Сабақтың тақырыбы: Тоқу техникасы Сабақтың мақсаты



Дата05.06.2017
өлшемі86,28 Kb.
#18210
түріСабақ
Бекітемін:

Күні:12.02.2016ж

Пәні: Технология 9-сынып

Сабақтың тақырыбы: Тоқу техникасы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Оқушылардың бисер мен моншақ тоқудағы білімін жүйелендіру, шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықтың бағалай білуге үйрету;

Дамытушылық мақсаты:Өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастырып, шығармашылық қабілетін дамыту

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды төзімділікке, әсемділікке тәрбиелеп, эстетикалық талғамын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас, сарамандық сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, көрсету, үйрету

Пәнаралық байланыс: Биология-гүлдердің түрлері, құрылысы; математика; бейнелеу өнері – түстерді таңдау; тарих – бисердің пайда болу тарихы.

Көрнекіліктер:моншақтан жасалған бұйымдар үлгілері , сызбалар, суреттер, журналдар, кітаптар.

Қажетті құрал-жабдықтар: әр түрлі су моншақтар, бисер, картон, сым темір, бисер салатын ыдыс.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі (оқушылармен амандасу, сабаққа дайындығын тексеру, түгендеу).

ІІ.Өткенді қайталау

  1. Матаны ылғалды-жылумен өңдеу дегеніміз не? (үтіктеу)

  2. Ежелгі ұлттық ою қалай аталады? (қошқар мүйіз)

  3. Қағазбен бүктеп бұйым жасау қалай аталады? (оригами)

  4. Бұйым макеттерін қандай материалдан жасау оңайырақ? (қатырма қағаз)

  5. Манер, сипат, ерекшелік қалай аталады? (стиль)

  6. Тігер алдында мата отырмас үшін не істеу керек? (декатирлеу)

  7. Ою түрлері неше топқа бөлінеді? (4 топқа: өсімдік тектес, жануартектес, ғарыштық, геометриялық)

Ой қозғау. Графикалық диктант

  1. Жоғары қарай-1см

  2. Оңға-1см

  3. Төмен қарай-2см

  4. Солға қарай-2см

  5. Жоғары-3см

  6. Оңға-3см

  7. Төменге-5см

  8. Оңға-1см

  9. Жоғары-5см

  10. Оңға-3см

  11. Төменге-3см

  12. Солға-2см

  13. Жоғары-2см

  14. Оңға-1см

  15. Төмен-1см

Жауабы: ою түрі пайда болады. Балалар оюды неден жасаймыз, қане кім айтады? Сонымен қатар қазақтың ою-өрнектері негізінде сәнді әшекейлерді де бисермен жасауға болады екен.

ІІІ. Жаңа сабақ. Оймен қане өсейік, ойлы жұмбақ шешейік

Мағынаны ашу үшін мына   сөзжұмбақты шешіп көрейік. 







Б










И













С
















Е













 







 Р







 

 


 

1.Матаға белгі салатын зат (бор)

2. Іс тігетін құрал (ине)

3.Өлшейтін құрал (таспа)

4.Кесте тіккенде матаны бекіту құралы (кергіш)

5.Мата қалдықтарынан құрастырылған өрнек (құрақ)



Міне балалар бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Тоқу техникасы»

Бисердің шығу тарихына тоқталсақ:

Бисер өнері – ертеден таралып, танылып келе жатқан, әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен жай суреттерден бастап өте күрделі түрлі-түсті жұмыстар жасауға болады. Қолдан жасалған бисер моншақтары Ресейде, шет елдерде өте жоғары бағаланады. Қазіргі кезде халық шығармашылығының осы түрі жаңа өрлеу үстінде, дамудың сатысында.

Бисер өнері өте нәзіктікті, әдемілікті, шыдамдылықты және фантазия мен шеберлікті талап етеді. Барлық қолөнер сияқты бисердің де тарихы бар.

