Сабақтың тақырыбы: Трапецияның ауданы Сабақтың мақсаты



Дата18.05.2017
өлшемі120,03 Kb.
#16277
түріСабақ
38 Сұлутөр орта мектебі

Ашық сабақ
Тақырыбы: Трапецияның ауданы
Сынып : 8

Пән: геометрия

Пән мұғалімі: Кесикбаева П.Б.

Сұлутөр ауылы 2016 ж.


Сабақтың тақырыбы: Трапецияның ауданы

Сабақтың мақсаты:

  • білімділік: Трапецияның ауданын табуды түсіндіру, ережелер мен

қасиеттерді меңгертіп, формуланы есептер шығаруда қолдана

білуге үйрету



  • тәрбиелік: Шапшандыққа,ізденімпаздыққа,тиянақтылыққа,

ұқыптылыққа баулу,ұжымдық ауыз біршілікке тәрбиелеу;

  • дамытушылық: Ой-өрісін дамыту,ойлау қабілетін арттыру, теориялық

білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың типі: жаңа білім беру

Сабақтың түрі: жарыс, аукцион

Сабақтың көрнекілігі: Трапеция ауданы (плакат) ,слайдтар, семантикалық

карта, үлестірмелі қағаздар,бағалау парағы



Құрал –жабдықтар: интерактивті тақта , злектронды оқулық, аctivote

құрылғысы



Сабақтың әдісі: ұжымдық оқыту,өзара оқыту, жұппен жұмыс,есептер шығару

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, информатика, сызу, экономика
САБАҚ ЖОСПАРЫ

І.Ұйымдастыру (5 минут)

ІІ. Өткен сабақты қайталау.Үй тапсырмасы (8 минут)

ІІІ. Жаңа сабақ (10 минут)

ІV.Сабақты бекіту (10 минут)

V.Қорытынды (7 минут)

VІ.Бағалау (2 минут)

VІI.Үйге тапсырма (3 минут)
Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу;Түгелдеу; Назарларын сабаққа аудару;

Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында сынып 3 топқа (компанияға) бөлу. Әр компания өз брокерлерін сайлайды. Олар тапсырмаларды (акционерлер) алуға ие болады.

Мұғалім сабақ мақсатымен таныстырады. «Халықтық ІРО» бағдарламасы аясында өтіледі.



  1. Алғашқы қадам білікті брокер таңдау

  2. Екінші қадам- Орталық депозитарийде жеке шот ашу

  3. Үшінші қадам- Роуд шоуға бару

  4. Төртінші қадам- Акцияларды сатып алу

  5. Бесінші қадам-инвестициялау стратегиясын таңдау

  6. Алтыншы қадам- табыс алу

Әрбір тапсырма белгілі бір акционерлер саны болады. Оны брокерлер өз компаниясының жағдайына байланысты таңдап алады. Алған сұраққа компания мүшесі дұрыс жауап бере алмаса, сол тапсырмаға сәйкес инвесторлар саны шегеріледі.
ІІ. Өткен сабақты қайталау (Орталық депозитарийде жеке шот ашу)

“Барлық істің басшысы – білім мен ұғым”

Тест тапсырмасы (Activоtе құрылғысы)
ІІІ.Жаңа сабақ (Роуд шоуға бару)

Бар нәрсеге білім қолды жеткізер”

D С

теорема F b Q
h


Трацияның ауданы оның табандарының

қосындысының жартысы мен биіктігінің

көбейтіндісіне тең. L M


Берілгені: АВСД трапеция

АВ=a DС = b A N E a K B

DE = h

Д/к

Дәлелдеу: LM орта сызығын жүргіземіз.

Егер L және M нүктелері арқылы трапецияның табандарына  жүргізсек,

NK=LM, FN=DE болатын NKQF тіктөртбұрышын аламыз

ANL=LDF KBM=MQC

SABCD = SANL+SNKMCDL+SKBM = SLDF+SNKMCDL+SMQC SABCD = SNKQF

SNKQF= NK*FN = LM*DE =

Теорема дәлелденді
ІV.Жаңа сабақты бекіту (акцияларды сатып алу)

Білім –теңіз, түбі де, шегі де жоқ”



а)Оқулықпен жұмыс: №284,№285,№286,№287
ә)үлестірмелі қағаздар

№1

Тең бүйірлі трапецияның доғал бұрышы 1350, бүйір қабырғасы см және кіші табаны 5 см . Трапецияның ауданын тап


А В Берілгені: АВСD трапеция тең бүйірлі

А=B=1350 AD= AB=5

Т/к S

D E С Шешуі: АЕ=һ D= 1800-А=450



DE=AE=АD*sin450 = * =3 CD=AB+2DE=11

S== Жауабы: 24см2

№2

Бір табаны диаметрге тең шеңберге іштей сызылған трапецияның биіктігі 3см, бүйір қабырғасы 13, шеңбер радиусы 4 см болса, трапецияның кіші табаны мен ауданын есепте.


В С Берілгені: АBCD трапеция

h=3см R=4см AD=d AB=CD=13см

Т/к ВС, S=?

А E N Д Шешуі: АВЕ тікбұрышты

Пифагор теоремасы бойынша

АЕ=DN АЕ====2

BC=AD-2AE=8-4=4

S==см2

Жауабы: 4см, 18см2

ә) «Білімді мыңды жығады» (Инвестициялау стратегиясын таңдау)

семантикалық карта

Мұнда кестеде тігінен тапсырмалар берілген, ал көлденеңінен жауаптары берілген. Тапсырма мен дұрыс жауап сәйкес келетін клеткадағы әріптерді тізіп жазсақ, білім туралы нақыл ой-сөйлем шығады. Соны табайық,

І карта




Жауап

тапсырма


6 см

27 см2

5,8 см

0,7 см

112 см

1

Трапецияның табандары 5см және 7см , орта сызығын тап

Б

А

Ғ

Д

Р

2

Трапецияның орта сызығы 4,5 см бір табаны 3,2см болса,екінші табаны неше см?

О

П

І

С

Ы

3

Трапецияның табандары 11 және 17 ал биіктігі 8см, ауданын есепте

У

М

Я

Ю

Л

4

Трапецияның табандары 0,65см және 0,95см ,ауданы 0,56см2 ,биіктігін тап

Т

Ш

Ә

І

В

5

Теңбүйірлі трапецияның кіші табаны мен бүйір қабырға лары тең. Табандары 5 және 13см. Ауданын есепте.

Е

М

Ж

Қ

Ү

ІІ карта



Жауап

тапсырма


69 см2

128 см2

14см

1,6 см

4см

1

Трапецияның табандары 10см және 18см , орта сызығын тап

Т

М

Б

Қ

С

2

Трапецияның орта сызығы 5,5 см бір табаны 7см болса, екінші табаны неше см?

Р

Ж

Г

Ө

А

3

Трапецияның табандары 8 және 15 ал биіктігі 6см, ауданын есепте

С

Ұ

У

Ы

Я

4

Трапецияның табандары 1,8см және 2,2см ,ауданы 3,2см2 .биіктігін тап

Д

П

Х

Т

Ц

5

Теңбүйірлі трапецияның кіші табаны мен бүйір қабырға лары тең. Табандары 10 және 22см. Ауданын есепте.

И

Ы

Ф

А

Ң


ІІІ карта



Жауап

тапсырма


0,4дм

1,9 см

3,7 см2

7,5 см

216 см2

1

Трапецияның табандары 1,5см және 2,3см , орта сызығын тап

А

М

Т

У

Ж

2

Трапецияның орта сызығы 5,4 см бір табаны 3,3см болса,екінші табаны неше см

З

И

К

Ұ

О

3

Трапецияның табандары 2,2см және 1,5см ал биіктігі 2см, ауданын есепте

Ө

Қ

Р

Г

Д

4

Трапецияның табандары 0,2дм және 0,5дм , ауданы 0.14дм2 ,биіктігін тап

А

С

Ф

Н

Ғ

5

Теңбүйірлі трапецияның кіші табаны мен бүйір қабырғалары тең. Табандары 13 және 23см. Ауданын есепте.

Ш

Ы

Е

Х

Т



V.Қорытынды



VI. Оқушылар білімін бағалау: 2-3 минут

Бағалау парағы арқылы жеңімпаз топты анықтау,марапаттау.



Жеке оқушыларды бағалау.
VII. Үйге тапсырма: §21.№288, 291

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет