Сабақтың ортасы
15 мин.
|
Мұғалім іс-әрекеті:Оқушыларға нұсқау картасын таратады,түсіндіреді,қауіпсіздік техникасының ережелерін еске түсіреді Лаборант көмегімен демонстрациялық тәжірибені тартпа шкафта жүргізеді.
|
Тапсырма №2. Хлор, бром, йодқа сапалық реакция.
Мақсаты: Галогендердің химиялық қасиетін зерттеп, қорытындылау.
Оқушы іс-әрекеті: Оқушылар зертханалық тәжірибе жұмысын бақылап, реакция теңдеуін жазып, кесте толтырады.
Бағалау: Мұғалім жұмысты жинап, тексереді.
|
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.
|
Бейнежазба: хлорид-, бромид- және йодид-иондарына сапалық реакциялар:
https://www.youtube.com/watch?v=Ms2OUXfeCDQ
|