларының диаграммалары беріледі. Оқушылар диаграммаларға қарап, сол қаланың ең ыстық және суық айларын, жылдық жауын-шашынның мөлшерін, түсетін мерзімдерін анықтау.



Тест жұмысы

1. Еуразия материгін неше климаттық белдеу кесіп өтеді?

     а)6                                                              б) 8                    

     ә)7                                                         в)9

2. Еуразияның оңтүстік шығысындағы аралдарды қамтитын белдеуді ата?

   а)Экваторлық                                           б) Қоңыржай 

   ә) Тропиктік                                                        в) Арктикалық

3. Ауа температурсы тұрақты түрде төмен қыста -40 С, -50 С болатын белдеу.

   а) Субарктикалық                                                                б) Субтропиктік

   ә) Субэкваторлық                                                                в)Арктикалық

4. Исландия аралынан басталып, жіңішке жолақ түрінде өтеді?

а) Арктикалық                                  б) Экваторлық

ә) Қоңыржай                                     в) Субарктикалық

5. Биіктік климаттық белдеулер қай тауларда айқын  байқалады?

 а) Аппалач, Орал                          б)Альпі, Кавказ, Тянь- Шань, Гималай

 ә)Гиндукуч, Карпат                      в) Тибет, Памир

6. Дүние жүзіндегі ауданы жөнінен ірі материк?

а) Солтүстік Америк                       б)Аустралия

ә) Еуразия                                            в)Африка

7. Еуразиядағы ең аумақты климаттық белдеу?

а) Қоңыржай                                б) Тропиктік 

ә) Арктикалық                             в) Экваторлық

8. Тропиктік климаттық белдеу материктің қай бөлігін қамтиды?

а) Оңтүстік батыс                             б) Шығыс

ә) Оңтүстік шығыс                           в) Батыс

9. Жауын-шашын мөлшері жазық жерлерде азайып, тауларда артуын не деп атайды?

а) Континенттік                                     б)Шұғыл континенттік

ә) Муссондық                                                    в) Қоңыржай континеттік

10. Субтропиктік климаттық белдеуге жазда және қыста қандай ауа массалары әсер етеді.

а) Тропиктік, қоңыржай          б) Арктикалық, қоңыржай   

ә) Арктикалық                          в) Қоңыржай теңіздік, қоңыржай конт.

Жауаптары:1-Ә, 2-А, 3-В, 4-В, 5-Б, 6-Ә, 7-А, 8-В, 9-Б, 10-А  

Еуразия ішкі суға бай. Су қоры жөнінен Оңтүстік Америкадан кейінгі екінші орында. Мұнда жер шарының көптеген ірі өзендері, көлемді және терең көлдері, жер асты суының мол қоры бар. Кең алқапты батпақтар мен мұздықтар алып жатыр. Олардың орналасуы мен таралуы жер бедері мен климатқа тікелей байланысты келеді.

Өзен торы материктің ішкі аудандары мен оңтүстік – батысында өте сирек, тек жағалық бөліктеріне қарай жиілейді. Материктің  ⅓  бөлігін ішкі тұйық алап құрайды. Солтүстік Мұзды мұхит алабына материктің Ресей жері арқылы ағып өтетін ең ірі өзендері мен Скандинавия түбегінің қысқа өзендері жатады.

Бұл өзендер негізінен қар суымен және жазғы жаңбыр суымен қоректенеді. Олар ұзақ уақыт қатып жатады. Көктемде бастауынан сағасына дейін мұздан біртіндеп босайтындықтан, мұз құрсаулары пайда болып, су қатты тасиды. Таудан басталатын өзендердің жоғары ағысында судың құлама күшін пайдаланып, жұмыс істейтін су электр стансалары салынған. Жазықтағы ірі өзендер кеме қатынасы мен ағаш ағызуға пайдаланылады.

  Атлант мұхиты алабына Еуропалық бөліктегі өзендер жатады. Ірілері: дунай, Рейн, Висла және т.б. Өзендердің көпшілігі таулардан басталатындықтан, жоғары ағысында шоңғалдар мен сарқырамалар жасап, тар аңғарларымен арындап ағады. Жазыққа шыққан соң ағыны бәсеңдеп, кең аңғармен жайылып ағады.  Өзендер әр түрлі климаттық белдеулер арқылы ағып өтетіндіктен, олардың жеке бөліктерінде қоректену көзі әр түрлі болуы мүмкін. Солтүстіктегі өзендердегі еріген қар мен жаңбыр суының, ал оңтүстіктегі таудан басталатын өзендерде мұздық пен жаңбыр суының үлесі артады. Бұл алаптағы өзендер халық жиі қоныстанған, өнеркәсіп орындары тығыз шоғырланған бірнеше елдің жері арқылы ағып өтетіндіктен мейлінше ластануға ұшыраған. Өзендері кеме қатынасына жарамды, ал оңтүстіктегі өзендер егістер мен бау – бақшаларды суаруға пайдаланылады.

   Тынық мұхиты алабына енетін өзендер биік таулардан басталады, жоғарғы ағысында таулық сипатта болады. Ағыны қатты болғандықтан тау жыныстарын тез бұзады және жылдам ағызып тасымалдайды. Ірі өзендеріне Амур, Янцзы, Хуанхэ, Меконг жатады. Муссондық климат жағдайында өзендердің деңгейі жыл мезгілдеріне қарай өзгереді, қыста географиялық ендікке байланысты кейбіреуі қатады. Солтүстіктегі ұсақ өзендерді қоспағанда, барлығы дерлік жаңбыр суымен қоректенеді.

   Үнді мұхиты алабының ірі өзендеріне Үнді, Ганг, Брахмапутра, Тигр және Евфрат жатады. Бұл өзендер таудан басталатындықтан, мұздықтармен, жаңбыр суымен қоректенеді. Жазғы жаңбырлы маусым кезінде өзендердің деңгейі шұғыл көтеріледі. Өзендер негізінен егістік алқабын суаруға пайдаланылады.

   Ішкі тұйық алапқа Шығыс Еуропа жазығының, Орал тауы мен Кавказдың едәуір бөлігі, Орта Азия мен Қазақстан жері түгелдей дерлік, Иран таулы қыраты мен Арабия түбегінің ішкі аймақтары жатады. Бұл алаптағы өзендердің ірілері – Еділ, Жайық, Әмудария, Сырдария, Іле өзендері ғана ішкі көлдерге құяды. Ал ұсақ өзендер жазда кеуіп қалады немесе құмға сіңіп кетеді. Бұл алаптың ең ірі өзені – Еділ. Шығыс Еуропа арқылы ағып өтіп, Каспий теңізіне кең атырау жасап құяды. Қоңыржай континенттік климат жағдайында өзен қыста ұзақ уақыт бойы қатып жатады, ал көктемде қар еріген  кезде тасиды. Еділ жылдың басқа мезгілінде жаңбыр, жер асты суымен қоректенеді. Өзен бойында 7 ірі бөген салынған.

   Еуразияда көлдер көп, олардың қалыптасуы, аумағы, суының қасиеттері, таралу заңдылығы әркелкі. Көлдер материктің солтүстік – батысында жиі шоғырланған. Олардың қазаншұңқырлары жер қыртысының біртіндеп төмен түсуі мен мұздықтардың қазу әрекеті нәтижесінде пайда болғн. Сондықтан жағалық сызықтары күшті тілімденген, терең және тұщы сулы болып келеді. Ең ірілері – Ресейдегі Ладога, Онега, Скандинавиядағы Венерн, Веттерн көлдері.

   Жер қыртысындағы терең жарылыстарда орналасқан көлдерге Байкал, Ыстықкөл, Зайсан, Женева және т.б. көлдер жатады. Бұл көлдер табиғатының әсемдігімен, суының тереңдігімен және мөлдірлігімен ерекшеленеді. Байкал- дүние жүзіндегі суы аса мөлдір, ең терең көл (ең терең жері 1620 м). Мұнда Жер шарындағы тұщы судың 20 %-ы жиналған. Байкалға 336 өзен құйып, жалғыз өзен – Ангара ағып шығады.

   Еуразиядағы кеңінен таралған көлдер қатарына ежелгі мұхиттар орнында қалып қойған қалдық көлдер жатады. Олардың ең ірілері – Каспий, Арал, Балқаш, Лобнор және т.б. Бұл көлдердің суы көбінесе тұзды болып келеді.

   Көлдер тұщы су қоры, туризм мен демалыс орындары ретінде, кәсіптік балық аулау мен кеме қатынасы үшін кеңінен пайдаланылады.

  Қазіргі заманғы мұз басу Еуразияның солтүстігіндегі аралдарда (Исландия, Шпицберген, Франц-Иосиф Жері архипелагы, Жаңа Жер аралының солтүстігі), сондай-ақ биік тауларды (Альпі, Кавказ, Тянь-Шань, Памир, Тибет, Гималай) таралған. Памир тауында материктегі ең ірі Федченко мұздығы (ұзындығы 77 км) орналасқан. Тау басындағы мұздықтардан материктегі ең ірі өзендер бастау алады. Егер осы мұздықтар болмаса шөлді аудандарды суландырып, дақылдар егуге мүмкіндік беретін өзендер де болмас еді.

    Көп жылдық тоңдар Еуразияның солтүстігіндегі үлкен алқапты алып жатыр. Тоңдардың оңтүстік шекарасы Монғолияға дейін жетеді. Тау жыныстарының тоңды қабатында мұз жатады, оның қалыңдығы Кола түбегінде бірнеше метр болса, Таймыр түбегінде 1500 метрге дейін жетеді. Жазда тоңды қабат 40-150 см тереңдікке дейін ериді. Ғалымдар көп жылдық тоңның пайда болу себебін қатал климат жағдайында жылдық орташа температура 0◦С- тан төмен болуымен және қардың жұқа болуымен түсіндіреді. Мәңгі тоң қабатының қалың болуы оның өте ертеде қалыптасқындығын дәлелдейді. Көп жылдық тоң арқылы ағатын өзендер көктемде арнасынан асып жайылып, ұшы-қиырсыз батпақтар түзеді. Көп жылдық тоң жол салу, тұрғын үй құрылысы жұмыстарын қиындатады.

  Батпақтар жауын-шашынның булану мөлшерінен артық болатын жазықтар мен көп жылдық тоң бар аудандарда кең таралған. Еуразияда Жер шарындағы батпақтардың 80% - ы орналасқан. Батпақтар, әсіресе Батыс Сібір жазығы мен Полесье, Мешера, Амур бойы, Колхида ойпаттары мен Балтық бойында көп. Шымтезекті батпақтардан шымтезек (торф) өндіріледі. Батпақты аудандарды құрғату арқылы шабындықтарға, егістіктерге айналдыруға болады.

    Еуразия материгінде жер асты суларының да мол қоры бар. Жер асты сулары өте таза болғандықтан ауыз суы ретінде көбірек пайдаланылады. Әсіресе қабатаралық (артезиан) суларының маңызы зор. Ірі артезиан алаптары Батыс Сібір мен Қазақстан, Орта Азия мен Монғолия жерлеріне тән. Құрамында тұздар мен газдардың ерітіндісі болатын минералды сулар емдік бағытта пйдаланылады. Олар көп жағдайда ыстық және радонды болып келеді. Әлемдік курорттар мен демалыс орындары құрамы әр түрлі минералды суларға бай аудандарда (Солтүстік Кавказ, Карпат, Оңтүстік Еуропа, Алтай, Тянь-Шань таулары және т.б.) орналасқан.

Өзен дегеніміз не? Өзенді сипаттау.

Ішкі сулары: Өзендері, көлдері, мұздықтары, жер асты сулары, батпақтары, көп жылдық тоңы.

Өзен торы: 1. Солтүстік Мұзды Мұхит алабы – Енисей, Лена, Обь.

2. Атлант мұхит алабы – Дунай, Рейн, Висла.

3. Тынық мұхит алабы – Хуанхэ, Янцзы, Амур.

4. Үнді мұхит алабы – Ганг, Үнді, Брахмапутра.

5. Ішкі тұйық алап – Еділ, Сырдария, Іле.

Көлдері:   Қалдық – Арал, Каспий, Балқаш.

 ІІІ.  Географиялық диктант

 1.Еуразия су қоры жөнінен .... кейінгі екінші орында.

 2.Еуразия өзендері  Тынық , Атлант, Үнді, Солтүстік Мұзды мұхит және алаптарға бөлінеді.

 3.Солтүстік  Мұзды мұхиты алабының өзендері қыста ұзақ уақыт .... жатады.

 4. Атлант мұхиты алабына .... бөліктегі өзендер жатады. 


 5. Ішкі тұйық алаптың ең ірі өзені ..... Ол ..... теңізіне  құяды.
 6. Тынық  мұхиты алабына енетін өзендер .... басталады.
 7. Байкал ..... материгіндегі ең .....  көл.
 8. Үнді мұхит алабының  өзендері ..... суларымен қоректенеді.

ІV.  Картамен жұмыс

1. Картадан обь өзенін табыңыз.

2. Жер шарындағы ең үлкен көлді көрсетіңіз, оған қандай өзендер құяды?

3. Еуразиядағы тау мұздықтары қай тауларда кездеседі? Картадан көрсетіңіз.

4. Еуразиядағы қалдық көлдерді картадан көрсетіңіз.

5. Сырдария өзенін картадан көрсетіңіз, ол бастауын қай таудан алады?



  1. V. Дұрыс – бұрыс ойыны

Ойын шарты: Сұрақтар оқылады. Дұрыс жауабын айтса, оқушылар қол шапалақтайды, егер қате оқыса үнсіздік білдіреді.

1.Сырдария және Амудария өзендері Атлант мұхит алабына жатады ( бұрыс).

2. Батпақтар жауын-шашын көп түсетін аудандарда кең таралған (дұрыс).

3. Еуразия материгі су қоры жөнінен Оңтүстік Америкадан кейін екінші орында (дұрыс).

4. Еділ мен Жайық өзендері арал теңізіне құяды (бұрыс).

5. Байкал көлі жер шарындағы ең терең көл (дұрыс).

6. Қазақстанда жер асты суының мол қоры бар (дұрыс).

7. Арал теңізі тектоникалық көлге жатады (бұрыс).

8. Дунай, Рейн, Висла өзендері Атлант мұхит алабына жатады (дұрыс).

9. Солтүстік мұзды мұхит алабының өзендерімен қыста кемелер қатынайды (бұрыс).

10. Елбасымыз қолдап отырған Кіші Арал жобасы болашақта толығымен аяқталған кезде, Кіші арал теңізі суға толады (дұрыс).

 VI. Қорытынды:



Еуразия крассворды

  1. Каспий теңізіне құятын басты өзен.

  2. Атлант мұхиты алабының ірі өзені.

  3. Арал теңізіне құятын өзен.

  4. Елімізде бұл көл атымен аталатын қала бар.

  5. Федченко бұл .......

  6. Еуропалық бөліктегі ірі өзендердің бірі.

  7. Еуразиядағы ең ірі өзен.

 

Е

 

 

 

 

 

 

У

 

 

 

 

 

 

Р

 

 

 

 

 

 

 

А

 

 

 

 

 

 

 

 

З

 

 

 

 

 

 

И

 

 

 

 

 

Я

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Еділ   2. Дунай  3. Сырдария  4. Балқаш 5. Мұздық 6. Висла  7. Янцзы

VII. Үй тапсырмасы: § 20. Мазмұндап келу. Ганг, Сырдария, Хуанхэ, Обь, Дунай өзендерінің біріне сипаттама беру



Африка елдерінің шаруашылығы экономикалық және әлеуметтік даму дәрежесі жөнінен өзге аймақтағы елдерден әлдеқайда артта қалған (ОАР-дан басқасы). Басты экономикалық кәрсеткіштері бойынша Африканың көптеген елдері халықаралық аутсайдер (ағылшын тілінде outsider— бөтен, жат) жагдайында қалып отыр. Қазіргі таңдағы адамзат басына ауыртпалық әкеліп отырған жағдайлардың барлығы дерлік Африка үшін шешімін таппаған мәселелер қатарына жатады. Африка елдеріне дамушы елдердің сипатты белгілері тән больш келеді, өсіресе XX ғасырдың 60—70-жылдары аймақтың экономикалық және өлеуметтік дамуының кейбір бағыттары өте жоғары деңгейге көтёрілді. Бірақ 1980—1990 жылдары экономикалық дамудың жылдамдығы кенет төмендеп, өлеуметтік-экономикалық жағдай ерекше нашарлады, тіпті терең дағдарыстық сипатқа ауысты. Азык-түлік ендіру (жылдық өнім — 2%) мен оны халыктың түтынуы (түтыну 3%-ға өскен) арасындағы алшақтық артып, ол өз тарапынан астық импортының өсуіне себепші болды. Оның үстіне Африканы бүрын болып көрмеген қүрғақшылық жайлады. Ол аймақ елдерінің жартысынан астамын шарпып, тікелей 200 млн-ға жуық адамды камтыды. Сонымен қатар шетелдік қаржыгерлердің борыш қыспағы да күшейе түсті. Африка елдері әкономикасының бір жақты аграрлы-шикізаттық бағытта дамуы және осы негізде ауыл шаруашылығының нашар дамуы, аймақ елдерінің әлеуметтік-экономикалық артта қалуының басты себептерінің бірі болып табылады. Көптеген елдерде бүл бір жақтылық бір ғана дақыл (монокультура) түрін өндіруге маманданудан айқын көрінеді. Бір дақыл түріне мамандану табиғи ғана емес, тарихи-өлеуметтік қүбылыс, ол Африка елдерін отарлау кезеңінен басталған болатын. Қазір осындай бір жақты халықаралық маманданудың нөтижесінде ондаған елдер экспортқа шығаратын бір-екі тауардың дүниежүзілік сүранымына төуелді болып қалуда. Сондықтан да бір дақылды елдер кеп салалы шаруашылық қүруға тырысуда, бірақ өзірше бүл жолда аз ғана елдер табысқа жетуде. Өңдеуші өнеркәсіп нашар дамығанымен, кептеген елдер кен өнеркәсібінің жақсы жолға қойылуымен ерекшеленеді. Келік жүйесі де елдер арасындағы және олардың ішкі аудандарымен байланысты ез дәрежесінде жүзеге асыра алмай отыр. Білікті мамандар, техникалық қажеттілік және үлттық қаржы-қаражат жетіспейді. Осы аталған себептер үлттық экономиканы қалыптастырудың жылдамдығын тежеуде. Тәуелсіздікті жеңіп алғаннан кейін Африка елдері біртіндеп ғасырлық мешеулікті жоюға күш-жігер жүмсай бастады. Ол, ең алдымен, табиғат байлығын мемлекет меншігіне айналдырудан, аграрлық реформаларды жүзеге асырудан, экономикалық жоспарлаудан және үлттық мамандарды даярлай бастаудан көрінеді. Осы шаралар нәтижесінде елдердің даму қарқыны біршама жеделдеп, шаруашылықтың салалық және аумақтық қүрылымы қайта қарастырыла бастады.



Өнеркәсібі. Африка елдерінде соңғы жылдары тау-кен өнеркәсібі зор табыстарға кол жеткізді. Қазір пайдалы қазбалардың көптеген түрлерін өңдіруден Африка дүние жүзінде маңызды, кейде тіпті жетекші орындарды да иеленуде. Мысалы, ОАР алтын өндіруден бірінші орынды; Нигер уран; ал Гвинея боксит өндіруден екінші орынды иеленеді. Замбия мыс өндіру мен оны экспортқа шығарудан әлемге әйгілі, бүл елді «қызыл металл елі» деп атайды. Сонымен қатар Конго мен Ботсвана алмас ендіру мен оны сыртқа шығарудан дүние жүзінде жетекші орынға шығып отыр. Африка елдеріндегі өндірілетін отын мен шикізаттың негізгі бөлігі сыртқа шығарылатындықтан, тау-кен өнеркәсібі Африканың халықаралық еңбек бөлінісіндегі орнын айқындайды. Бірақ та кен ендіру өнеркәсіптерінің көпшілік белігі шетел қаржыгерлерінің қолында шоғырланған.

Соңғы жылдары Африка елдерінде өңдеуші өнеркәсіп карқынды дамуда. Бүл сала, ең алдымен, жергілікті минералды шикізатқа негізделеді. Ең күшті дамыған сала — түсті металлургия, олар, негізінен, кен өндіретін өнеркәсіп аудандарында шоғырланған. Оларға алғашқы жөне тазартылған мыс өндіретін (Замбия, Заир), металдық алюминий өндіру (Камерун, Египет), полиметалл кендерін байыту (Конго) кәсіпорындары жатады. Өнімнің басым көпшілігі сыртқа жөнелтіледі. Қара металлургия көсіпорындары, керісінше өз кажеттерін етейтін өнімді ғана ендіреді. Машина жасау тек кейбір елдерде ғана бар, аз ғана көсіпорындар сырттан әкелінген бөлшектерден автокөлік, велосипед, трактор жөне ауыл шаруашылығы машиналарын қүрастырады. Химия өнеркәсібі Солтүстік және Батыс Африканың көптеген елдерінде (Ливия, Алжир, Нигерияда мүнай айыру) мүнай кендерінің ашылуымен байланысты карқынды дамуда. Сонымен қатар бүл аймақтарда азот және фосфор тыңайтқыштарын өндіретін көсіпорындар да баршылық. Энергетикалық ресурстардың едөуір мол кездесетініне қарамастан отын-әнегетика өнеркәсібі (мүнайдан басқасы) нашар дамыған. Әсіресе электр энергиясын өндіруден артта қалып отыр. Жеңіл өнеркәсіп салалары арасынан тоқыма енеркөсібінің алатын орны ерекше. Солтүстік Африка елдері өздерінің мақта матасына деген түтыну талабын толығымен қанағаттандырып, мақтадан иірілген жіптері мен тігін өнімдерін (Египет, Марокко, Тунис) сыртқа шығарады. Тамац өнеркәсібі салаларынанмай шығару (зөйтүн, жержаңғақ, пальма майы), үн тарту, қант жөне шарап жасау өнеркөсібі көзге түседі.

Ауыл шаруашылығы. Африка елдері экономикасының негізі ауыл шаруашылыгы болып саналады. Бүл салада ЭБХ-ның 2/3-сінен астамы жүмыс істейді. Ауыл шаруашылығы үлттық табыстың 40%-ға жуығын береді. Аймақ елдерінің экспортындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесі 70%-ға жетеді. Аграрлық қатынастар ерекше күрделілігімен көзге түседі, яғни жер иелену мен жерді пайдаланудың әр түрлі сипаттары қатар кездеседі. Мысалы, Нигерияның солтүстігінде ру-тайпалық жер иелену үстемдік етсе, ал аймақтың оңтүстігінде плантациялық шаруашылық басым таралған.

Өсімдік шаруашылыгы ауыл шаруашылығындағы жетекші сала болып есептеледі. Ол екі бағытта дамуда; бірі — түтыну, ал екіншісі — тауарлық бағыт. Түтыну бағыты Тропиктік Африкада басым, ондағы көпшілік елдерде ру-тайпалық жер иелену сақталған. Жер әңдеуде ең артта калган көне тәсілдер (отау-өртеу, кетпенмен өңдеу) қолданылатын дәащрлі уісац шаруашылыц және аз тауарлы. шаруашылыц сақталған.

Сонымен қатар жалдамалы еңбек кеңінен пайдаланылатын, сыртқа енім шығаруға маманданған ірі плантациялыц тауарлы шаруашылыцтар да қатар кездеседі. Плантацияларда какао, кофе, жержаңғақ, гевея, майлы пальма, шай, сизаль, қант қамысы, темекі, банан, үзын талшықты мақта, дәм-татымдық дақылдар сияқты сыртқа шығарылатын өнімдер көптеп өсіріледі. Бүл дақылдардың біразы қазіргі кезде жедел өркендеп келе жатқан шаруа цожалыцтарында өсіріледі. Африканың бірқатар елдері бір дақыл есіруге ғана маманданған. Мысалы, Египет Араб Республикасы мен Судан мақта; Кот-дИвуар, Гана, Нигерия какао; Кения, Эфиопия кофе; Сенегал жержаңғақ; Нигерия мен Заир майлы пальма; Алжир; Ливия; Египет қүрма (дүние жүзі бойынша экспортқа шығарылатын қүрманың 50%-ы) өсіруге маманданған.



Мал шаруашылыгы. Африка дүние жүзінде мал басы аса мол аймақтардың бірі болып саналады. Мүнда дүние жүзіндегі ірі қараның 14%-ы, қойдың 16%-ы, ешкінің 32%-ы, түйенің 73%-ы шоғырланған. Бірақ мал өнімдерін өндіру мен оны түтыну мөлшері жөнінен аймак дүние жүзінде соңғы орындарды иеленеді. Африкаға мал шаруашылығының зкстенсивті сипаты тән, яғни жайылымда бағылатын жартылай кешпелі және көшпелі мал шаруашылығы басым. Аймақтағы мал басының көпшілігі мал шаруашылығымен айналысатын тайпалардың қолында жинақталған. Бірақ олардағы мал басы асыл түқымды емес, оның үстіне біраз бөлігі ауруға үшыраған. Африкадағы негізгі мал шаруашылығы аудандары субтропиктік жерортатеңіздік аймақ пен субэкваторлық саванна зонасында шоғырланған.

 

 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет