Сабақтың тақырыбы: Түрік империясы - көшпелілер мемлекеттілігінің классикалық үлгісі
Ежелгі түркілердің шығу тегін көне аңыздар мен жазбалар Ұлы даланың тұрғындары- турлармен байланыстырады. Түркі сөзі «әскери ақсүйек» деген сөзден шыққан деген жорамал бар.Қытайлар түріктерді ғұндардың ұрпақтары деп есептейді.
Бумын қаған (? – 552 ж.) – түркілердің өздері «Мәңгі ел» деп атаған әйгілі Бірінші Шығыс Түркі қағанатының негізін қалаушы тарихи ұлы тұлғалардың бірі. Түркі елі жиналып, Бумынды ақ киізге көтеріп, «Ел қағаны» деп жариялады. Әйеліне «Ел Білге қатын» деген атақ берді. Бірақ Бумын қаған өзі орнатқан қағанаттың дәуірлеп дүркірегенін көре алмады. 553 жылдың қозы айында өз ажалынан қайтыс болды.Оның алғаш тарихқа танылуы түркі еліне Батыс Вей империясының елшілерінің келуімен тікелей байланысты. Бұл кезде түркі елі Жужан қағанатының құрамындағы, соларға темір кенін өндірумен айналысатын бодан ел болатын. Бумынның бұл кездегі билік лауазымы ұлы йабғу (даиеху). Оған ол түркі елінің басшысы болған әкесі Ту (Туву) өлгеннен кейін, мұрагерлік жолмен ие болған.
«Жыу кітабы» (Жыушу): «Осы кезде (546ж.) телылар жужандарға қарсы жаза жорығына шығады. Тумын (Бумын) өзіне қарасты тайпаларды бастап, оларға орта жолда бүйірден тиісіп, талқанын шығарады. Сөйтіп 50 мың түтіндік бүкіл елін бағындырады» деген дерек береді.
Қытайдың «Батыс өңір баянында» хан ордасы Жұлдыз өзенінің бойында тігілген, Қаған 553 жылы қаза болып, Мұқан қаған болды.Осы қағанның кезінде Түрік қағанының тасы өрледі. Қаған айналасындағы елдерді қосып алып ,554 жылы Түрік империясын құрады Бумын қағанның інісі Істеми 572-576жж қаған бастаған түркі әскерлері Батыстағы елдерді бағындыру әрекетін жүргізді. Қытай деректемелеріне қарағанда, б.з. 555 ж. Істемидің (Силзебул) Орта Азияға қарай жасаған жорықтарының бірінде Арал теңізіне дейін жеткендігін хабарлайды. Ал «Күлтегін» үлкен жазуында Мұқан мен Істеми қағандардың өз халқын «Темір қақпаға» дейін орналастырған. Мұндағы темір қақпа деп отырған жері Соғды елі мен Тохарстан
елінің арасында Байсын тауындағы өткел. Түрік қағанатының күшейіп, саяси жағынан белсенділігі артып, тарих сахнасына шыққан кезі VI ғасырдың ортасы. Бұл кезде түрік қағанаты Істеми Силзебул Орта Азиядағы эфталиттерді өздеріне толық бағындыруға әрекет жасайды. Алайда бір шеті Каспий теңізінен, екінші шеті Солтустік Үнді ойпатына дейінгі ұлаң-ғайыр жерді алып жатқан эфталиттерді жеңе қою оңайға түсе қоймайтыны білген түрік қағаны Иран шахы Хұсрау I Ануширванмен келісімге келеді (561-563 жж.).
563-567 жылдары эфталиттермен болған ұрыстарда түрік қағанаты жеңіске жетеді.
VI ғ.70 ж Түрік империясы шекарасын Солтүстік Кавказ бен Қаратеңіздің солтүстік жағалауына дейін кеңейтті. Батыс Түркі шежіресінде : «Істеми қағанның жүз мың тулық жасағы бар, батыс өлкедегі елдерге жорық жасап ,өзін қаған санаған, он ұлыс елі бар қаған»,-деп жазылған.Олар сасандық Ираннан 4000 мың рим ақшасына тең салық алып отырған.
Достарыңызбен бөлісу: |