Білімділік: Оқушылардың білімдерін практикалық жұмыстармен ұштастыра отырып, тұрақты тіркестер мен қазақ халқының таным-түйсігін, сөз өнерін ұғындыру.
Дамытушылық:Тіл мәдениетін, сөз байлығын, сөздік қорын ояту, шығармашылық қабілетін арттыру, өздігінен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ана тілін қастерлеуге, сөз өнерін дәріптеуге, ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа, білімділікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:білімді бекіту сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілі: миға шабуыл, топтастыру, ідендіру, ойын элементтері.
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, зейіндерін сабаққа аудару, сабақ мақсатын таныстыру.
Сабақ құрылысы. Өткен сабақтарға шолу
А)Миға шабуыл (Зымыран сұрақтар)
Ә) 116-117 – жаттығуларды тексеру
Б) Топтастыру стратегиясы Жемісті себет
Суреттер сөйлейді (дәптермен жұмыс)
Сергіту сәті. (Қыз қуу)
Ой дамыту (сөз мәдениеті)118-жаттығу
Сабақты қорытындылау «Венн диаграммасы»
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Миға шабуыл (Зымыран сұрақтар) Лексика деген не?
2. Омоним деген не?
3. Тура мағына деген не?
4. Жарық сөзінің антонимі?
5. Сұлу сөзінің синонимі
6. Эвфемизм дегеніміз не?
7. Тұрақты сөз тіркесі дегеніміз не?
8. Идиома дегеніміз не?
9. Синонимдес тұрақты тіркес айт.
10. “Білім” туралы мақал айт Лексика салаларын ата?
тіркес баламаларын тауып себеттеріне жеміс жинайды.
1. Бармағын шайнау- өкіну
2.Ит арқасы қиянда- алыс
3.Жұлдызы қарсы- араз
4.Мысы құру- амал жоқ
5.Көзді ашып – жұмғанша –тез, лез.
6.Сабасына түсу- ашуы тарқау
7.Ат ізін салмау- хабарласпау
8.Жағасын ұстау- таңдану
9.Қалпақтай ұшу- құлап түсу
10.Сілтідей тыну- тым-тырыс болу
11.Мұртын балта шаппау- дүниесі түгел
12.Сағы сыну- беті қайту
13.Сөзінің жаны бар- айтқаны дұрыс
14.Іш тарту - жақын тұту
15.Қолды болу - ұрлану
16.Сіркесі су көтермейді - ештеңені көңілі жақтырмайды