Кері байланыс (оқушы жауабына байланысты)
2-тапсырма
3-жаттығу
«Теміржол көлігі туралы» № 266 Заң стилін, терминдер мен тілдік оралымдарды анықтау
Ресми іскерлік стиль
Терминдер:
Платформа – поезға мiнетiн жеpдегi биiктеу алаң.
Перрон – вокзалдың поезд тоқтайтын, жолаушылаp жүpiп-тұpатын алаңы
Пандус –мүгедектер арбасына арналған жер.
Тілдік оралымдар:ана мен бала бөлмесі, билет кассалары, ақпараттық қызмет көрсету нысандары, қоғамдық тәртіпті сақтау пункті
3-тапсырма
Берілген мәтінді абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау
|
Мәтінді оқиды.
Мәтіннің стилін анықтайды.
Мәтінннің жанрын анықтайды.
Терминдер мен тілдік оралымдарды талдайды.
Заң стилін анықтайды.
Терминдер мен тілдік оралымдарды анықтайды.
Мәтінді абзацқа бөледі.
Стильдік түзетулер енгізеді, редакциялайды
|
Өзін-өзі бағалау
Бірін- бірі бағалау
Дескриптор
Абзацтарды анықтайды.
Стильдік түзетулер енгізеді.
Мәтінді редакциялайды.
|
|
Соңы
5 мин
|
Рефлексия
Оңай/қиын
Үйге: 6
|
Сабақта қай тапсырма оңай , қай тапсырма қиын болғаны және себебін, шығу жолын айтады.
|
|
|
Қазақстанды Ресейдің отарлауы — 1731 жылы Кіші Жүз ханы Әбілқайырдың Ресейге қосылуынан басталды (қ. Әбілқайыр). Бұл процесс 130 жылдан аса уақытқа созылып, ХІХ ғасырдың 60 жылдарының ортасына қарай толық жүзеге асырылды.
Бүгінгі біздің кейіпкеріміз – көп жылдар темір жол саласында жолсерік болып қызмет етіп, пойыз бастығына дейін көтерілген жан. 8 наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңында Алматы-Өскемен пойызының басшысы Бибажар Күлебаевамен сұхбаттасқан едік.
Ол 1966 жылы Жамбыл облысы Сарысу ауданы Ақтоғай ауылында өмірге келген. Ауылда сегізінші сыныпқа дейін білім алып, кейін Алматыдағы тоқыма училищесіне түседі. Оны тәмамдаған соң Қазақ қатынас жолдары университетінде теміржолшы мамандығы бойынша білім алған. 1993 жылдан бері теміржол саласында жолсерік болып жұмыс істеген. 2007 жылдан бастап пойызға басшылық етуде, қазір №351-352 Алматы-Өскемен жолаушылар пойызының бастығы.
Өмірінің көп сәтін жол бойында жүруге арнаған Бибажар үшін пойызбен адам тасу оның жұмысы ғана емес, үлкен жауапкершілігіне айналған. Ол күнделікті жолда жүретіндіктен, түрлі жағдайға тап болып, естен кетпес оқиғаларға куә болғанын айтады.
Теміржол саласы халыққа қызмет көрсететіндіктен, жолсеріктер мейрамда демалмай жұмыс істейді екен.
Пойыз үнемі жүріп- тұру керек. Қызметшілердің кезегі қалай келеді, солай жұмысқа шығып отырады. Біздің кейіпкеріміз Жаңа жыл, 8 наурыз және тағы басқа мейрамдарды жолда талай қарсы алыпты. Биылғы 8 наурыз бен 22 наурыз мейрамында да жолда болатынын айтады.
Бибажар –отбасында екі қыз бен бір ұл тәрбиелеп өсірген адам. Қазір алты немересі бар. Көбінде жолда жүретіндіктен, балалар да соған үйренгенін айтады. Алғашқы кездерде балаларды сағынып, қиын күндерді басынан өткеріпті. Бибажардың бір қызы анасының жолын қуып, теміржол саласында жұмыс істеп жүр екен. Ол біраз жыл жолсерік болып жұмыс істеген. Қазір бала тәрбиесімен үйде отырған көрінеді. Тағы бір қызы Қазақ көлік және коммуникациялар оқу орнын есепші мамандығы бойынша бітіріпті. Ұлы әскери қызметте жұмыс істейді.
Сөз арасында ол қазір пойыздың вагондары жылдан-жылға жаңарып, халыққа қызмет көрсету сапасы да артып келе жатқанын айтты.
Ә.Мұсақаев
Бүгінгі біздің кейіпкеріміз – көп жылдар темір жол саласында жолсерік болып қызмет етіп, пойыз бастығына дейін көтерілген жан. 8 наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңында Алматы-Өскемен пойызының басшысы Бибажар Күлебаевамен сұхбаттасқан едік.
Ол 1966 жылы Жамбыл облысы Сарысу ауданы Ақтоғай ауылында өмірге келген. Ауылда сегізінші сыныпқа дейін білім алып, кейін Алматыдағы тоқыма училищесіне түседі. Оны тәмамдаған соң Қазақ қатынас жолдары университетінде теміржолшы мамандығы бойынша білім алған. 1993 жылдан бері теміржол саласында жолсерік болып жұмыс істеген. 2007 жылдан бастап пойызға басшылық етуде, қазір №351-352 Алматы-Өскемен жолаушылар пойызының бастығы. Өмір бойы жол бойында жүретіндіктен, Бибажар үшін пойызбен адам тасу оның жұмысы ғана емес, үлкен жауапкершілігіне айналған. Ол күнделікті жолда жүретіндіктен, түрлі жағдайға тап болып, естен кетпес оқиғаларға куә болғанын айтады. Теміржол саласы халыққа қызмет көрсететіндіктен, жолсеріктер мейрамда демалмай жұмыс істейді екен. Пойызға тоқтауға болмайды. Қызметшілердің кезегі қалай келеді, солай жұмысқа шығып отырады. Біздің кейіпкеріміз Жаңа жыл, 8 наурыз және тағы басқа мейрамдарды жолда талай қарсы алыпты. Биылғы 8 наурыз бен 22 наурыз мейрамында да жолда болатынын айтады. Бибажар –отбасында екі қыз бен бір ұл тәрбиелеп өсірген адам. Қазір алты немересі бар. Көбінде жолда жүретіндіктен, балалар да соған үйренгенін айтады. Алғашқы кездерде балаларды сағынып, қиын күндерді басынан өткеріпті. Бибажардың бір қызы анасының жолымен кетіп, теміржол саласында жұмыс істеп жүр екен. Ол біраз жыл жолсерік болып жұмыс істеген. Қазір бала тәрбиесімен үйде отырған көрінеді. Тағы бір қызы Қазақ көлік және коммуникациялар оқу орнын есепші мамандығы бойынша бітіріпті. Ұлы әскери қызметте жұмыс істейді. Сөз арасында ол қазір пойыздың вагондары жылдан-жылға жаңарып, халыққа қызмет көрсету сапасы да артып келе жатқанын айтты.
Достарыңызбен бөлісу: |