Ең алғашқы «бисер» атауы дәл осы Египет елімен байланысты. Оның атауы арабтың «Буера» немесе «Бусер» деген сөзінен шыққан (жалған маржан). Рим империясы Египет елін басып алғанда, әйнек өнімдері Рим еліне өтіп, империя құлағаннан кейін Византияға өтеді. Ал Константинопольды түрік жауынгерлері жаулап алған соң, әйнек өндіруші шеберлер жан-жаққа тарап, әлемге бисер атауы мәлім бола бастайды. Нақ осы кезде бисерді бұйымдар жасау, әйелдерге арналған сәндік киімдерге жапсырылған немесе түрлі оюлармен әшекейленген киімдер пайда бола бастайды. Бұйымды ұзақ пайдалану үшін оны мықты жіппен тоқыған. Бисермен қазақтың ою-өрнектері негізінде сәнді әшекейлерде жасауға болады.

Бисер  деген сөздің өзі ұсақ моншақтарға берілген жалпы түсінік. Ұсақ, домалақ, сопақша, әр түрлі хрусталь, шыны, керамикалық материалдардан жасалған моншақтарды бисер деп атайды.

Қазақша бисер су моншақ, ұсақ моншақ, жалған маржан деп атайды.  Бисермен тоқу көп уақытты талап етеді. Барлық қолөнер сияқты бисер тоқудың да тарихы бар. Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты. Ал әйнектің қашан пайда болғанына әлі күнге дейін нақты дерек жоқ. Дегенмен, әйнекті дайындаудың ең алғаш құпиясын Финикия елі ашқан деген аңыз бар.  Бұл аңызда  финикалық көпестер әлемді жүзіп жүріп Сирияға тоқтайды.  Өздеріне  азық дайындау мақсатымен отқа қазанын қою үшін аралдан үлкен тас іздейді. Ешнәрсе таппаған олар селитраның үлкен бөлігін пайдаланады. Жалынның ыстық температурасынан  селитра еріп, өзен құмына араласып, сұйық әйнек болып аққан екен.  Финикалық көпестер бүкіл  Жерорта теңізінің халқына әйнектен жасалған бұйымдарды сатқан екен.

Су моншақпен тоқудың ең көп тараған түрі- параллельді тоқу.
Жаңа сөздер:

Бисер – ұсақ моншақтарға берілетін жалпы түсінік

Стеклярус – ұзындығы 3 мм. түтікше тәріздес сумоншақ түрлері

Фурнитура қосымша көмекші материалдар (түйме, ілгек, жіптер, қапсырма)

Композиция– бірнеше заттың көркем жиынтығы және құрастыру.
ІҮ. Сарамандық жұмысымызды бастамас бұрын жұмбақ шешу арқылы қауіпсіздік ережесін еске түсірейік

1. Қолымда бір құсым бар екі басты,

Аяғын басқан кезде нәрсе қашты. (Қайшы)

Балалар осы жұмбақтың шешуіне байланысты қандай қауіпсіздік ережелерін білеміз?



  1. Қайшыны қайшылама;

  2. Қайшыны ашық ұстама.

  3. Қайшыны досыңа берегнде жүзін өзіңе қаратып бер

2. Қылдырықтай бір нәрсе иретілген,

Мойнында ұзын арқан сүйретілген. (ине, жіп)

Ал мына жұмбақтың шешуіне байланысты қандай қауіпсіздік ережелерін білеміз?



1. Инені ауызға салма;

3. Жіпті тіспен үзбе;

4. Инені ине шанышқыға түйре;

Жұмыс орнын ұйымдастыру:

Бисермен тоқу жұмысы қызықты, әрі тез жүру үшін тек құрал-саймандардың түгел болуы ғана емес, жұмыс орнынды ыңғайлап алуда маңызды. Әсіресе, ол жер бисерді орналастыруға ыңғайлы болуы шарт. Ол үшін (бисерді орналастыру) бір бедерлі фланельді матаға, түрлі-түсті бисерлерді үйіп қою керек. Кей жағдайларда өте терең емес (5-10 мм) тәрелкеге салғанда ыңғайлы, бірақ әр түсті жеке тәрелкеге салған жөн, не болса жақтаулары биік емес қорапшалар пайдалануға болады. Бисермен жұмыс істегенде, сонымен қатар, жұмыс істейтін орын жарықпен жақсы қамтамасыз етілу керек. Болмаса көзді ауыртып, жиі шаршауға әкеліп соғады. Көзге демалыс беру үшін әр сағат сайын 10-15 минут үзіліс жасау қажет.



Сарамандық жұмыс: Бисермен тоқудың ең кең тараған техникасы – параллельді тоқу. Яғни сым темір бисердің қуысынан параллельді өтеді. Берілген тоқудың негізгі әдістерін қарап көрейік.

«Жапырақ».Қарапайым жапырақ немесе гүлдің жапырағы келесі түрде орналасады. Ұзындығы 20-30 см болатын сым темір алынады, оған таңдалған үш бисер кигізіледі, кейін сымның келесі ұшымен екі бисерден бір-біріне тығыз орналасады, үш моншақтан тұратын үшбұрыш құралады. Осы жерде сымдардың екі ұшының ұзындығы тең болуына көңіл аудару қажет. Содан соң сымдардың кез-келген басына үш бисер өткізіп, екінші жақ ұшымен қарсы параллель жүргіземіз. Параллель тоқу схемасына сәйкес жалғасады. Жапырақ шашылып қалмау үшін соңғы қатар орындалған соң, сымның ұштарын мықтап бұраймыз. Осындай үлгіден 5-8 жапырақ тоқып, оны біріктіру арқылы гүл, не болмаса бұтақ құрауға болады.

«Гүлдер». Осы гүлдерден алқаны, сырғаны және салпаншақты тоқуға болады. Ең алғашқы тоқу кезеңінде түсі және көлемі бірдей болуы керек. Тоқу әдісі дөңгелек тоқу әдісіне ұқсас.

Тереміз:


жұмыс жіпке гүлдің ортасын тоқу үшін бес моншақ теріп, оны дөңгелек тәріздес бекітеміз 1-ші моншақтан өткіземіз;

5 моншақ басқа түспен (6,7,8,9 және 10-ші) гүлдің ортаңғы бөлігінен өткіземіз 1-ші және 2-ші моншақтардан; 4 моншақты (11,12,13,14-ші) өткіземіз 6,2 және 3-ші моншақтардан; 3 моншақты (23,24 және 25-ші) өткіземіз 19,5,10,9 және 8-ші моншақтардан өткізіп бекітеміз.

Енді гүлімізге 5 моншақтан жапырақты қосамыз. Жұмыс жіпті 8-ші моншақтан шығарамыз. Жапыраққа дайындаған моншақты пайдаланамыз. Сымға 5 моншақты теріп, дөңгелекке бекітеміз де 8-ші моншаққа ілеміз.

Жұмыс жіпті 13-ші моншақты теріп дөңгелекке бекітеміз, өткіземіз 13-ші моншақтан. Жұмыс жіпті көшіреміз 17-ші моншақты іліп, өткіземіз 12,11,18 және 17-ші моншақтардан.

Үшінші жапыраққа қайтадан жұмыс жіпке 5 моншақтан теріп, өткіземіз 17,15,15,22 және 21 моншақтардан.

Тереміз 5 моншақты тоқимыз төртінші жапырақты, өткіземіз 21, 20,19,25 және 24 моншақтардан.

Бесінші жапырақты тоқу үшін 5 моншақты аламыз дөңгелекке бекітеміз 24-ші моншақтан өткізіп жіпті бекітеміз, гүліміз дайын.

Ү. Сергіту сәті. Көзімізді демалтамыз

Жданов әдісі бойнша көзге арналған жаттығуларды жасаймыз.

1-жаттығу «төрт бұрыш сызу» және керісінше, 3рет көзді жыпылықтату

2-жаттығу «сағат тілі» және керісінше, 3рет көзді жыпылықтату

3-жаттығу «жылан» және керісінше, 3 рет жыплықтату

VI. Қорытынды. «Автор орындығы»

Ортада тұрған орындыққа бір оқушы келіп отырып, бүгінгі сабақта түсінгенін айтып береді.

Бисер дегеніміз не? (Бисер деген сөздің өзі ұсақ моншақтарға берілген жалпы түсінік. Ұсақ, домалақ, сопақ, әр түрлі хрусталь, шыны, металл, керамикалы материалдан жасалған моншақтарды бисер деп атаймыз)

Моншақ дегеніміз не? (Бисерлерден үлкендерін кәдімгі моншақ деп атайды)

Бисердің стеклярустен қандай айырмашылығы бар? (Стеклярустың бисерден айырмашылығы оның ұзындығы 3 мм. түтікше тәріздес келеді)

Бисермен жұмыс істеу барысында қандай техникалық қауіпсіздіктің ережелерін сақтау керек? т.б.



ҮІІІ. Бағалау.

ІХ. Үйге тапсырма: жасап жатқан бұйымдарын аяқтап келу

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет