Сабақтың тақырыбы: "Тұрақты тіркестер және оның ерекшелігі"



бет1/3
Дата27.05.2022
өлшемі1,02 Mb.
#145239
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
turakty-tirkester-5669bb9039ee7 (1)
7кл Жануарлардағы тура және түрленіп даму онтогенез типтері, «Ортаңғы топ балаларының есте сақтауына арналған нұсқаулықтар»
  • “№32 жалпы орта білім беретін мектеп”КММ
  • Сабақтың тақырыбы:
  • “Тұрақты тіркестер және оның ерекшелігі”
  • Пәні қазақ тілі
  • Пән мұғалімі:
  • Кенжебаева А.О.
  • Сабақтың мақсаты
  • Білімділік: оқушылардың тұрақты тіркестер туралы
  • лингвистикалық білімдерін кеңейту және оның
  • ерекшелігін айту жаттығу жұмыстары мен қосымша
  • тапсырмалар арқылы бекіту. 
  • Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке
  • баулу, Отанды сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. 
  • Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық
  • дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген
  • қызығушылықтарын арттыру, қисынды ойлауға
  • дағдыландыру. 
  • Сабақтың типі: ашық сабақ
  • Сабақтың түрі: Блум таксономиясы
  • Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, мағынасын тану
  • Сабақтың барысы
  • Сабақтың барысы:
  • Ұйымдастыру кезеңі.
  • а) Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу;
  • ә) Үй тапсырмасын сұрау:
  • б) зейіндерін сабаққа аудару.
  • Білу. Өтілген тақырыптарды пысықтау мақсатында «Бастаңғы» ойынын ойнау. Балалар, үй тапсырмасының қаншалықты орындалғанын тексеру үшін, сендерді «Бастаңғы» ойынына қатысуға шақырамын. «Бастаңғы» сөзінің мағынасын көбіміз біле бермейміз.Әуелі түсіндіріп өтейін. Халқымыздың жақсы дәстүрлерінің бірі – бастаңғы жасау. Үлкендер жолға шығып немесе қонаққа кеткенде үйде қалған қыз-бозбалалар өздері оңаша тамақ пісіріп, көрші-көлемдегі құрбыларын шақырады. Ән салып, домбыра тартып, әзіл-қалжыңдары жарасып отырыс құрады. Өнер жарысы болады.Балалар, сендер де бастаңғыға бара аласыңдар. Міне, бастаңғы дастарханы сіздерді күтіп тұр.Бірақ, онда бару үшін, мына үстел үстіндегі ұлттық тағамдарды дастархан үстіне апарып қою керек.Ал, ол тағамдарды апару үшін, артындағы сұрақтарға жауап беру керек.Қане, кім қай тағамды қояды?
  • Тілімізде еркін сөз тіркестері, тұрақты сөз тіркестері деген ұғым бар.
  • Еркін сөз тіркестері мен тұрақты сөз тіркестерін
  • Тұрақты тіркестер
  • Таза дәптер, әдемі киім, әдепті оқушы, баланың ісі, үздік оқушы, жақсы адам,кең бөлме, ашық есік, т.б.
  • Тайға таңба басқандай (анық), жүрек жұтқан(батыр), тіс жармау(үндемеу), бармағын тістеу(өкіну), мұрнын көкке көтеру(менменсу),
  • Бетінен оты шығу(ұялу), қолы ашық(жомарт),т.б.
  • Құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге немесе басқа сөзбен орнын ауыстыруға бола беретін тіркестерді еркін тіркестер дейміз.
  • 2. Құрамындағы сөздер жеке-жеке мағынаны білдіреді.
  • 3. Құрамындағы сөздер жеке-жеке сұраққа жауап беріп, екі сөйлем мүшесі болады.
  • 1.Құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге немесе басқа сөзбен орнын ауыстыруға болмайтын тіркестерді тұрақты тіркестер дейміз
  • 2. Құрамындағы сөздер жеке-жеке мағына бермей, барлығы тұтас бір мағынаны білдіреді.
  • 3. Бір сұраққа жауап беріп, бір сөйлем мүшесі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет