Сабақ жоспары
Пән аты: Қазақ тілі.
Сыныбы: 5
Күні, айы, жылы:
Тоқсан: ІІ
Сабақтың тақырыбы: Тұрақты тіркестер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың тұрақты тіркетер туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту, синтаксистік талдау жасау дағдыларын дамыту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, Отанды сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, қисынды ойлауға дағдыландыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Тұрақты тіркестер (фразеологизмдер ) – екі немесе бірнеше сөздің тіркесуі арқылы бір ғана мағынаны білдіретін сөз тіркестері. Фразеологизмге тән мағына тұрақты тіркесті құрастырушы сөздердің жеке мағыналарына үнемі сәйкес келе бермейді, сыңарлары тұтасып барып, бір ғана мағынаны білдіреді. Мысалы: тас бауыр деген тұрақты тіркестің мағынасы - мейірімсіз болса, су жүрек деген тіркестің мағынасы –қорқақ.
Тұрақты тіркесті құрайтын сөздер бұрыннан қалыптасқан жүйемен айтылады. Олардың сыңарларының орнын ауыстыруға немесе басқа сөзбен алмастыруға келмейді: Мысалы: тайға таңба басқандай дегенді жылқыға таңба басқандай деп бір сөзін алмастырып айтуға болмайды. Онда ол фразеологизм болудан қалады. Тұрақты тіркестер даяр қалпында жұмсалады, сөйлемнің құрамына бір бүтін тұлға ретінде енеді.
Тұрақты тіркестердің синонимдік баламалары болады, яғни оларды мағынасы жағынан жақын сөздермен түсіндіруге келеді. Мысалы: қыздың жиған жүгіндей деген тұрақты тіркестің баламасы (синонимі)- әсем, көрікті, көркем, ал ит терісін басына қаптады деген ұрысты, балағаттады, сөкті дегендердің орнын басады. Кей бір тұрақты тіркестердің бір –бірімен өзара синоним болып келетіндері де бар: азар да безер болды, ат тонын ала қашты; көз ілмеді, көрер таңды көзімен атырды, түн ұйқысын төрт бөлді және т.б.
Тұрақты тіркестер мән мағынасы жағынан бір –біріне қарама–қарсы (антоним) болып та келеді. Мысалы: ит терісін басына қаптады –басынан сипады, ат ізін салмады –ат ізін құрғатпады, бетінен оты шықты –беті бүлк етпеді,айы оңынан туды –жолы болмады және т.б.
Тұрақты тіркестер де –ойды көркемдеп, әсерлі жеткізудің құралы.
VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
І деңгей
Тұрақты тіркестердің деген не?
Тұрақты тіркестің мағынасын түсіндір.
Төтесі көкке жетті, жерге қаратты, жер – жебіріне жетті, түйені түгімен жұтқан, мұрнынан шаншылып жүр, көзін тырнап ашқалы.
ІІ деңгей
1.Тұақты тіркестердің еркін сөз тіркестерінен айырмашылығы неде?
2.Төмендегі тұрақты тіркестерге синоним болатын тұрақты тіркестерді жаз.
Табанын жерге тигізбейді, саусақпен санарлықтай, сақалды басымен, езуі жиылмады, көрер таңды көзімен атырды.
ІІІ деңгей
«Жамбасы жерге тимеген» деген тіркестің мағынасын түсіндір және осы тіркесті тақырып етіп алып, тіркестің мағынасына лайық палуан туралы мәтін құра.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
Кітаппен жұмыс:
109 – жаттығу
Төмендегі тұақты тіркестерді жаттап алыңдар.
Қайсылары антонимдік қатар, қайсылары синонимдік қатар құрап тұрғанын табыңдар.
Тұрақты тіркестердің мағыналарын балама сөздермен ашыңдар.
111 – жаттығу
Мәтінді оқып, ат қойыңдар.
Тұрақты тіркестерді теріп жазыңдар.
Мәтіндегі тұрақты тіркестерді олардың синонимдерімен ауыстырып жазыңдар.
VІІІ сабақты бекіту:
Бағалау
Үй тапсырмасын беру.
Тұрақты тіркестер туралы түсінік.
112 - жаттығу
Достарыңызбен бөлісу: |