Сабақтың тақырыбы: Тұрлаулы мүшелер Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға тұрлаулы мүшелер туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік туғызу. Сөйлем құрауға негіз болатын сөздерді табуға үйрету. 2. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту. 3. Туған жер мен елге деген құрметін қалыптастыру, экологиялық білім беру. Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта , суреттер, сызбалар, үлестірмелік қималар, тест.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық дайындық. Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені, Болашағым, бақытым дара тілім. ІІ. Өткенді пысықтау. Сұрақ-жауап. 1.Сөйлем нені білдіреді? (Тиянақты ойды білдіреді) 2. Сөйлем неден құралады? (Сөздерден) 3. Сөйлемнің қандай түрлері бар? (Хабарлы, сұраулы, лепті) 4. Сөйлем мүшелері дегеніміз не? (Нақты сұраққа жауап беретін толық мағыналы сөздер) 5. Сөйлем мүшелерін ата (Бастауыш, баяндауыш) 6. Бастауыш дегеніміз не? (Қимыл, іс-әрекет иесін білдіретін сөзді айтамыз) 7. Баяндаыш дегеніміз не? (Бастауыштың ісін, қимылын білдіретін сөздер) ІІІ. Жаңа сабақ -Балалар , бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы : "Тұрлаулы мүшелер". Ереже: Сөйлем құруға негіз болатын сөздер сөйлемнің тұрлаулы мүшелері деп аталады. IV.Оқулықпен жұмыс. 60-жаттығу (ауызша) Қар жауды. Бүгін жапалақтапқар жауды. Қар жауды - сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.Ол бастауыш пен баяндауыштан тұрады. Тұрлаулы мүшелер негізгі ойды білдіреді. Бірінші сөйлем тек тұрлаулы мүшелерден тұрса, екінші сөйлемде бастауыш пен баяндауыштан басқа да сөздер қолданған. 61-жаттығу. Сөйлемді оқы. Тұрлаулы мүшелерді тап. Мектепте асхана бар. Аспазшы тамақты дәмді пісіреді. Балалар үзілісте асханаға келді. Сергіту сәті. Аспанға қарап ай көрдім, Төменге қарап жер көрдім. Оңға, солға бұрылып, Егеменді ел көрдім.
62-жаттығу. Мәтінді тиісті тыныс белгісін қойып көшіріп жаз. Балалар Ақлима әжеге көмекке келді. Қыздар үй тазалады. Ұлдар отын жарды. Ақлима әжей балаларға риза болды. * Тұрлаулы мүшелердің астын сыз. *Мәтінге тақырып қой.
3. Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы сөздерді:
А) Сөз таптары дейміз
Ә) Сөйлем мүшелері дейміз
Б) Сөз дейміз
4.Баяндауыштың сұрақтарын тап:
А) Кім? Не? Кімдер? Нелер?
Ә) Қандай? Қай?
Б) Не істеді? Не қылды? Қайтты?
5.Бастауыштың іс қимылын білдіретін сөзді тап:.
А) Етісітік
Ә) Зат есім
Б) Баяндауыш
6.Бастауыштың сұрақтарын тап:
А) Қандай? Қай?
Ә) Неше? Нешінші? Б Кім? Не? Кімдер? Нелер? VII. Қорытынды.
Нені білемін Нені үйрендім? Нені білгім келеді? Бастауыш Кім? Не? Кімдер? Нелер? Сөйлем талдауды. Басқа да сөйлем мүшелерімен танысқым келеді Баяндауыш Не істеді? Қайтті? Не қылды? Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.