Сабақтың тақырыбы: Түрік империясы көшпелілер мемлекеттілігінің классикалық үлгісі



бет2/2
Дата07.02.2022
өлшемі15,64 Kb.
#87465
түріСабақ
1   2
Байланысты:
түрік имп
экономика негіздері 1
Көк бөрі атауы қайдан шықты
Міне, осы тұста Алтай тауын паналаған көкбөрілер тайпасының ес жия бастағаны туралы Қытай және Еуропа жылнамаларында жазылып қалған мынандай бір дерек: босқан жаудан қорғану үшін пана іздеген бес жүз үйлі ғұн жұрты Сарыжайлаудан Алтайға үдере көшеді. Солардың соңына түскен аңдушы дұшпан оларды қырып тастайды. Осынау қырғын кезінде аяқ-қолы бірдей шабылған жалғыз бала аман қалады. Әлгі баланы көк бөрі тауып алып, сүтімен асырайды. Ер жеткен соң осы баладан көкбөрілер тарайды.
Ұлы ғұндардан қалған бір қауым елдің Сарыжазықтан үдере көшіп, Алтайдың қойнауындағы жан-жағын тау қоршаған оқшау жазықты паналағаны шындық. Елдің көсемін қытайлар Ашина, яғни, қытайша «мейірімді бөрі» деп атаған.Көкбөрілер тайпасының кейінгі ұрпақтары түркілер Қиыр Шығыстағы Хинган тауларынан Қап тауына дейінгі ұлан-ғайыр аймақты бағындырған. Олар бөріні кие тұтқан, бейнесін әскери байрақтарында бедерлеген.



Деректер

Еңбектер

Мәліметтер

1

Қытай

1.«Жыу кітабы»
2.«Батыс өңір баяны»

546 ж. жужандарға Бумын қаған жорық жасап 50 мың түтін жужандарды бағындырады. Хан ордасы Жұлдыз өзенінің бойында болған, Қаған 553 жылы қаза болып, Мұқан қаған болды.Оның кезінде Түрік қағанаты күшейеді. Қаған айналасындағы елдерді қосып алып , 554 жылы Түрік империясын құрады. Бумын қағанның інісі Істеми қаған 572-576 жж бастаған түркі әскерлері Батыстағы елдерді бағындыру әрекетін жүргізді. б.з. 555 ж. Істемиди Арал теңізіне дейін жеткен

2

Түркі шежіресі

1.«Күлтегін» үлкен жазуы
2.Батыс Түркі шежіресі

Мұқан мен Істеми қағандар өз халқын «Темір қақпаға» дейін орналастырған. Темір қақпа деп отырған жері Согда елі мен Тохарстан елінің арасында Байсын тауындағы өткелІстеми қаған жүз мың тулық жасағымен , батыс өлкедегі елдерге жорық жасаған, Олар сасандық Ираннан 4000 мың рим ақшасына тең салық алып отырды.


Түрік империясының басқару жүйесі
Қағанды ақ кигізге отырғызып хан сайлаған.
Мемлекеттік ірі лауазымдарға қаған әулетінің мүшелері сайланған.
Қаған-мемлекет басшысы
Жабғу –бас уәзір
Шад- тайпа басшысы
Қара будын-қарапайым халық
Тат- тұтқынға түскендер, құлдар мен күңдер.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет