|
Сабақтың тақырыбы: Тұрақты электр тогы 8 "Б" сыныбы
|
Дата | 04.07.2018 | өлшемі | 0,76 Mb. | | #46926 | түрі | Сабақ |
| - Оңтүстік Қазақстан облысы
- Мақтарал ауданы
- Я.Есенбеков атындағы жалпы орта мектебі
- Орындаған :физика пәнінің мұғалімі Құтымова Ә
Сабақтың мақсаты: - Білімділік: тұрақты тоқ заңдарын білу, білімдерін тұрмыста, техникада, күнделікті қажеттілікке қолдана білуге үйрету.
- Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін дамытуға, пікір таластыруға, өз бетімен ізденуге, шығармашылықты дамытуға, өзіндік қор жинауға дағдыландыру
- Тәрбиелік: іскерлікке, ұқыптылыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
- Сабақтың түрі: сайыс сабағы.
Сабақ барысы: - Сұрақ-жауап
- Кім жүйірік? (деңгейлік тапсырма)
- Кім жылдам?
- Физикалық тәжірибе
- Ойлан-тап
- Тест
- Физикалық формулалар
- Электр тоғының пайдасы мен зияны
- Қорытынды
Сұрақ- жауап - 1 топ “Тоқ күші”
- Электр тоғы деген не?
- Тоқ күші деген не?
- Тоқ күшінің өлшем бірлігі?
- Тоқ күшін өлшейтін құрал?
- Электр тоғының әрекеттері?
- Тізбектің бөлігі үшін Ом заңы
Сұрақ- жауап - 2 топ “Кернеу”
- Кернеу деген не?
- Кернеудің өлшем бірлігі?
- Ом заңын пайдаланып кернеуді тап?
- Кернеуді өлшейтін құрал?
- Э. К. Қ. Неге тең?
- Джоуль- Ленц заңы?
Сұрақ- жауап - 3 топ “Кедергі”
- Өткізгіштің кедергісі неге байланысты болады?
- Кедергінің өлшем бірлігі?
- Ом заңын пайдаланып кедергіні тап?
- Тізбектеп қосқанда жалпы кедергі неге тең?
- Параллель қосқанда жалпы кедергі неге тең?
- Электр тогының қуатының формуласы.
Кім жүйірік? | - 1. Өткізгіш ұштарындағы кернеу 6 В, ал оның кедергісі 2 Ом, тоқ күші неге тең?
| | - 2. Тоқ күшінің формуласының өлшем бірлігін жаз.
| | - 1. Тоқ 32мКа болса, 1сек ішінде өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қанша электрон өтеді?
| | - 2. Тоқ күшін қандай құралмен өлшейді?
| | - 1. Егер 10 сек ішінде 6 Ом кедергі арқылы 3 кл заряд өтетін болса кедергідегі кернеуді тап.
| | - 2. Ом заңының формуласын жаз.
| Кім жылдам? Физикалық тәжірибе - Физикалық тәжірибелер сайысында үш топтан оқушылар шығып, өткізгіштерді тізбектеп, параллель, аралас қосу бойынша тәжірибелерді түсіндіріп береді.
Физикалық тәжірибе 1 топ Физикалық тәжірибе 2 топ Физикалық тәжірибе 3 топ Ойлан, тап. 1 топ - Электр тоғына сипаттама жазыңдар
Ойлан, тап. 2 топ - Тұрақты тоқтың жұмысын, қуатын анықтайтын формулаларды жазыңдар.
Ойлан, тап. 3 топ - Өткізгіштерді қосу түрлері туралы жазыңдар.
Тест. 1топ - 1. Электр тоғы ұғымын физикаға енгізген ғалым?
- а. Ампер б. Вольта с. Кулон
- 2. Тізбек бөлігіндегі кернеуді қандай құралмен өлшейді және ол тізбекке қалай жалғанады?
- а. Амперметр, тізбектей б. Вольтметр, тізбектей с. Вольтметр, параллель
- 3. Өткізгіштерді қалай жалғағанда тізбектегі кернеу тұрақты болады
- а. Тізбектей б. Аралас с. Параллель
- 4. Кедергісі 30 Ом электр қайнатқыштан 5 ампер тоқ күші өтетін болса ол қандай кернеуге есептелген?
- а. 15В б. 150В с. 6В
- 5. Тұрмыстық қажеттер үшін қандай кернеулер пайдаланыды?
- а. 220В б. 120В с.360В
Тест. 2 топ - 1. Үтік тоқтың қандай әсеріне негізделіп жасалынған?
- а. Магниттік б. Механикалық с. Жылулық
- 2. Өткізгіштегі тоқ күшін қандай құралмен өлшейді және ол тізбекке қалай жалғанады?
- а. Амперметр, тізбектей б. Амперметр, параллель с. Вольтметр, тізбектей
- 3. 6 кА болатын тоқ күшін ампермен өрнекте?
- а. 0,6 а б. 600 А с. 6000 А
- 4. Шамнан 5 сек ішінде 45 Кл заряд өткенде тоқ күші неге тең?
- а. 225 А б. 9 А с. 15 А
- 5. Металл өткізгіштердің температурасын арттырғанда тоқ күші қалай өзгереді?
- а. Кемиді б. Артады с. Өзгермейді
Тест. 3 топ - 1. Металдардағы электр тоғын қандай тасымалдаушылар тудырады?
- а. Оң иондар б. Протондар с. Электрондар
- 2. Ом заңы бойынша кедергі қалай өрнектеледі?
- а. R=U/I б. R=UI C. R=I/U
- 3. КЕДЕРГІЛЕРІ 3 Ом және 2 Ом резисторлар тізбектей жалғанғанда жалпы кедергі неге тең болады?
- а. 6 Ом б. 5 Ом с. 1,5 Ом
- 4. Егер изоляциясы жоқ өткізгіштерді ортасынан бүктеп ширатып қойса, оның кедергісі қалай өзгереді?
- а. Артады б. Кемиді с. Өзгермейді
- 5. Өткізгіштің меншікті кедергісінің өлшем бірлігі?
- а. Ом/ метр б. Ом*метр с. Ом
Физикалық формулалар - Воьт, Ампер, Омдарым ұлы физиктер болыпты.
- Пайдаланып көп адам физиканың заңдарын,
- Сол заңдармен таныпты,
- Табиғаттың сырларын.
- Үш топтан оқушылар шығып физикалық формулалардың мәнін түсіндіреді.
Электр тоғының пайдасы мен зияны - Электр тоғын рұқсатсыз қоспаңыздар
- Электр тоғы көзінде, сондай-ақ қондырғының басқа бөлігінде кернеудің бар-жоғын бақылау немесе лампамен, кернеу көрсеткіш құралмен тексеру керек
- Жалаңашталған бөліктерге кернеу түсіп тұрғанда абайламай тиіп кетуден сақ болыңыз
- Су қолмен тоқты ұстама
Қорытынды - Электр тоғының анықтамасы, бағыты әсері, пайда болуының шарттары
- Тізбек бөлігі үшін Ом заңы?
- Өткізгішті қалай жалғауға болады?
- Электр тогы дегеніміз не?
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|