2.Қимыл-қозғалыс ойындарын ұйымдастыруда нені ескеру керек ?
Мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл-қозғалыс ойындарын ұйымдастыру және ерекшеліктері.
Қимылды ойындар балалардыың өздерінің білімдері мен ептіліктерін ойындардың қүбылмалы жағдайларында нақтылы қимылдық тапсырмаларды орындау үшін қолдануына мүмкіндік береді. Қимылды ойындар шартын орындаудың міндеттілігі балаларды тәртіптендіреді, еркінділікке тәрбиелейді. Ойын мақсатына жету үшін қимыл тәсілдерін өз бетінше таңдап ала білуді қажеттілігі өзіндіктің, инициативаның, жеке басының және басқа сапаларының қалыптасуына жағдай жасайды. Қимылды ойындарда тәрбиешінің балалармен араласуға кең мүмкіншілігі бар. Тәрбиеші ойынның мазмұнын, оның шартын әңгімелейді. Балалар жаңа сөздердің мәнін біледі. Сөзге белсене араласу, сондай-ақ тексті және әнді айта жүріп ойнауларын қалыптастырады.
Белгілі бір сюжеті және белгіленген шарты бар қимылды ойындар анағұрлым күрделірек болады. Мұнда ойнаушылардың шығармашылық әрекеттері орындайтын рөльдеріне («Аққу-қаздар», «Соқыр теке», және басқа) байланысты болады. Шығармашылық рольдік қимылды ойындардың шарты балалардың ойын кезіндегі мінез-құлықтарын реттейді,ойындардың өзінің жүргізілу барысын нақтылайды.
Өзге ойындарда бекітілген сюжет болмайды. Олар ойыншылардың әлдебір нақтылы қимылдық тапсырмаларды («Маған қуып жетіңдер», «Шағынқақпаға қарай» және басқа), әлдебір заттарды әрекеттерді (кегельдер, серсо, классы, бабки, шығыршық лақтыру), орындауларына негізделген.
Қимылды ойындар бала денесінің жан-жақты дамуына ықпал еткенмен, бағдарламада олар негізгі қимыл түрлері бойынша жүйеленеді: жүру, жүгіру, еңбектеу және өрмелеу; секектену және секірулер; лақтыру жәнеқағып алу, сондай-ақ кеңістіктегі бағдарлау ойындары. Бұлайша болу педагогикалық міндеттерге сай жүктелетін ойындарды тәрбиешінің іріктеп алуын жеңілдетеді.
Ойындарды жоғары, орташа және аз қимылдылар деп бөлінеді. Қозғалғыштық дәрежесі баланың ойындағы қозғалыс интенсивтілігімен және оның белсенділігі мен, сондай-ақ ойында белсенді әрекет жасаушы балалардың санасына қарай анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |