Сабақтың тақырыбы: Тұрақты тіркестің ерекшелігі (5- сынып) Мақсаты



Дата26.08.2017
өлшемі69,46 Kb.
#29181
түріСабақ
Сабақ жоспары

Сынып: 5 «Ә»

Күні: 23.11.2015

Сабақтың тақырыбы:      Тұрақты тіркестің ерекшелігі  (5- сынып)

Мақсаты:                             Тұрақты сөз тіркестерінің өзіндік ерекшелігін

таныту


Міндеттері Қазақ тіліндегі сөз байлығының бір саласы

тұрақты тіркестердің өзіндік ерекшелігін таныту.



 

Білімділігі                 Күнделікті тілде жиі қолданылатын еркін

тіркестерден айырмашалаған меңгерту арқылы

тілдегі сөз қолданыстарының өзіндік ерекшелігін

үйрету.


Дамытушылығы    Түрлі шығармашылық тапсырмалар беріп,

оқушылардың логикалық ойлауын, яғни тұрақты

тіркесті тани білуге үйрету.

Тәрбиелілігі               Ата –бабадан қалған ана тілдің құдіретін танып

асыл мұрамыздың сөйлеу тілінде қолданып, сөз

мағынасын ұға білуге тәрбиелеу.

Әдісі:                                     Түсіндірмелі

Типі:                                     Білік пен дағдыны қалыптастыру
Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру бөлімі     

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу;

ә) зейіндерін сабаққа аудару.

Б)Сабақтың мақсатын мен міндетін айту.



 ІІ. Өткен тақырып бойынша сұрақтар қою

Тақтада кесте бойынша берілген мысалдарды тиісті жерге орналастырады.


ІІІ. Жаңа сабаққа бет бұру кезеңі

  1. Тілімізде еркін сөз тіркестері, тұрақты сөз тіркестері деген ұғым бар.

Еркін сөз тіркестері Тұрақты тіркестер

Таза дәптер, әдемі киім, Тайға таңба басқандай (анық),

әдепті оқушы, баланың ісі, жүрек жұтқан(батыр),

үздік оқушы, жақсы адам,кең тіс жармау(үндемеу),

бөлме, ашық есік, т.б. бармағын тістеу(өкіну),

мұрнын көкке көтеру(менменсу),

Бетінен оты шығу(ұялу),

қолы ашық(жомарт),т.б.

1.Құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге немесе басқа сөзбен орнын ауыстыруға бола беретін тіркестерді еркін тіркестер дейміз.

2. Құрамындағы сөздер жеке-жеке мағынаны білдіреді.

3. Құрамындағы сөздер жеке-жеке сұраққа жауап беріп, екі сөйлем мүшесі болады. 1.Құрамындағы сөздердің  орнын өзгертуге немесе басқа сөзбен орнын ауыстыруға болмайтын тіркестерді тұрақты тіркестер дейміз

2. Құрамындағы сөздер жеке-жеке мағына бермей, барлығы тұтас бір мағынаны білдіреді.

3. Бір сұраққа жауап беріп, бір сөйлем мүшесі болады.
Тапсырмалар:


  1. Еркін тіркес пен тұрақты сөз тіркесін ажырату.

Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс.

Жүрек  жұтқан, жүректі емдеу, жерге кіріп кете жаздау, жер қазу, ауызша айту, үріп  ауызға салғандай, құлақ қою, үлгілі бала.




  1. Сәйкестендіру.

1.Бетінен оты шығу Ат ізін салмау

2.Ат ізін құрғатпау Беті шімірікпеу

3.Ит өлген жер Көңілі тасу

4.Құлақ аспау Таяқ тастам жер

6.Көңілі басылу Құлақ қою

  1. Оқулықпен жұмыс

Дарынды оқушылармен жұмыс.

119- жаттығу.  Кітап туралы мақал –мәтел, нақыл сөздер айту. Жаттығудағы пікірлерге оқушылар өзіндік пікірі білдіреді.  Берілген сөздердің  тұрақты тіркестер екенін  дәлелдеу керек. Берілген сөйлемнен тұрақты тіркесті тауып, мағынасын ашу.

Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық. Ол әңгімеге араласпай, аузын буған өгіздей тұрды да қойды. Ел аузына қақпақ болып көрші, бірақ ол қолыңнан келмейді. Жаңағы сөздерің төбемді көкке жеткізгендей болды. Бастапқы сөзден беті қайтып қалған үй иесі еш нәрсе де сұрай алмады. Екі ел тонның ішкі бауындай күй кешті.Қасқырды көргенде Жандостың жүрегі тас төбесінен шықты). Канал қазылады дегеннен, Сырбайдың қуанышы қойнына сыймады.  Мен қарттың терісіне сыймай отырғанын көрдім. Үшеуі қосылып алып, үйді басына көтерді.


  1. «Әзіл аралас сұрақтар»
    Мағынасы қисық сұрақтар қойылады. Оқушылар оған тұрақты тіркеспен жауап береді.
    1. Адамның төбесі аспанға жете ме? (төбесі көкке жетті)
    2. Ат ізін сала ма? (ат ізін салып, іздеді барып қайтты)
    3. Екі аяқ бір етікке сия ма? (екі аяғымыз бір ектікке тығылды)
    4. Адамның қай жерінде нан піседі? (кеудесіне нан пісу)
    5. Мәселені қабырғамен шеше ме? (қабырғаңмен кеңес)
    6. Қар жана ма? (қалауын тапса, қар жанар) 
    7. Қорқақ адамның жүрегі қандай? (су жүрек) 
    8. Қай мал аузынан шөп алмайды? (қой аузынан шөп алмас)


Бекіту

Әдебиет сабағында өткен түрлі тақырыпта кездесетін тұрақты тіркесті табайық.  





Тұрақты тіркес

Мағынасы

Қай шығармадан

1

Келінім ақылды екен, тілін бекерге алмаған екем

Тыңдамаған екенмін

«Ер Төстік»

2

-Е,шырағым, жасым сексенге келгенде, біреудің қанын жүктеп не қылайын

Жазықсыз өліміне себеп болу

«Аяз би»

3

Өз әкесінің айтқаны ойына түсіп, кірпігін ілмей жатады

Ұйықтамайды

«Ер Төстік»

4

Құралайды көзінен тигізген мерген болыпты

Мерген

«Керқұла атты Кендебай»

5

Кемпірдің алдағанын біліп, санын бір-ақ соғып тұра жөнелді

Өкініп

«Ер Төстік»

6

Қуса жетіп, қашса құтылатын аузымен құс тістеген өрен жүйрік

Жүйрік

«Керқұла атты Кендебай»

7

Атқа тіл бітеді

Сөйлейді

«Ер Төстік»


8

Көзді ашып жұмғанша ағып бара жатып салып кетеді

Тез, жылдам

«Керқұла атты Кендебай»



Венн диаграмасы
Тұрақты тіркес                         Ұқсастығы                      Еркін сөз тіркесі

 

1.Басқа сөзбен                           Кем дегенде екі сөздің         1. Әр қайсысы толық

алмастыруға келмейді              тіркесінен тұрады.                 мағыналы болады.

2.Бір сұраққа жауап                                                                  2. Әрбір сыңары жеке

береді                                                                                          сұраққа жауап береді.

3.сөзбе-сөз аударылмайды                                                       3. Сөзбе –сөз аударылады


  Үйге  тапсырма: 122 – жаттығу. Бір –біріне синоним, антоним болатын тұрақты тіркестерді табу 
Рефлексия: Нені білдім, нені үйрендім, нені білгім келеді?
 Оқушы білімін бағалау.Сабақты қорыта отырып,оқушыларды білімдеріне қарай бағалау.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет